Құқық, Қоғам, Криминалистика

Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу, сотталғандардың еңбек ету жағдайлары және оны төлеу

Сотталғандардың соның ішінде бас бостандығынан айырылғандар еңбегінің рөлі тәрбиелеу маңызымен аяқталмайды. Оны қолданудың экономикалық, тәртіптендіру, сауықтыру маңызы бар.

Экономикадағы қолайсыз жағдай, өндірістің құлдырауы сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қиындатып жіберді. Қазіргі уақытта Республикада пайдалы еңбекпен орта тізіммен есептегенде сотталғандардың 27 проценті ғана жұмыс істейді.

Читать полностью »

Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері

Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза режимін тиімді өткеруді қамтамасыз ету дегеніміз – оның әрбір талабын уақытында және тиісті орындауды айтамыз. Түзеу мекемесінде қылмыстық – атқару құқық қатынастарына барлық қатысушылардың мінез – құлқы жазаны атқаратын режимді реттеуші құқық нормаларына сәйкес келуі тиіс. Режимнің талаптарын қатаң орындамай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу шаралары жүйесінің тиімді әсер етуі мүмкін емес. Бұдан басқа түзеу мекемесіндегі режим сотталғандарға бақылау жүргізіп, оларды күзету арқылы, оларға мадақтау мен жазалау шараларын қолдану арқылы, ал төтенше жағдайда қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі.

Читать полностью »

Бас бостандағынан айыру орындарындағы режимнің түсінігі, мазмұны мен оның негізгі функциясы

Режим – қылмыстық – атқару құқығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.

Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с ұшырау.

Читать полностью »

Бас бостандығынан айырылғандар отырыған жерлердегі сотталғандарды есепке алу, бөлу және аудару

Есепке алу мемлекеттің барлық саласында, соның ішінде қылмыспен күресу саласында болып жатқан процестерді жалпылама және үздіксіз бақылаудың маңызды құралы.

Есептеуді іске асыру үшін есептеу аппаратының дұрыс жүйесі құрылған. Олар орталық және жергілікті болып бөлінеді. Орталыққа – ІІМ – нің ақпарат орталығы кіреді, оның құрамында, қылмыс жасап жазасын өтеп жүрген адамдарды есептейтін анықтама бөлімі бар.

Читать полностью »

Сотталғандардың жазасын атқаратын мекемелер түрін белгілеу

Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтіні, оны түзеп және тәрбиелеу үшін маңызы күшті, сондықтан түзеу мекемесінің түрін дұрыс белгілеу тиіс.

Мұның бәрі бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезіндегі құқықтық жағдайына елеулі әсер етеді.

Түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге, қылмыстық – атқару заңына сәйкес дұрыс көңіл бөлу тиіс, себебі сотталғандар негізінен жазаның барлық мерзімін бір түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткізеді.

Читать полностью »

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру

Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.

Ең аз үлгі Ережесінің 8–тармағына сәйкес оларды категорияларға бөлудің жалпы ережелері мынадай:

«Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек–бөлек орналастырылады». Топтастыру мен жекешелендіру мақсаты Ереженің 67 – тармағында белгіленген, онда былай делінген: Топтастырудың мақсаты -қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез–құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу,  қамаудағыларды категорияларға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен  жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Читать полностью »

Еңбекпен түзету заңдарының реформасы

Заңның кез келген саласын реформалау процесі, соның ішінде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық дамумен есептеспей іске асуы мүмкін емес екені бізге мәлім. Қылмыспен күресті реттеудегі заң саласын реформалау кезіндегі қылмыс динамикасы мен құрылымы, өткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжірибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейі, саяси партиялардың көзқарасы, елдің халықаралық құқық актілерін бекіту жағдайы, теориялық зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейі еске алынуы тиіс.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы