Скачать/Жүктеу
Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ құрамына кірді. Бұл тарихи жағдай Қазақстанның дүние жүзіне егеменді мемлекет ретінде танылуына нақты себеп болды. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын БҰҰ құрамына қабылдауға ұсынған Бас Ассамблеяның қарарын дауыс берусіз-ақ мақұлдады. Қазақстанмен бірге БҰҰ-на Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменістан және Өзбекстан мүше болды. Қазақстандық делегация БҰҰ-ны қайта құру жөнінде, дау-жанжалдардан кейінгі кезең проблемалары жөнінде, бітімгершілік күштерінің қорын құру туралы бағдарламалық ұсыныстар жасады. БҰҰ Қазақстандағы қызметіне 1993 ж. кірісті. Өз агенттіктерінің офистерін құрды. Мысалы, атап айтқанда, БҰҰ-ның даму бағдарламасы — БҰҰ ДБ; Бүкіләлемдік денсаулық сақгау Ұйымы — БДСҰ; білім, ғылым және мәдениет жөніндегі БҰҰбағдарламасы — БҒМБ БҰҰ-ның босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы — БЖКБ; өндірістік даму жөнінде — ӨДҮ; халықаралық еңбек Ұйымы — ХЕҰ; және т.б. Қазақстан БҰҰ-ның БДҰ, АЭХА, ИКАО, ХДҚБ, ХВК, сияқгы мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады.
Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді [1, 57]. 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 жылы Лиссабоңда ядролық қару жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міңдеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруте моралдік құқық берді.
Әлемдік қоғамдастықтағы өзгерістерді және әлемдегі БҰҰ-ның жаңа рөлін назарға ала отырып, Н.Назарбаев былай деп мәлімдеді: »Болып жатқан Бас Ассамблея сессиясында қазірдің өзінде әлемнің тұтастығы үшін жаңа күн тәртібін белгілеуді талап ететін жаңа өмір болмысын түсіну байқалады. Бұл орайда мен ықтимал шиеленіс ошақтарының отқа айналуын болдырмауға бағытталған саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі ретінде тікелей жария дипломатияны қолдаймын. Мұндай дипломатияда көзге анық байқалатын, сондай-ақ пайда болуының өзі жан-жақты болжаудық галдауды талап ететін проблемалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың шарты ретінде маңызды орын алады».
Осы форумда Н.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сырқы саяси бағытының жасампаздық сипатын паш етті. Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір плюс бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік сомасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін кемінде екі сөзден — Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап тұрады. Кенезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі — шұғыл және ауқымды халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150 млн. тонна тұзды шаңды аспанға ұшырып, Арал өңірінің шөлге айналуы экологияның күрт нашарлауына, 3 млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бүл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы болса, онда ертең БҰҰ шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір экологиялық жан айқайымыз — деп мәлімдеді Н.Назарбаев, — бұл біздің халқымыздың еркінен тыс Қазақстан жеріне салынған, әлемдегі екі полигонның біреуі — Семей ядролық полигоны. Жарты миллионнан астам адам зардап шеккен, ауадағы, жер үстіндегі және жер астындағы ядролық заряд жарылыстарының жиынтық қуаты — Хиросима мен Нагасаки қайғысының себепшісі болған құрылғылардың қуатынан жүздеген есе асып түседі. Қазақстанның шешімімен осы ажал көзіне құм құйылды, жаңа туған балаларды сауықтыру үшін орасан зор қаражат қажет. Осыны негізге алатын болсақ, деп атап көрсетті Н.Назарбаев, — Қазақстандықтар белсенді халықаралық көмекке зәру.
БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды.
Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның табанды позициясы және іс-жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ—1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөнінде БҰҰ конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттандықпен атап өтіп жүр [2, 179].
2001 жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен «XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В.Петровский: «Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзі өзін жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті»,- деп мәлімдеді.
1996 жылғы 30 қыркүйекте Сыртқы істер министірі Қазақстан атынан Ядролық сынаққа жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қойды . 160 мемлекет осы шарттың қатысушылары болып табылады. Осы тарихи шарттың жасалуына Қазақстан да лайықты үлесін қосты, осы мәселедегі біздің республикамыздың принцпті ұстанымы және нақты қадамдары кеңінен мәлім және қолдау тауып жүр. Аталған Шартқа қол қойып, біздің еліміз ғаламдық мониторингтік жүйені құруға елеулі үлес қосты. Сейсмикалық оқиғаларды қадағалау мақсатында жабдықтарды калибрлік өлшеу үшін бірегей инфрақұрылым — Семей полигоны пайдаланылды. Бұл қазақстандық мамандардың осы саладағы халықаралық жұмысқа толық деңгейде қатысуына мүмкіндік береді.
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөнінде бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ кұруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. БҰҰ-ның жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақгың болуы ядролық қаруды таратпау және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамассыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістан 1995 жылы желтоқсанда БҰҰ аясыңда Орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш Оталық Азия мемлекеттерінің басшылары БҰҰ Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның БҰҰ-ның болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы БҰҰ-дан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамассыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағалады. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен БҰҰ-ның резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.
БҰҰ-ға мүше бола отырып, Қазақстан көптеген саяси проблемалардың, бірінші кезекте Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қозғайтын проблемалардың шешімін іздестіруге тартылды. Ауғаныстандағы жағдайдың Іпиеленісуіне байланысты 1996 жылғы қазанда Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекістанның, Қырғызстанның және Тәжікістанның саяси басшыларының кездесуі өтті, олар аталған мәселе бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Саммитте қабылданған шешімге сәйкес біздің еліміз аталған мемлекеттермен бірге Ауғаныстандағы жағдай туралы мәселе бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы мәжілісін өткізуге бастамашы болды. Оның қортындысы бойынша БҰҰ ҚК 1076 белгілі қарары қабылданды, қарардың тең авторлары Алматы кездесуіне қатысушы мемлекеттер және АҚШ-ты, Германияны, Италияны, Чилиді және Корея Республикасын қоса алғанда, бірқатар басқа да мемлекеттер болды.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан басшыларының және Ресей Президентінің арнайы өкілінің тағы бір кездесуі 2000 жылғы тамызда өтті. Онда ауған жанжалының Орталық Азияга таралуына және аймақ елдерінің аумағына қарулы бандалық құрылымдардың енуіне байланысты қалыптасқан жағдай қаралды. Кездесуге қатысушылар Орталық Азияның қауіпсіздік саласындағы жағдайын нашарлататын ауған проблемасын шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауға шақырып ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарға арналған үндеу қабылдады.
Ауған мәселесін реттеу ісіңде тиімді нәтижелердің болмай отырғандығына алаңцаушылық білдірген Президент Н.Назарбаев 2000 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ мыңжылдығының саммиті кезінде ауған мәселесін тұрақтандыру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесінің анайы отырысын шақыруды сұрады. Мұндай отырыс халықаралық қоғамдастықтың бірқатар кең ауқымды саяси, экономикалық және гуманитарлық шараларын қабылдауының басы болар еді, мүдделі елдердің ауған проблемасына жаңаша көзқараспен қарауына, халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолға алынбай отырғын кейбір істерді көрсетуге, сондай-ақ Ауғаныстандағы жағдайды реттеу процесін бейбіт жолға шығару үшін қосымша мүмкіндіктерді анықтаған болар еді.
Қазақстан Ауғаныстанның соғыс қиратқан экономикасын қалпына келтіруде әлемдік қоғамдастық тарапынан кең ауқымды көмек көрсету мүмкіндігіне қатысты ауған халқында сенім қалыптасуы керек деп есептейді. Қаруды жеткізуге тыйым салу немесе есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ар-тұра болатын іс-қимыл сияқты жекелеген шаралар ұзақ мерзімді тиімділік бермейді. Мұндай шаралар Ауғаныстанда экономикалық оңалтудың жалпы жоспарының бөлігі болуы тиіс. Жалпы жоспар тікетіресіп жатқан ауған топтарының арасындағы атысты шұғыл тоқтаумен қатар, халықаралық экономикалық көмекті тартумен қатар эмиграцияға кеткен экономикалық,саяси және интеллектуалдық ел илитасының әлеуетін мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтіруді пайдалануды қамтиды. Мұның өзі білімге, денсаулық сақтауға және тарихи сондай-ақ мәдени мұраны қалпына келтіруге байланысты проблемаларды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Болашақтга Қазақстан өзінің төңірегіне ауған хальдын нақты доғарландыра алатын, Ауғаныстанды мекендейтін барлық ұлттардың құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамассыз ететін, елдің ішкі проблемаларын жауапкершілікпен шешетін және бейбіт сыртқы саясат жүргізетін Ауғаныстан үкіметін ресми тануға дайын.
Кейінірек Ауғаныстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның тұжырымдық көзқарасы 2001 жылғы сәуірдегі Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының 55-сессиясында ресми құжат таратылды.
Әлемнің саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өтьсір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Ислам Конференциясы Ұйымының, Парламентаралық Одақпен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ-мен ынтымақтастығын нығайтута бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады [3, 78].
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарайтын мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықғы прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ-мен өзара іс-қимылды нығайтуға айрықша көңіл бөлінеді [4, 2].
Қазақстанның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағының көлік жүйелерін және тауар өткізудің әлемдік рыноктарына шығудың балама жолдарын одан әрі дамыту жөнінде басқа да азиялық елдермен күш-жігерді үйлестіруге ерекше маңыз беріледі.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселесі бойынша қарар қабылдауға бастамашы болды. Еуропа мен Азия елдерінің арасында ынтымақтастықты кеңейту үшін өзара байланысты ұлттық және аймақтық көліктік инфрақұрылымды дамыту проблемасы уақыт озған сайын маңызды бола түсуде.
Қарарда қозғалатын мәселелерге қатысты БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан өсе түсіп отырған мүдделіктің, сондай-ақ аймақга тиімді транзит жүйесін қалыптастыру проблемасының маңыздылығын түсүнудің куәсі — бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің БҰҰ БА-ның 53-сессиясында осы қарардың тең авторларының қатарына қосылуы болды. Қазақстан мен бірге БҰҰ-ға мүше 13 мемлекет осы кркаттың тең авторлары атанды, олар: Әзербайжан, Армения, Ауғаныстан, Беларусь, Болгария, бұрынғы Югославия, Македония, Грузия, Иран, Қырғызстан, Монғолия, Польша, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекістан және Украйна. Қарар екінші комитеттің жалпы мәжілісінде дауыс берместен-ақ қабылданды.
Орталық Азия аймағындағы транзит жүйесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының қабылдануы — БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің, басқа да халықаралық ұйымдардың және біздің аймағымыздағы транзиттік көлік жүйесін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапынан болатын іс-шараларын халықаралық құқықтық негізін құрды. Қарардың ережелерін Қазақстан Өкіметі, тиісті министрліктер мен ведомствалар халықаралық ұйымдар мен, донор елдермен және басқа да мүдделі тараптармен келіссөздер барысында пайдалануы мүмкін.
БҰҰ — халықаралық бейбітшілікті қамтамассыз етуде де,сондай-ақ тұрақты дамуға жәрдемдесуде де жауапкершілік жүктелген бірден бір халықаралық ұйым. Тұрақты даму тұжырымдамасы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткізілге БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі конференциясында әзірленді. Қазақстан үшін осы тұжырымдаманың маңыздылығын ұғына отырып, ҚР Үкіметі, Конференцияның қорытынды құжатының— «XXI ғасырға арналған күн тәртібінің» ұсыныстарын іске асыру жөнінде жоспар жасады. Осы құжатқа сәйкес әзірленген ұлттық бағдарламаларды, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының қабылдауын БҰҰ-да экология мен тұрақты даму саласындағы халықаралық уағдаластыққа біздің еліміздің басшылығының кешенді және байсалды көз қарасының нәтижесі ретінде бағаланды.
Семей аймағындағы жағдай туралы БҰҰ Бас хатшысының баяндамасына материалдар әзірлеу, денсаулық сақтау, экономика, экология, ақпарат сияқты негізгі төрт салада жобалық ұсыныстар әзірлеу халықаралық және ұлттық сарапшылардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Баяндама БҰҰ БА-ның 53-сессиясында қаралды.
1997 жылғы 16 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағы бойынша қарар қабылдауына байланысты Қазақстан Үкіметі Семей амағына қатысты мәселелерді қарау үшін 1998 жылдың басында Ведомствоаралық комиссия құрды. Комиссияның құрамына министрліктер мен ведомстволардың, жергілі басқару органдарының, Ұлттық ядролық орталықтың және екі үкіметтік емес ұйымдардың («Невада-Семей» және «Полигон-23″) өкілдері кірді.
Ең маңызды міндет Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жою. Осы мақсаттармен БҰҰ сарапшылары аймақ үшін бұдан былайғы қатерді болдырмауға жәрдемдесетін, ұлттық және халықаралық күш-жігерді жұмсаудың бес басымдық берілетін секторын белгіледі,олар: денсаулық сақтау, экология, экономиканы қалпына келтіру, гуманитарлық көмек және ақпарат тарату. Осы аталған басымдықгарды тандап алу Семей аймағының халқы ұшырасып отырған күрделі жағдаймен және өзара байланысты қиыншылықгармен түсіндіріледі. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары бүгінгі күні қаржылық қиындықтарға байланысты аталған аймақ пен оның халқына толық ауқымды көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Сарапшылардың бағалауы бойынша аталған бес басымдық берілетін бағыттарды іске асыру үшін 43 млн. доллар талап етіледі. Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалтуды халықаралық әріптестік негізінде тиімді түрде жүргізуге болады.
1998 жылғы 16 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 53-сессиясында «Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру» атты қарар қабылданды.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бірқатар мемлекеттердің делегацияларымен тұрақты консультациялар жүргізудің нәтижесінде БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі аталған қарардың мәтінін келісті. БҰҰ-ның дипломатиялық топтарында Ұйымға мүше 54 мемлекеттің осы қарарға тең автор болуы әлемдік қоғамдастықтың тарапынан Қазақстанды кеңінен қолдауы, біздің мемлекетіміздің халықаралық беделінің елеулі түрде өскендігі туралы куәландырылды. Қарарда Бас хатшыға бағытталған ұсыныс бар, онда Семей аймағын қолдау және БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-сессиясына тиісті баяндама әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның тиісті бағдарламаларын қатыстыра отырып, консультацияларды жалғастыра беру айтылды.
Тұрақты дамудың кең ауқымды мәселелерін қарауға БҰҰ-ның жан-жақты тартылуы жоғары деңгейдегі бүкіләлемдік конференцияларды өткізуден байқалады; олар: Адам құқығы туралы-Вена (1993 ж.), Халықтың қоныстануы мен дамуы туралы-Кайр (1915 ж.), Әлеуметтік даму туралы-Копенгаген(1995 ж.), Әйелдердің ахуалы туралы-Пекин (1995 ж.), Тұрғын елді мекендер және даму туралы-Стамбул (1996 ж.).
Қазақстан құжаттардың бастапқы жобаларына ұсыныстар енгізу арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың ережелерін ұлттық деңгейде іске асыруға кірісіп, осы форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысты [5, 111].
Қазақстанның барлық халықтарының теңдігін, нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және өзге де көзқарастарына қарамастан адамның негізгі құқықтары мен бостандығын жария еткен біздің еліміздің Конституциясы Вена Деклорациясының шешімдеріне және Адам құқығы саласындағы іс-қимыл тұғырнамасына толық сәйкес келеді. ҚР Президенті жанынан Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрылуын БҰҰ-да адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық қүжаттарды іске асыруға бағытталған нақты қадам ретінде бағалды.
Отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басымдық берілетін бағыттарының бірі. Біздің еліміз қатысушы болып табылатын әмбебап халықаралық шарттардың алғашқыларының бірі Бала құқығы туралы конвенция болды. 1994 жылы аталған Конвенцияға Президент Н.Назарбаевтың қол қоюы және оны кейінірек Парламенттің бекітуі Қазақстанның БҰҰ-ны Балалар Қорымен тиісті ынтымақтастықты орнатуына және оны кеңейтуіне мүмкіндік берді.
БҰҰ қызметіндегі басымдықтардың бірі халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын бекіту, оны прогрессивті түрде дамыту және жүйелеу болып табылады. Міне, сондықтан да БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылғы 17 қарашадағы 44/23 қарарымен 1990-1999 жылдар кезеңі Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқығының онжылдығы болып жарияланды. Онжылдық шеңберінде 1995 жылы БҰҰ Ұйымының штаб пәтерінде халықаралық көпшілік құқығы бойынша БҰҰ Конгресі өткізілді, онда халықаралық проблемаларды құқықтық құралдармен реттеу жөнінде қызу пікір алмасу өткізілді. Пікірталасқа әлемнің 150-ден астам мемлекетінен өкілдер қатысты [6, 34].
Сонымен, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның аясындағы қызметі БҰҰ Жарғысының көпшілік таныған нормалары мен қағидаларына сай келеді. Қазақстан БҰҰ жүйесіне кіретін халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыра береді және олардың жасайтын жобаларына да белсенді қатысатын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ермекен Қ. Демократиялық даму жолы// Саясат.-1998ж,-№10.с.57-61.
- Қазақстан: мемлекеттілік кезеңдері.-Алматы, 1997жыл,с.179.
- Сапарбекұлы О. ЮНЕСКО Қазақстанда өркен жайды// Егемен Қазақстан,-1998ж.
- Тоқаев Қ.К. Қазақстан БҰҰ-ның жаңаруына мүдделі//Егемен Қазақстан,-1997 жыл, 3 қараша.
- Бекяшев К.А. «Международное публичное право»-М. 2004.с.111.
- Волков А. Казахстан в ООН// Казахстан и мировое сообщество-1995г. №1.
Нұрлыбаева Д.А., Темірханова Н.
Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және әлемдік қауымдастыққа енуі.