Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу, сотталғандардың еңбек ету жағдайлары және оны төлеу


Скачать/Жүктеу

Сотталғандардың соның ішінде бас бостандығынан айырылғандар еңбегінің рөлі тәрбиелеу маңызымен аяқталмайды. Оны қолданудың экономикалық, тәртіптендіру, сауықтыру маңызы бар.

Экономикадағы қолайсыз жағдай, өндірістің құлдырауы сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қиындатып жіберді. Қазіргі уақытта Республикада пайдалы еңбекпен орта тізіммен есептегенде сотталғандардың 27 проценті ғана жұмыс істейді.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басты қағидаты ол сотталғандармен жұмыс істеу әдісі, бостандық жағдайындағы еңбек етуге жақын болып, соған жақын болуы тиіс. Республика экономикасының базар қатынасына көшуіне байланысты сотталғандардың еңбек әрекетін ұйымдастыруда түгелдей өзгерістер енгізуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Кодексінде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау беріген. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үлгілерін зерттеу мақсатында бұл заң бөлімінің мазмұнын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетінің келесі түрлерін белгілейді:

  • Түзеу мекемелерінің кәсіпорындары жүйесінде
  • Қылмыстық атқару жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындарда
  • Әртүрлі меншік нысанындағы мекеме аумағында немесе сыртындағы кәсіпорын обьектлераінде
  • Мекемедегі жай шаруашылық қызметтерінде
  •  Дербес еңбек қызметімен айналысуды.

Жеке өндіріс әрекеті. Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің жеке өндіріс әрекетіне өндіріс олардың жеке бастауы әрекетімен тәуекел етіп және заңмен белгіленген жауапкершілікке алғаны жатады.

Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелері жеке өндірістік әрекеті іске асырғанда мыналарға міндетті:

v     Олар қол қойылған шарттағы міндеттерін орындауға;

v     Жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтарды әлеуметтік, медициналық және басқа да міндетті түрлерімен қауіпсіздендіруді іске асырып, жағдай жасап, қамтамасыз етілуге;

v     Жұмыс істеп жүргендерге еңбекте қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және олардың  денсаулығы мен еңбекке жарамдылығына зиян келтіргенде заңмен белгіленген тәртіппен жауап беру;

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізіп отыру. Олар мемлекеттік органдарға жалпы мемлекеттік жүйеде тиісті экономикалық ақпарларды  жинау мен өңдеуді жүргізу үшін ақпар береді:

- Жерді және басқадай жаратылыстың қорын тиімсіз пайдаланғаннан, қоршаған ортаны ластағанынан, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзғаннан, қызметкерлердің, халықтың, өнімді тұтынушылардың денсаулығыан қорғауда тазалық санитарлық норма мен талаптарын орындамаудан келтірілген зиянның орнын толтыру

- Жаратылысты қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға Республика заңдарымен қылмыстық атқару жүйесі мекемелеінің өндірістік әрекетін өз шеңберінде тексеру міндеттеліп, оларға ақпар беріп отыру.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы