Қазақстан Республикасы азаматтығын алу


Скачать/Жүктеу

ҚР заңы бойынша азаматтықты алу:

а) тууы бойынша;

б) азаматтыққа алыну нәтижесінде;

в) ҚР халықаралық келісімінде қарастырылған негіздер бойынша;

г) заңда қарастырылған басқа да негіздер бойынша.

Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-ның азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала ҚР-ның азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де ҚР-нан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде    ҚР-ның азаматтығында болса, егер бала:

1) Қазақстан аумағында туған;

2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала ҚР-ның азаматы болып табылады. бала өмірге келген кезде ата-аналарының біреуі ҚР-ның азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады.

Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесi Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелiгi анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.

Ата-анасы белгiсiз баланың азаматтығы:

Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан  Республикасы азаматтығын алуы:

Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін әдеттегі шарт олардың өтініш бергенге дейін ҚР-да 5 жыл тұруы болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар  Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актiлерiмен реттеледi.

Қазақстан Республикасының азаматы болу мына адамдар:

-осы Заң күшiне енгiзiлген күнге дейiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

-Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын;

-осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

-Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшiн жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейiнгi баланың азаматтығы оның туу туралы куәлiгiмен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы:

-Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

-Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.

-Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.

Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттердi мойнына алады.

Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы: Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некенi бұзуы азаматтықтың өзгеруiне әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы: Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау:

Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау:

Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтiнiштерi бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiштер бойынша шешiмдi Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

ҚР-сы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері. Егер ҚР-ның азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:

-Азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса;

-ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

-ҚР-ның территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

-мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса;

-Мемлекеттік тілдің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

-Терроршылдық әрекет үшін сотталған болса;

-Сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

-Басқа мемлекеттің азаматы болса оның өтініші қабылданбайды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы