Скачать/Жүктеу
Принциптер дегеніміз – құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелерімен құқық жүйесін құрудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.
Қылмыстық-атқару құқығы принциптері – қылмыспен күресуді реттейтін құқықтың жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіп сүйенеді.
Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалылықтар жатады. Ол көптеген Халықаралық актілермен, жекелеп айтсақ, 1948 ж. Жалпы адам құқы Декларациясымен және басқа да құжаттармен дәлелденеді. Бұларда жалпы құқықтық принциптер арақатынасын реттеу бекітілген. 1988 жылғы желтоқсанның 9-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Қандай да түрде болмасын ұсталған немесе қамаудағы барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағы 43/173 резолюциясы» кеңінен белгілі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.
Қылмыстық атқару принциптерін, жалпы салалық, салалық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге болады.
Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндер: заңдылық, демократизм, гуманизм; сала аралықтарға – әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі; салалыққа – жазаны орындауда дифферециялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауға қатысуы; институтционалдықтарға – жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т.с.с.
Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принципімен және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.
Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптерімен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазалағандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.
Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принциптермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Заңдылық қағидасы құқық қатынастары субъектілерінің қылмыс жазасын атқаруда қылмыстық-атқару заңдарын нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.
Заң алдындағы азаматтардың теңдік принципі – «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген ,
Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.
Қылмыстық-атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етеді.
Жазаны атқаруды жекешелендіру топтық түрде емес, жеке өзгешелігіне негізделеді де, әр түрлі мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзімінен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиімді пайдаланумен бірге құқыққа бойұсынушылыққа себепші болу арқылы жеткізіледі.
Жоғарыда қарастырылғандай, қылмыстық атқару құқығының қағидаттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесінде жинақталып іске асырылуы тиіс.