Скачать/Жүктеу
Жалпы ортақ құқықтық реттеу өз бойына мыналарды кіргізеді: тұлғаның азамат болып танылуы үшін, азаматтықты алуы және азаматтықтан шығу үшін мемлекет өз заңдарында құқықтық негіз болатын заңдарда осы мәселелерге шешім тауып береді, әрбір адамға байланысты азаматтық алу тәртібі заңды түрде мынадай құжаттармен тіркеледі:
1. ҚР-сы азаматының төл құжаты.
2. Туу туралы куәлігі және азаматтығын дәлелдейтін басқа да құжат түрі. Мемлекет, сонымен бірге туылуы және қайтыс болуы сияқты азаматтың хал-ахуал Актілерін де тіркеп отырады. Азаматтыққа байланысты болатын тұрақты сипаты, әдетте азаматтың туылуы мен қайтыс болуына дейін және азаматтықты бір жақты тоқтатуға жол бермейтін шаралардан айқын көрінеді. Азаматтың өз бастамасымен азаматтықты тоқтату туралы ұсынысы мемлекеттің келісімін қажет етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің бастамасы бойынша азаматтықты тоқтатуға мүлдем болмайды.
Азаматтықтың құқықтық негізі ретінде ҚР конституциялық нормалары және 1991 жылы шығып, 1995 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «ҚР азаматтығы туралы» заңы және азаматтыққа қатысты құқықтық-нормативтік актілері есептеледі.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен мiндеттерiнiң жиынтығынан көрiнедi. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.