Құқық, Қоғам, Криминалистика

ҚР-ның азаматтығы

ҚР-ның азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси құқылық байланысын айқындайды. Бұл байланыс олардың олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.

Көшіп келген азамат ҚР-ның азаматтығын алу үшін өзі көшіп келген мемлекеттің азаматтығынан шығуға міндетті.ҚР-да азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайтын нормативтік құқықтық акт — «Азаматтық туралы заң» болып табылады. Бұл заң алғаш рет 1991жылы қабылданған, заң бойынша келген азамат Қазақстанда кем дегенде 10 жыл тұруы тиіс болатын. 1997жылы қабылданған заңда бұл мерзім 5жылға қысқартылды.Бұл талаптардан өзгеде талаптар қойылады, солардың бірі  азаматтық алушы адам өзі көшіп келген мемлекеттің салық органдарында ешқандай  қарызы болмауы керек және жазалау органдарында отырмауы міндетті түрде ескеріледі.

Читать полностью »

Азаматтықты тоқтату

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасы азаматтығын алу

ҚР заңы бойынша азаматтықты алу:

а) тууы бойынша;

б) азаматтыққа алыну нәтижесінде;

в) ҚР халықаралық келісімінде қарастырылған негіздер бойынша;

г) заңда қарастырылған басқа да негіздер бойынша.

Читать полностью »

Қазастан Республикасының азаматтығын тану негіздері

Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді, әрбір адамға байланысты азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:

1. ҚР-сы азаматының төл құжаты.

2. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланысты болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.

Читать полностью »

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шетелде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық дәрежесін айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді.

Азаматтықты алу сол тұлғаға заңмен танылған барлық құқықтар мен еркіндіктердің толық тарайтынын, тұлғаны тек мемлекет ішіндегі ғана емес, оның шегінде де қорғалатынының алғы шартын көрсетеді.

Читать полностью »

Рим құқығы

Ежелгі Римде өзінің құқықтары бұзылған тұлғалар әділеттік талаптары бойынша талап-арыз жазу негізінде қорғайтындығын тәртіпке айналдырды. Сол замандардан бастап әрбір (құқы бұзылған) Рим азаматы өзінін бұзылған немесе даулы құқын, болмаса заңды мүддесін қорғауды сұрап, сотқа жүгіне алды. Сол кездің өзінде-ақ талаптың өзі заң тұрғысынан материалдық және процессуалдық болып екіге бөлінді. Олардың біріншісінің мәні талапкердің нақтылы фактімен заң негізінде талабы қанағаттандырылуы болса, ал екіншісінің мәні — сотқа оның шешімін шығару мақсатында жолданудың заңды немесе заңсыз екендігінде болған.

Талаптар өздерінің құқықтық бағытына қарай: жеке және заттық болып бөлінген. Жеке талап өзінің мағынасы көрсетіп тұрғандай арнайы тұлғаға бағытталса, ал заттық болса белгілі бір мүлікке негізделген.

Читать полностью »

Қазақстан республикасының Конституциясы

Жоспар

Кіріспе

1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция — Қазақстан республикасының негізгі заңы
2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы