Құқық, Қоғам, Криминалистика

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Қоғамдық өмірде бір-бірімен тығыз байланысқан екі категория бар. Олар құқықтық тәртіп пен демократия. Құқықтық тәртіп пен демократия заң ғылымында ежелден зерттелініп келе жатқан екі категория. Бірақ, бұл категориялар қаншалықты көп зертелгенімен, өздерінің өзектілігін жоғалтпаған және әр уақытта олар қоғамға өте қажет болып табылады. Себебі оларсыз қоғамда тәртіпсіздік, заңсыздық, бет бетімен кеткендік орнар еді. Яғни, қоғам дамуының әр кезінде бұлар өте қажеттілігі зор құқықтық құбылыстар болып табылады.

Құқықтық тәртіп пен демократияның өздерінің ерекше белгілері, қасиеттері, әртүрлі құрылымдары, функциялары және қағидалары бар. Бірақ соған қарамастан олар бір-бірімен тығыз, өзара қарым-қатынастықта болады.

Читать полностью »

СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.

Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.

Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.

Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.

Читать полностью »

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің әлеуметтік маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым бөлігін өз әл-ауқаттарының көзі болып табылатын дәл осы жұмысқа, еңбекке арнайды. Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі және неғұрлым дәл және толық зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастардың айтарлықтай бөлігі құқық нормаларымен реттеледі. Дәл осы себептен, еңбекті қорғау құқықтық ұғымын анықтау осы мәселені қарастырудың маңызды аспекті болып табылады.

Читать полностью »

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде  құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз.  Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

Читать полностью »

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ

Мемлекеттік биліктің бастауы – халықтың  құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық  мемлекеттердің басты қызметі болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық  елдерінің конституцияларында, заңнамаларында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген.

Сала бойынша конституциялық деңгейге көтерілген адам құқықтарын қорғаудың әлемдік тәжірибесі жасақталған. Көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды, тетіктер құрылды. Қазіргі кезде ондай тетіктердің өзін де әртүрлі негіздер бойынша саралауға мүмкіндік бар. Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық заңнамасы мен тетіктеріне  халықаралық заңнама мен тетіктер де қосылды.  Саралауға бұдан да басқа мүмкіндік беретін негіздер заңгер-ғалымдармен зерттелуде, тәжірибе жүзінде іске асырылуда. Адам құқықтарының жалпы саны да арту үстінде. Мысалы, жақында ғана ақпаратты және таза ауыз суды пайдалану – адам құқықтарының  қатарына жатқызылды.

Читать полностью »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының жаһандану жағдайында барынша қанат жайып келе жатқан саяси-құқықтық қырлары бар.Осыған орай аталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі саяси жүйемізге сәйкес қызметті құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.Біздің елімізде  мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарқынды, жүйелі дамуына  ықпал ететін, тәуелсіз Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданғанын ерекше атап өтуімізге болады.Сондықтан да Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің мемлекеттік-құқықтық негізіне қатысты мәселелерді зерделеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында елдегі заңдылық тәртіпті және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы айтылған: «Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады.

Читать полностью »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында таяудағы 10 жыл iшiнде бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы баяндалды. Бұл стратегияда «қоғамның барлық мүшелерiнiң бастамашылығы мен iскерлiгiне» ерекше маңыз берiлген. Ал бастамашылық қасиет елiмiздегi құқық қорғау жүйесiн реформалау үшiн аса маңызды болып отыр. Экономикалық және саяси бағыттағы iс-қимылымызда ғана емес, құқық қорғау жүйесiн жетiлдiруде де өз ұстанымымызды өзгеге ұсынудың жолын, ұлттық билiк етудегi жаңалықтарымызды жаһанға оқытудың амалдарын табуға елiмiз құқық қорғау жүйесiнiң қабiлетiн көрсететiн кезең туды. Қазiргi таңда құқық қорғау жүйесi қоғамның iлгерiлеу жүйесiне кiрiгiп, басқарушы механизмнiң бiр саласы ретiнде қызмет етуде.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы