Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы, қазіргі кезде территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Халықаралық терроризм, оның барлық түрінде, ұстанған жасыл, қызыл, қара, қоңыр және т.б. жалауының түсіне қарамастан, бүгінгі күннің өте ауыр мәселенің біріне айналды. Ұйымдасқан қылмыстың, оның ішінде террористік әрекеттің қарқынды дамып кетуі, осы қылмыстар шеңберінің кеңеюіне әкеліп соқты. Ресейлік заңгер-ғалым Г.А. Зоринның айтқанындай, ұйымдасқан террористік топтар орналасқан территориясынан қылмыстық әрекет жасау территориясына шығып тұратын болды [1, 32 б.]. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының бір маңызды есебінде болашақ ғасырда адамзатқа екі үлкен қатер төнетін болады делінген. Осы қатердің бірі – экологиялық апаттар болса, екіншісі – терроризм екен. Осы терроризмге қатысты айтылған сөздер, қазірдің өзінде, тәжирибеде дәлелденіп жатыр деуге болады. Өздерінің қылмыстық мақсаттарын іске асыру үшін террористер барлық зұлымдық әрекеттерді жасауға дайын екенін де байқаймыз.
Читать полностью »