Құқық, Қоғам, Криминалистика

Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Читать полностью »

Мемлекеттік қоғамдық және қоғамдық құрылыстардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың жұмысына қатысуы

Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару заңына байланысты мемлекеттік қоғамдық құрылымдардың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың жұмысына қатысу қаралған. Оны әкімшіліктің қызметін бақылау арқылы, түзеу мекемесі материалдық-техникалық қорын дамытуға, сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, сотталғандардың ұстау жағдайын өзгертуге, түзеуге қатысы бар мәселелерді шешуге көмектесу арқылы қатысып жүргізеді.

Жұртшылықтың жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне қатысуы туралы айтқанда ондағы бұрынғы қоғамдық бірлестіктердің дәстүрлік түрлерінің едәуір осалданғанын атап кетеміз.

Читать полностью »

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау жүргізу

Әкімшілік бақылау деп заңмен көзделген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, бірақ мінез-құлқында қайталама қылмыс істеу мүмкін деп қауіптенетін адамдарға профилактикалық  шара ретінде қолданылатын қадағалауды айтамыз. Әкімшілік бақылаудың мақсаты – ол түзеу мекемесі босатылып шыққан сотталғандар жаңадан қылмыс жасамауын ескерту және роларға профилактикалық-тәрбиелік әсер ету. Бұл шараны  бақылайтын адамдардың жұмыс орнында, тұрған жерінде адамгершілік абыройы мен намысына тию мен беделін түсіру сияқты мақсат жоқ.

Әкімшілік бақылау институты ҚР-ның 1996 жылдың 15-шілдесіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әкімшілік бақылау қою туралы заңымен реттеледі. ҚР-ның бұл заңы ҚР-ның аумағында жүргізілетін әкімшілік бақылаудың мазмұнын белгілейді және оны қолданғанда құқық жүйеісінің заңдылығына кепілдігін бекітеді.

Читать полностью »

Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу

Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде, сонымен қатар бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жариялымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін заңмен реттеу жөнінде ұсынытар табандылықпен жиі айтылып жүр.

Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу проблемасын қайталанба қылмыстармен күресу бағытының бірі ретінде қарау тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра, сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құқық бұзу мен қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.

Читать полностью »

Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі

Күші бар қылмыстық атқару заңдарында, ведомстволық номативтік актлерде түзеу мекемелерінен босатудың тиісті тәртібі көрсетілген.

Сотталғандарды жазаны өтеуден босату үшін оларды алдын ала дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау – құқық бұзушыларды түзету жөніндегі түзеу мекемелерінің іс әрекетіндегі ең бір маңызды кезеңі. Оған оларды алдын ала жұмысқа орналастыру, бостандықтағы өмір жағдайына тез үйрену мәселелері кіреді. Босатуға дайындық мерзімі аяқталудан 3 ай бұрын басталады. Әрбір сотталғанмен жеке әңгіме жүргізіледі, онда босағаннан кейін шамамен оның тұратын жері белгіленеді, жергілікті үкімет органдарының көмек көрсету тәртібі түсіндіріледі.

Читать полностью »

Жазаны өтеуден босатудың құқықпен реттеу, оның түрлері мен негіздері

Жазаны өтеуден босату – құқық саласының әр түрлі нормаларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқығы.

Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқық жағдайын өзгертетін заңның ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құқық қатынастары тоқтатылады да азаматтың құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі.

Жазаны өтеуден босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайларда жазаны өтеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың құқықтық мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері сақталады.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі күші бар заңдарындағы өлім жазасы

Кейбір шетелдердегі қылмыстық жазаны өтеудің тәртібі. Дүние жүзіндегі барлық елдерде, соның ішінде төңкеріске дейінгі Ресейде, бұрынғы Кеңесстер Одағында қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру мен құқықтық реттеу өзінің тарихи дамудағы жолында әр түрлі, көбінесе біріне – бірі ұқсас деңгейден өтті. Қазіргі кездегі жазаны атқару тәжірибесі көптеген елдерде бірдей.

Шет мемлекеттердің заңдары жазаның едәуір түрлерін қолданады. әлеинің әр түкпіріндегі жазаны атқаруды ұйымдастыру мен құқықтық реттеудің тәсілдері туралы түсінік бөлу үшін бұл мәселелердің қалай шешілетіндігін жеке – жеке мемлекеттердің тәжірибесінен Америкада (АҚШ), Еуропада (Ұлыбритания, Франция, Германияда) және Азияда (Жапония) дан байқап қарайық.

Читать полностью »

23 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы