Еңбекпен түзету заңдарының реформасы


Скачать/Жүктеу

Заңның кез келген саласын реформалау процесі, соның ішінде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық дамумен есептеспей іске асуы мүмкін емес екені бізге мәлім. Қылмыспен күресті реттеудегі заң саласын реформалау кезіндегі қылмыс динамикасы мен құрылымы, өткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжірибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейі, саяси партиялардың көзқарасы, елдің халықаралық құқық актілерін бекіту жағдайы, теориялық зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейі еске алынуы тиіс.

Елдің қылмыстық-атқару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгізу жолымен жүргізіліп келеді. Бұл – заңды процесс, себебі біздің ойымызша, ол заңдылықты жетілдіре беруге және жазаны атқарғанда заңдылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің қабылдануы қылмыстық жазаның барлық түрінің орындалуы тәртібін жан-жақты және толық реттейтін табиғи кезең болғаны сөзсіз.

Бүгінгі заң күші бар Қылмыстық-атқару заңы отыз жылдарға жуық уақыт ішінде шамасында қалыптасты. Осы уақыттың ішінде Еңбекпен түзеу заңының негіздеріне және Еңбекпен түзеу кодексіне мезгіл-мезгіл қосымшаларымен өзгертулер енгізілді, жоғарыда көрсетілген заңдар реттемейтін кейбір жазаның тиісті орындалуын жөнге салатын жекелеген заң актілері де қабылданды. Біз бұдан Қазақстанда қазіргі уақытта жазаның барлық түрлерінің орындалуы жоғарыда аталған заңдармен реттелетіндігін көреміз.

КСРО ыдырап ТМД құрылғаннан кейін де біртұтас қылмыстық-атқару заңын даярлау мәселесі ашық болып қала берді. ТМД мемлекеттері ұзақ тарихи кезеңде бұрынғы КСРО халықтары қоян-қолтық бір қарым-қатынаста тұрғандықтан бір қылмыстық еңбекпен түзеу заңдары, жалпы проблемасы, барлық мемлекеттерге тән қылмыстық-атқару жүйесі болағндықтан, ол ТМД елдерінің өз алдына жеке-жеке Қылмыстық-атқару заңдарының үлгісі болатындай жаңа Қылмыстық-атқару кодексін жасаудың керектігін дәлелдеді.

ТМД елдеріне үлгі ҚАК-нің негізінде Қазақстан Республикасының ҚАК-нің жаңа жобасы дайындалып, 1997 жылы желтоқсанның 13-інде қабылданды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы