Скачать/Жүктеу
Режим – қылмыстық – атқару құқығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.
Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с ұшырау.
Қылмыстық – атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары мынандай: Сотталғандарды міндетті түрде оқшаулау және оларға жаңадан қылмыс жасауға мүмкіндік бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылмыстар жасатпау үшін өне бойы бақылау қою, олардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен сыр – сипатына байланысты түрліше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрі мен мінез – құлқы.
Жоғарыда көрсетілген режим ережесі мақсатының қамтамасыз етілуі режим элементтері деп аталады, ал олардың жиынтығы оның мағынасын құрайды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару режимі элементтерінің көңіл аударарының бірі – сотталғандарды оқшаулау болып есептеледі. Түзеу мекемелерінде де әр түрлі дәрежедегі сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесі негізінде бір – бірінен айыру белгіленген. Бұл қауіптілік және әлеуметтік — өнегелілігі асқынған сотталғандардың басқаларға теріс әсерін тигізбеуі мақсатында көзделген.
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелігіне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауіптілігіне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез – құлқына байланысты әр түрлі жағдай жасау арқылы қылмыстық – атқару құқығының маңызды принципі – жазаны өтеудегі даралауды іске асыру болады. Ол әр түрлі дәрежедегі сотталғандарға түрліше жазалау ықпалын қолдану арқылы іске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрімен, субъективті құқығын шектеу көлемін, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгілеумен (қамауға дейінгі тұрғын жері маңында немесе тұрғын облысынан шектері жерде).
Ұстау режимінің негізгі талаптарының іске асырылуы түзеу мекемесіндегі қатаң қойылған ішкі тәртіп ережесінен табылады. Оны былайша түсінуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амалдардың жиынтығын пайдалану реті; ол адамдардың өз міндеттерін орындау мен құқықты іске асыру ретін белгілейтін мінез – құлық ережесінің жиынтығы; сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөніндегі түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерінің барлық бөлімдерінің, қызметтерінің және лауазымды адамдарының іс – қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимі дегеніміз – сотталғандарды түзеу және тәрбиелеудің бүтін жүйесінің басқарылатын құрылым элементі, ол мынандай функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады: жазалауды, тәрбиелеуді, жабдықтауды, реттеуді, профилактикалауды (қылмыстық жекелей және жалпылай ескерту функциясы).
Режимнің функциялары біртұтас жүзеге асырылады, олар бірін – бірі толықтырады, өзара байланыста болады. Бас бостандығынан айыру режимінің функциялары бір ғана мақсатқа жетуге, яғни: сотталғандарды тәртіптілікке тәрбиелеуге, тәртіп ережесін олардың өз еркімен орындауына, құқық бұзу мүмкіндігін болдырмауға, ал ақырында оларды түзеуге бағытталған. Режим функциясының әрқайсысы функциясының барлық жинағын бір уақытта ойдағыдай жүзеге асыруға жағдай жасайды.