ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМДІ ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


Скачать/Жүктеу

Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы, қазіргі кезде территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Халықаралық терроризм, оның барлық түрінде, ұстанған жасыл, қызыл, қара, қоңыр және т.б. жалауының түсіне қарамастан, бүгінгі күннің өте ауыр мәселенің біріне айналды. Ұйымдасқан қылмыстың, оның ішінде террористік әрекеттің қарқынды дамып кетуі, осы қылмыстар шеңберінің кеңеюіне әкеліп соқты. Ресейлік заңгер-ғалым Г.А. Зоринның айтқанындай, ұйымдасқан террористік топтар орналасқан территориясынан қылмыстық әрекет жасау территориясына шығып тұратын болды [1, 32 б.]. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының бір маңызды есебінде болашақ ғасырда адамзатқа екі үлкен қатер төнетін болады делінген. Осы қатердің бірі – экологиялық апаттар болса, екіншісі – терроризм екен. Осы терроризмге қатысты айтылған сөздер, қазірдің өзінде, тәжирибеде дәлелденіп жатыр деуге болады. Өздерінің қылмыстық мақсаттарын іске асыру үшін террористер барлық зұлымдық әрекеттерді жасауға дайын екенін де байқаймыз.

Терроризмнің ортақ түсінігі жоқтығының және оны қалыптастыру қиындылығының екі маңызды себебі бар деп айтуға болады. Біріншісі, терроризм күрделі, сан қырлы теріс әлеуметтік құбылыс. Екіншіден, кейбір мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің қақтығысу жағдайы және жекелеген ұлттар мен жалпы халықаралық қауымдастық мүдделерінің қарама-қайшылық жағдайының болуы.   Терроризммен халықаралық күрес саласындағы мемлекет арасындағы ынтымақтастық құқықтық (конвенциялық) және ұйымдастырушылық (институционалдық) механизмді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Терроризммен халықаралық күрестің құқықтық механизмі туралы айтатын болсақ, ол әмбебап сипаттағы халықаралық конвенцияларды; аймақтық халықаралық келісімдерді; екі жақты халықаралық қылмыспен күрес саласындағы шарттарды; Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларын, басқа да халықаралық ұйымдардың шешімдерін және мемлекеттердің ұлттық заңдарын қабылдау, оларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 1937 ж. Терроризмнің алдын алу мен оны жазалау туралы Конвенция алғаш рет қабылданған болатын. Одан кейін, 1977 ж. Терроризмнің алдын алу туралы Еуропалық Конвенция; 1987 ж. Оңтүстік Азия мемлекеттері аймағында терроризмнің алдын алу туралы Конвенция; 1994 ж. Халықаралық терроризмді жою шаралары туралы халықаралық Конвенция; 1997 ж. Жарылғыш терроризммен күрес туралы халықаралық Конвенция; 1999 ж. ТМД мемлекеттерінің терроризммен күресінің ынтымақтастығы туралы Шарт;     2001 ж. Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясы; 2001 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кенесінің № 1373 қарары және т.б. қабылданған болатын. 1996 ж. терроризммен халықаралық құқықтық күрес мәселелерін әлемнің жетекші мемлекеттері мен үкімет басшылары кең талқылаған болатын. Осы кезден бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы халықаралық, аймақтық және ұлттық терроризм туралы оннан астам қарарлар (резолюция) қабылдағанына қарамастан, алайда осы құбылыстың қандай да бір ортақ және тиімді пайдалануға болатын анықтамасын қабылдай алған жоқ [2, 73 б.].

Халықаралық терроризмнің барлық мемлекеттерге ортақ және құқықтық анықтамасы жоқтығына қарамастан, оны, біздің ойымызша, белгілі саяси талаптарды орындатқызу мақсатында, әр түрлі заңсыз тәсілдер арқылы, атап айтқанда – жарылғыш заттарды пайдалану, адам өлтіру, ұрлау, қорқыту, үлкен мөлшерде мүліктік зиян келтіру немесе басқа да қоғамға аса қауіпті әрекеттер жасау арқылы халықаралық тәртіппен халықаралық ынтымақтастық тұрақтылығын, адамның негізгі құқықтарына қарсы жасалатын, халықаралық құқықтың басты қағидалары мен нормаларын бұзатын қылмыстық әрекеттер – деп сипаттауға болады. Терроризмнің алдын алу үшін, оған тікелей әсер ететін келесі факторларды халықаралық деңгейде жою керек: әлем аймақтарының экономика жағынан диспропорциялық дамуы; кейбір мемлекеттердегі әлеуметтік тұрақсыздық және кедейшілік; миграцияны тиімді бақылау жүйесінің жоқтығы; террористік топтардың ұйымдастырушылық деңгейінің өсуі; терроризмнің идеологиялық негіздерінің нығаюы; террористік топ мүшелерінің қарулы күрес жүргізуді жетік меңгеруі; террористік әрекеттердің ақпараттық қамтамасыздандырылуы; террористік әрекеттерді қаржыландыру көздерінің болуы; террористік әрекетпен тұрақты, кәсіби түрде айналысатын адамдар топтарының қалыптасуы; есірткі бизнесі, қару-жарақ сату, контрабанда, адам саудасы сияқты басқа да қылмыс түрлерін террористік ұйымдардың өз қадағалауына алуы; терроризмнің таралуына геосаяси және мемлекеттік саяси факторлар әсер етеді.

Халықаралық терроризммен күрес саласында Казақстан Республикасы ТМД, ШЫҰ елдерімен, басқа ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан Президентінің бастауымен Достастықтың Лаңкестікке қарсы орталығы құрылды, қазіргі уақытта ол белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, лаңкестік актілерімен күрестегі ынтымақтастық «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қатысушы-мемлекеттерінің арасындағы келісімдердің шеңберінде де жүргізілуде. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Президенттерімен лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнетін басқа да қатерлермен күрес бойынша бірлескен іс-қимылдары туралы Келісім-шартқа қол қойылды. Қазақстанмен лаңкестікке және халықаралық қылмыстарға қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мемлекеттермен қостарапты келісімдер жасалды, солардың ішінде Венгрия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Молдова, Ресей, Германия, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан және Украинамен.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерінің жаңа редакцияларын іс-әрекетке енгізу егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін қылмыстар ретіндегі лаңкестік пен экстремизмнің (ҚР ҚК 167-, 233-ші баптары және басқалары) алдын алу мен жолын кесудің әсерлі механизмдерін жасау барысында бастау алар нүктеге айналды. Осы бағыттағы келесі қадам Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің, жеке меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтері тәртібінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, міндеттері мен кепілдіктерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеп берген 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Лаңкестікпен күрес туралы» ҚР Заңы болды. 2000 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдардың қызметтерін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестірушілік ролін нақты белгілей отырып еліміздегі лаңкестікке қарсы біркелкі саясатты біртіндеп жүзеге асыруды қарастыратын «Лаңкестік пен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Жарлығы шықты. Соның негізінде Қылмыстық және Қылмыстық-процессуальдық Кодекстерге, Қазақстан Республикасының «Лаңкестікпен күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңына өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер лаңкестік әрекеттердің алдын алуда, анықтауда және жолын кесуде тиімді іс-қимыл жасауға септігін тигізеді.

Қазақстан да Орталық Азия аймағының құрамдас бөлігі ретінде халықаралық лаңкестік және діни-экстремистік ұйымдардың көзіне түседі. 90-жылдардың басында, Кеңес Одағы құлаған соң, бұрынғы «ағайын республикалардың» арасындағы қоғамдық қатынастар үзілген кейін, Қазақстан қоғамы мәдени және идеологиялық вакуумға тап болды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздық, көпшілік халықтың болашағының белгісіздігі, сондай-ақ, қазақ халқының діні мен мәдениетінің түп негізіне бой бұру процесі, осының барлығы біздің елімізде экстремистік діни ағымдардың дәнін себуге құнарлы орта болып табылды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары пайда болған «діни құлазу» елімізде көптеген түрлі секталардың, діни қозғалыстар мен мұсылмандық, христиандық бағыттағы партиялардың пайда болуына себеп болды. Осылайша Қазақстанда қайырымдылықты жамылып, түрлі үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар арқылы гуманитарлық және басқа да көмектер жасау, жеке оқу орындары мен медреселерде ағарту жұмыстарын жүргізумен түрлі, соның ішінде экстремистік, діни ағымдар өкілдері білдірмей қоғам санасын экспансиялай бастады.

Лаңкестікпен күрес мәселесін шешу барлық деңгейдегі мемлекетаралық өзара әрекеттестікті талап ететінін есепке ала отырып, республикамызбен осы салада бірқатар халықаралық және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Лаңкестікпен күрес саласында республикамыз ТМД елдерімен, сондай-ақ, ШЫҰ шеңберінде Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасауда. Лаңкестікпен күрес ісіне қолда бар келісімдердің негізінде түркі тілді мемлекеттермен жасалып жатқан ынтымақтастықтар өзінің белгілікті үлесін қосуда. Соңғы жылдарда Қазақстанда 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салынды. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі. Ресми өкілдің айтуынша, соңғы 4 жыл ішінде Республикамыздың Бас прокурорының өтініші бойынша сот орындары: «Әл-Каеда», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Күрт халық конгресі», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Асбат-әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» қозғалысы, «Бозғұрд», «Орталық Азия моджахедтер жамияты», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», «Шығыс түркістанды азат ету ұйымы», «АУМ Синрике», және «Хизб-ут-Тахир» сияқты 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салды [3]. Осыған орай прокуратура органдары Қазақстан аумағында терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолында мақсаткерлікпен үздіксіз тиянақты жұмыс жүргізіп келеді. Прокуратура қызметкерлері ең алдымен «Экстремизге қарсы әрекет туралы», «Лаңкестікпен күрес туралы» заңдардың және халықаралық келісімшарттардың қабылдануына белсене қатысып, елімізде терроризм және экстремизммен күрестің құқықтық негізін жасауға лайықты атсалысты.

23 қараша 2002 ж. Мәскеу қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлердің Кеңес отырысы өткен, соның үстінде министрлер ШЫҰ механизмдерін тез іске қосу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілетінін айтты. Бішкекте ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штаб–квартирасын орналастыруға байланысты туындайтын мәселелерді шешуге жалпы амалдар дағдыланды [4, 57б.]. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлердің бірлескен мәлімдемесінде (7 қаңтар 2002 ж.) ШЫҰ қатысушы мемлекеттер  БҰҰ ҚК       № 1377, № 1383 және № 1386 резолюцияларымен көзделген шараларды қолдап отырғанын растап жіберген және № 1373 резолюциясыға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы құрылған  комитетпен толық көлемде қызметтеседі. ШЫҰ қатысушы мемлекеттердің пікірінше барлық терроризмге қарсы операциялар БҰҰ Жарғының мақсаттары және қағидаларына және басқа халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалар талаптарына жауап беру қажет,  оларды  өз бетінше кеңейтуге  болмайды, халықаралық қауымдастық барлық жақтарға қолайлы Халықаралық терроризммен күресу туралы Тегіс қамтитын конвенцияның және ядролық терроризм актілерімен күресу туралы  Конвенцияны тез өндеуге жәрдемдесу қажет [5, 37б.].

ШЫҰ шеңберіндегі одан арғы ынтымақтастық терроризм, бөлінімпаздық (сепаратизм)  және экстремизм әрекеттерін қиюда қажеттілік туған жағдайда Шанхай конвенцияға қатысушы–мемлекеттердің келісуі негізінде іс жүзінде көмек көрсету бойынша әрекеттердің тәртібін белгілеу бағытында жүру  мүмкін.  ШЫҰ қатусушы–мемлекеттердің қызметі ақпаратпен алмасу, диалог жөнге салғызу, контртеррористік комитетпен және өзге халықаралық ұйымдармен терроризммен күресу іс тәжірибе ауыстырып әрекеттесуін нығайту шеңберінде қалыптасады. Конвенция ең бірінші, терроризмге тойтарыс беру аясында ең алдымен мемлекеттердің ынтымақтастығы терроризмді, бөлінімпаздықты (сепаратизм) және экстремизмді тудырушы жағдайларды жоюға негізделу қажеттілігі сияқты айқын көрінетін фактіге тиісінше назар аудармайды. Терроризм мәселелерін зерттеген көптеген зерттеушілер ынтымақтастықтың басты нысаны болып, тек қана терроризм, экстремизм және бөлінімпаздықты (сепаратизм) алдын–алу, аңықтау және қию бойынша  шараларды өндеу және қабылдау ғана емес, ең алдымен террористік қызмет субъектілердің дәлелін (мотивациясын) белгілейтін себептерін жою болып келетін фактіге көнеді.

ШЫҰ мүшелерінің шетел істер Министрлердің  11 қыркүйек 2002 ж. жасаған мәлімдемеде  дүниежүзінде жүргізілетін терроризмге қарсы әрекеттермен қоса терроризмнің пайда болу себептерін сондай өте қауіпті қорқынышын түпкілікті жою мақсатта ойластырудың белсенді процесі жүргізілу жайлы айтқан. Мемлекеттер ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықтың өзге нысандарын сауда-экономикалық және ғылыми–техникалық бағыттарынан бастап, мәдени және экологиялық бағыттарға дейінгі дамытатынына үміт артамыз [6, 9-15б.]. Ынтымақтастықтың бір бағыты ретінде Конвенция өзара әрекеттесудің басқа нысандары туралы, соның ішінде терроризм, бөлінімпаздық (сепаратизм)  және экстремизм әрекеттерін қию және оның зардаптарын жою туралы жақтардың өзара келісімдерге жетуді көрсетеді. Яғни жақтар келісімдер негізінде бірігіп  қылмыстармен күресуде «коалиция» құру жолмен жүзеге асыра алады. Сондай келісімдер Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайтын тиісті хаттамалармен рәсімделеді. Конвенцияға қатысушы мемлекеттерде ТМД шеңберінде әскери ынтымақтасу, терроризмге тойтарыс беру тәжірибесі бар екен. Бұл Тәжікістан-Ауғаныстан шекараларын қорғау, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың (ҰҚШ) шеңберінде [7] халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы Орталық Азия аймағында жедел жаю бойынша Ұйымдық күштерді құру, әскери басқару органдарын және әскерлерін, аймақтағы мемлекеттердің өзге күш құрылымдардың қаражаттарын және күштерін халықаралық террористік құрылымдарға қарсы жасалатын бірлескен әрекеттерге  дайындау. Әр жылы «Достастықтың оңтүстік қалқаны», «Оңтүстік–антитеррор» атты әскери оқулар өткізіледі. Достастық халықаралық терроризммен күресетін мүшелерге әскери–техникалық жәрдем көрсетеді. Яғни мемлекеттердің антитеррористік өзара әрекеттесу тиімділігін жоғарылатуда халықаралық терроризмге тойтарыс беруде әскери күштерді қолданудың тұжырымды негіздерін қайта қарау қажеттілігі белгілене бастады. Бірақ бәрібір сондай ынтымақтастық терроризмге бірлесіп тойтарыс беру жағынан әскери ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын жетілдірумен параллелді жүру қажет. Халықаралық терроризмнің жаппай көріністерге дағдарыс шағылысу тетіктерін өндеуде бірлескен күш салу және барлық әскери құрылымдардың регламентациясы қажет. Сонда қойылған мақсаттарды шешуге арналған басқару органдарды және ұлттық әскери күштердің әскерін даярлау бағдарламалары және жоспарлары бойынша келісімге келу маңызды роль ойнайды.

Конвенция шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырып және дамыту үшін жауапты органдар ретінде Жақтардың орталық құзыретті органдар болып келеді, олардың тізімін Жақ дипломатиялық каналдар бойынша жазбаша түрде депозитарийге ұсынады. Осы органдар тікелей бір–бірімен екі жақты және көпжақты нысанда (4 бап) көмек көрсету сауалдың негізінде, соған қоса бір Жақтың орталық құзыретті органның бастамасымен ақпарат беру арқылы        (8 бап) әрекеттеседі. Орталық құзыретті органдар жедел байланыс желілерін құру және кезекті немесе кезексіз кездесулерді өткізулері мүмкін. Халықаралық және аймақтық деңгейлерде  антитеррористік үйлестіруші құрылымдар құру ережелері белгіленген ережелері іс жүзінде баяғыда жүзеге асырылған. Солай Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ТМД антитеррористік орталықтың қызметіне белсенді қатысуда. Конвенцияның 10 бабы қалыптасқан халықаралық тәжірибеге сәйкес бөлек келісім–шарт және өзге қажетті құжаттардың негізінде Конвенцияның  1 бапта көрсетілген әрекеттермен тиімді күресу үшін Аймақтық терроризмге қарсы құрылымды (АТҚҚ) Бішкек қ. (Қырғыз Республикасы) орналастырып, құру мүмкіндігін белгілейді.

23 мамыр 2002 ж.  Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың бастықтары аймақтық терроризмге қарсы құрылым жайлы жобаны талқылап, мақұлдаған, және де оған қол қойып, одан әрі дамыту бойынша құжаттарды өндеу қажеттілігі туралы айтты. Жоғары деңгейде 7 маусым 2002 ж. Санкт-Петербург қаласында қол қойылған  Шанхай ынтымақтастық ұйымның Хартиясы [8] ШЫҰ–на халықаралық құқықсубъектілігін беріп, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері терроризм, экстремизм және бөлінімпаздық (сепаратизм) оның барлық көріністерде тойтарыс беру, есірткі заттардың және қарудың заңсыз айналымымен, трансұлттық қылмыстық қызметтің басқа түрлерімен күрес жүргізуді растады. Терроризмнің таралуына конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс аймақтарынан заңсыз миграциясы әсер етеді, ал бұл Конвенцияға қатысушы елдерге террористік және экстремистік сипаттағы халықаралық ұйымдардың мүшелердің енуіне жол береді. Орталық Азия аймақта қалыптасатын жағдай ШЫҰ елдерінің заңсыз миграция каналдарына бөгет жасау бойынша келісілген әрекеттердің белсендігінің артуын талап етеді.

Осы мәселе бойынша белгілі бір кепілдемелер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен 28 қыркүйек 2001 ж. 1373 Резолюциясында көрсетілген еді: босқын мәртебесін алған уақытқа дейін ішкі мемлекеттік заңнама ережелері және халықаралық құқықтың ережелерін қолданылу қажет, соның ішінде адам құқықтары аясында халықаралық стандарттарын есепке алғанда, пана іздеуші тұлғалар террористік актілерді жоспарламағанын, оларды қолдамағанын, және оларға қатыспағанын аңықтау мақсатында, халықаралық құқыққа сәйкес террористтік актілердің орындаушылары және ұйымдастырушылары немесе олардың көмекшілері босқын мәртебесін асыра қолдамағанына бақылау жүргізу және саяси себептерге сілтемелер терроризмге қатыстылығына күдікті тұлғаларды беріп жіберу туралы өтініштердің негіздері ретінде танылмайтынын қамтамасыз ету қажет.

Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның негізгі мақсаттары және функциялары, құрылу және қаржыландыру қағидалары, қызмет ету тәртібі қатысушы мемлекеттер жасасатын бөлек халықаралық шартпен және өзге олар қабылдайтын  қажетті құжаттармен реттелінеді (ШЫҰ Хартиясының 10 бабы). ШЫҰ органдардың функциялары және жұмыс тәртібі мемлекеттер басшыларының Кеңесімен бекітілетін тиісті ережелерімен белгіленеді (4 бап). 7 маусым 2002 ж. Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы Келісім–шартқа қол қойылды. Оның қызметі ШЫҰ бюджет қаражаты есебінен қаржыланады және мүлкі мен активтері әкімшілік немесе сот араласудың барлық нысандарынан иммунитетке ие болады. АТҚҚ бөлмелері және көлік құралдары, соған қоса архивтер мен құжаттар, қызметтік корреспонденциясы, орналасу жеріне қарамастан тінту,  реквизициялау, тәркілеу және оның қызметіне кедергі келтіретін  басқа да бір араласу нысанға жол берілмейді. АТҚҚ тура салықтарды, баж салығын, орналасатын мемлекеттің жерінде алынатын  өзге төлемдерден, қызмет көрсетудің тікелей түрлері үшін ақы төлеуден басқа, босатылады.

Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа қалыптасып отырған жаңа тетігін көріп отырмыз. Конвенцияға қатысушы елдер шекараларын нығайту және аумақтық мәселелерді шешу жолымен терроризммен күресу, заңсыз миграцияға жол бермеу сияқты бағыттарын дамыта отырып, өз ынтымақтастығын жалғастыру, аймақтық терроризмге қарсы құрылым арқылы одан әрі әрекеттесу, террористік қызметке жол бермеу үшін әскери күшті қолданудың тәртібін белгілеу қажет. Терроризммен, бөлінімпаздық (сепаратизм) және экстремизммен күрес – ШЫҰ қызметінің басты мақсаттардың бірі. ШЫҰ аймақтағы сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сондай маңызды ролін атқару үшін үлкен потенциалға ие. Қазіргі уақытта ШЫҰ және Конвенцияға қосылуға құштарлығы бар екенін мәлімдейтін мемлекеттер бар. Соңғы уақыттағы дүниеде орын алған маңызды оқиғалар терроризммен күресудің шеңберінде және халықаралық қатынастардың көпполярлы жүйесін құрудағы ортақ жігер күштердің қажеттілігін дәлелді көрсетуде.

Терроризммен күрестегі жетістікке тек жақтардың біріккен ынтымақтастығымен жетуге болады. Тәжірибе және ақпараттармен алмасу, бірлескен құрылымдар құру, ғылыми конференцияларды, терроризммен күрес бойынша мамандардың жиындарын, арнайы бөлімшелердің біріккен жаттығуларын  дайындау және өткізу, бірігіп жұмыс жасау мақсатында  терроризмге қарсы іс әрекеттер мәселелерін шешетін арнайы бөлімшелер мен ведомство бастықтарыдың, сарапшылардың екіжақты және көпжақты кездесулер негізінде өткізілуі септігін тигізер еді.

АҚШ-тағы 11 қыркүйектегі оқиға террористтік ұйымдардың қызметіне әлем қауымдастығының реакциясын күшейтті. Атқарылған жұмыстың нәтижесі әлемдік антитеррористтік саясат жақсы жалғаcу үшін мына талаптар орындалғаны дұрыс:

  • Террористтік актілерді қаржыландыруды алдын алу қажет;
  • Террористтік актілерді жасау үшін  қаржымен көмектескендерге қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • Террористтік акттерді жасаған немесе жасағысы келген адамдардың қаржы активтерін, экономикалық ресурстарын жауып тастау;
  • Террористтік актілерді қолдайтын, қаржыландыратын және жоспарлайтындарға баспана бермеу;
  • Террористтік актілерді қаржыландыру және қолдауға қатысты қылмыстық іс жүргізуде көмек көрсету;
  • Теракттердің алдын алу мақсатында екіжақты және көпжақты тетіктер және келісімдер шеңберінде  барлық жақтардың ынмақтастығы;
  •  Халықаралық терроризммен күрес туралы халықаралық конвенция және хаттамаларға қосылу;
  • Қару жарақтар, жарылғыш заттар сату, террористтік топтардың іс әрекеттері және қозғалыстары туралы жедел ақпараттармен алмасуды тездету мүмкіндігін табу;

Адамзат XXI ғасырға қадам аттағалы өткен жүзжылдықта шешілмеген көптеген мәселелерге ие болса, соның бірі – терроризм. Әлем қауымдастығының даму жолы мен басқа қиындықтарды шешу жетістігі осы мәселені шешу нәтижесіне байланысты. Антитеррористтік әрекеттердің нәтижелі болуы халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерінің осы мәселені шешуге талпыныстармымен анықталады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Зорин Г.А., Танасевич О.В. Понятие и основные признаки транснациональной преступности. – Гродно: Негос. ин-т современных знаний. 1997. – 32 б.

2. Антонян Ю.М. Терроризм. Криминологическое и уголовно-правовое исследование. – М.: Щит-М, 2001. – 73 б.

3. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің сайты: www.kt.kz

4. Илларионов С.И. Глобальная террористическая война. М. ПрофЭко, 2006. — 57 б.

5. Совместное заявление министров иностранных дел государств-участников Шанхайской организации сотрудничества (Пекин, 7 января2002 г.) // «Дипломатический вестник», 2002 ж., N 2. – 37 б.

6. Кирсанов Г.В Шанхайская организация сотрудничества: правовые аспекты развития региональных антитеррористических институтов // «Журнал российского права», 2004, N 3. — 9-15б.б.

7. Договор о коллективной безопасности (Ташкент, 15 мая1992 г.) // ЮРИСТ — справочная правовая система». – www.zakon.kz   15.05.2009 ж.

8. Хартия Шанхайской организации сотрудничества (Санкт-Петербург, 7 июня2002 г.) // ЮРИСТ — справочная правовая система». – www.zakon.kz   15.05.2009 ж.

 

Рахметова А.М.

«Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс магистранты

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы