Скачать/Жүктеу
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретіңде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылык, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес Қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, занда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларынын жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады [19, 265].
Біріншіден, қылмыстық шара — мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодекте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот кылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіңдегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстін 38-бабында «жаза дегеніміз соттын үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы», — делінген.
Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, крғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірден-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны колдану — тек қана соттың құзыреті.
Үшіншіден, занда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төтіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайыңдалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе занды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Кылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар соттағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, занды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке көсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағыңда міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық занда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «адам өз кінәсі анықталған қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті», — делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінін істеген қылмысының коғамға қауіпті мәні жойылса немесе онын өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады. Кылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін [20, 147].
Кылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің, жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге занда көрсетілген негізде ерекше жаза — өлім жазасын тағайындауы да мүмкін, Сөйтіп, кез келген қылмыстық жазатағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қоддану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғаңдар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазанын мақсаты — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған [21, 249].
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру дегеніміз кылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстын қоғамға қауіптілігі, келгірілген зиян мелшері, жаза тағайындаудын басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік қатаң әділетгілікті қалпына келтіру үшін зандылық принциппен басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның максаттары кылмыстык құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстін 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен езге де қылмыстық-құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы кәздеген мақсатына жетуінін кұралы — сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орывдау рухында тәрбиелеу больш табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған түлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан корықса да қылмыс істемейтін, зақ талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты — басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп журген, қылмыс істеуі мүмкін, тұрасыз элементтерге бағытталады.
Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қоркыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясынын бір көрінісі больш табылады. Қылмыстық кұқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлык азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінін қорғалуының, құқықтәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза — қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық кұқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өінде қарама-кайшылық жоқ па екен деген занды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек кою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазанын мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза кылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына занда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады [22, 123].
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналаскдн жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңнын өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудын шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазанын, түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
- Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
- Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза
түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану кұқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
- Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
- Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімдеұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім.
Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазанын мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарыңда «Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн[23, 456].
Қылмыстық, заңның баптарынын санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, кабылданған шешімнің дәлеллерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде керсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық занның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нін 55-бабында керсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нін 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК бабтарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданыдуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру, арнайы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру қосымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бұндай жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалынуы керек. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нің 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті ұсыныс енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің41 немесс 50-баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек», — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, колданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнін қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотгалған кезде ол жауапка тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза колдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырьш, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек кана негізгі жазаға қосыльш тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе қүрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларыыан айыру;
б)мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі). Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылаын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыплұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға занда белгілеиген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, колданылып жүрген қылмыстық занда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс колдану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз. Деңсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-медициналық критерийлерін бір ізге салу үшін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және деңсаулық сақтау министірлігінің Деңсаулық сақтау Комитеті1998жылғы 4 мамырда бакіткен Денсаулыққа келген зиянның аурлығын сот медицина тұрғысынан бағалаудың ережесі манызды роль атқарады.
Бұл ережеге сәйкес деңсаулыққа келген зиян үш дәрежеге –ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді.
Деңсаулыққа келген зиянның бұл үш түрін ажыратудағы негізгі критерий — өмірге қауіптілікті, зиянның зардабының бар жоғында . Жалпы және кәсіби еңбек қаблетін қаншалықты және қанша уақытқа жоғалтудың да маңызы бар. Бетті адам көргісіздей бүлдіргенде денсаулыққа ауыр зиян келгендігін анықтау үшін эстетикалық критерийлер қолданады.
Өз денсаулығына өзі қастандық жасау қылмыстық жазаланатын іс әрекет деп қаралмайды.Кейбір жағдайларда, егер кінәлі өз денсаулығына зиян келтіру арқылы басқа объектіге қол сұқса, онда бұл іс әрекет қылмыс құрамының нышаны болып табылады қылмыстың кодекесінің 326-бабы 2 бөлігінің А тармағы, 374-бабы.
Денсаулығына зиян келтіруге жәбірленүшінің келсуі, жалпы ереже бойынша іс әрекеттің қылмыстығын жоққа шығаратын мән-жай болып табылмайды.
Бірақ, емдеу процедураларын жасау кезінде денсаулығы үшін мүмкін болатын тәуекелге еркімен келісімді берген адамның денсаулығына зиян келтірудің заң қайшы екендігін жоққа шығарады.
Денсаулыққа зиян келтіру түсінігі- бұл ең алдымен, заңға қайшы әрекет деген сөз.
Заңға сәйкес қажетті қорғану, өте қажеттілік, қылмыс жасаған адам ұстау жағдайында басқа адамның денсаулығына зиян келтіру- қылмыс деп саналмайды.
Денсаулыққа зиян келтірудің ерекше санатына спорт жарақатты жатады, егер спортшы жаттығу немесе жарыс езінде ереже бұзбай денсаулығына зақым келтірілсе онда оны кәсіби тәуеклге жатқызуға болады. Ал денсаулыққа тіптен жарыс кезінде болсада, қасақана зиян келтірілсе қылмыстық жауаптылық болуға тиіс. Кубаның қылмыстық заңында мынадай норма бар: спорт рұқсат етілген түрлері бойынша жарыс кезінде ойын ережесін бұза отырып денсаулыққа қасақана зиян келтірілсе жалпы негізі жауаптылық көтереді; егер жарақат абайсызда алынса, бірақ спорт ережесі бұзылса, абайсызда әрекет ретінде жауаптылық көзделеді ; ал, жарақат абайсызда алынып және де спорт ережесі бұзылмыса-қылмыстық жауаптылық болмайды. Спорт ережелерінің бұзылуымен келіскен төреші қылмысқа қатысушы болып саналады.