Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады (АК-ның 191-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі — мемлекет. Мемлекеттік меншіктегімүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін (АК-ның 192-бабының 4-тарм.). Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымды басқару құқы арқылы ие.
Читать полностью »