Құқық, Қоғам, Криминалистика

Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері

Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада – жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды реттеудің өз жүйесін құрды.

Қылмыстық-атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Читать полностью »

Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтеріле бастады. КСРО ыдырауына дейін қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесінде, негізінен Мәскеу қаласында топталған болатын. Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегі зерттеуді бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеу Ресей Федерациясы ІІМ Академиясында жүргізіледі. Қылмыстық жазаны өтеу проблемаларын зерттеуде Рязань ІІМ-нің Жоғары мектебі алдыңғы қатардағылардың бірі болып есептеледі, сондай-ақ қазіргі кезде ІІМ-нің Уфадағы  Жоғары мектебінде зерттеу жұмысы өріс алуда.

Читать полностью »

Қылмыстық-атқару құқығының принциптері

Принциптер дегеніміз – құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелерімен құқық жүйесін құрудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.

Қылмыстық-атқару құқығы принциптері – қылмыспен күресуді реттейтін құқықтың жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіп сүйенеді.

Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалылықтар жатады. Ол көптеген Халықаралық актілермен, жекелеп айтсақ, 1948 ж. Жалпы адам құқы Декларациясымен және басқа да құжаттармен дәлелденеді. Бұларда жалпы құқықтық принциптер арақатынасын реттеу бекітілген. 1988 жылғы желтоқсанның 9-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Қандай да түрде болмасын ұсталған немесе қамаудағы барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағы 43/173 резолюциясы» кеңінен белгілі.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.

Қылмыстық атқару принциптерін, жалпы салалық, салалық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге болады.

Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндер: заңдылық, демократизм, гуманизм; сала аралықтарға – әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі; салалыққа – жазаны орындауда дифферециялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауға қатысуы; институтционалдықтарға – жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т.с.с.

Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принципімен және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.

Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптерімен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазалағандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.

Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принциптермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Заңдылық қағидасы құқық қатынастары субъектілерінің қылмыс жазасын атқаруда қылмыстық-атқару заңдарын нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.

Заң алдындағы азаматтардың теңдік принципі – «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген ,

Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.

Қылмыстық-атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етеді.

Жазаны атқаруды жекешелендіру топтық түрде емес, жеке өзгешелігіне негізделеді де, әр түрлі мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзімінен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиімді пайдаланумен бірге құқыққа бойұсынушылыққа себепші болу арқылы жеткізіледі.

Жоғарыда қарастырылғандай, қылмыстық атқару құқығының қағидаттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесінде жинақталып іске асырылуы тиіс.

Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы

Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың талабы – заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орныдау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету.

Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді.

Читать полностью »

Мемлекеттің жазаны қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты мен оның қылмыспен күресудегі орны

Біздің мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президенті болып белгіленген. Сондықтан мемлекет саясаты біртұтас деп есептеледі. Сонымен қатар саясаттың бірлігін білдіретін жалпы мақсаттар күрделі иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың құлқы мен әрекетіне байланысты. Мемлекеттің бірыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмірінің әр саласында байқалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы).

Читать полностью »

Мәдениет және гуманитарлық сипаттағы үкіметаралық әмбебап ұйымы

Дәріс мақсаты: ЮНЕСКО және Бүкіләлемдік интелектуалды жекеменшік ұйымы; ЮНЕСКО жарғысы, қорлары, ролі, қызметі, серіктестері туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Мәдениет және гуманитарлық сипаттағы үкіметаралық әмбебап  ұйымы.
  2. ЮНЕСКО және Бүкіләлемдік интелектуалды жекеменшік ұйымы;
  3. ЮНЕСКО жарғысы, қорлары, ролі, қызметі, серіктестері.

    Читать полностью »

Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі

Дәріс мақсаты: Ақпарат агенствалары, газет, радио және телевидение туралы түсінік беру. Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Жоспар:

1 Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі

2 Ақпарат агенствалары, газет, радио және телевидение.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы