Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы


Скачать/Жүктеу

Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың талабы – заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орныдау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету.

Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді.

Құқықтың жеке саласы бар екенін үш жағдай белгілейді: құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық-атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді.

Құқық саласының пәніне жазаны атқару мекемелері мен органдардың қызметіндегі жазаны атқару процесінде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсіпорын ұйымдары әкімшіліктерінің арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кіреді.

Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының пәні болып қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқару және мерзімді өтеудегі қоғамдық қатынастар есептеледі.

Құқық саласы өз алдына жеке сала екендігіне оның бүтін бір нормалар жүйесінде немесе бірнеше нормативтік актілерде дайындалуы куә. 1971 жылдан Еңбекпен түзеу кодексі қолданылуда, сондықтан қылмыстық-атқару жүйесі бар екендігіне күмәндануға негіз жоқ.

Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала есебінде бола тұра, ол өзіне басқа да салалардан кірген кейбір нормаларды қабылдайды (қылмыстық, еңбек, азаматтық және т.б.). мұндайәдіс құқықтың басқа салаларында ең көп пайдаланылады. Бұл нормалардың құқықтың жаратылысына байланысты басқадай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтау тиіс, солай болғандықтан, ол өзінің мағынасын өзгертеді. Сондықтан оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу тиіс.

Сонымен, қылмыстық-атқару құқығы

– құқықтың дербес саласы және құқық саласының қылмыспен күресті реттейтін жалпы жүйесіне кіреді. Ол алдымен, осы жүйеге кіретін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Сол себепті қылмыстық-атқару құқығын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыра білудің маңыз-мағынасы күшейе түседі.

Қылмыстық-атқару құқығы сот үкімін орындауды реттеуде қылмыстық іс жүргізу құқығымен, денсаулығына байланысты жазаны өтеуден босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату т.с.сияқтылармен тығыз байланысты. Сондай-ақ олар сотталғандардың құқықтық статусын Конституция құқығы бойынша;мекемелерді басқару саласындағы әкімшілік құқығын және де азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы және басқа да заңның салаларын реттеуге байланысты.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы