Скачать/Жүктеу
Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтіні, оны түзеп және тәрбиелеу үшін маңызы күшті, сондықтан түзеу мекемесінің түрін дұрыс белгілеу тиіс.
Мұның бәрі бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезіндегі құқықтық жағдайына елеулі әсер етеді.
Түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге, қылмыстық – атқару заңына сәйкес дұрыс көңіл бөлу тиіс, себебі сотталғандар негізінен жазаның барлық мерзімін бір түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткізеді.
Түзеу мекемесінің түрін, тиісті режимін, жазаны қай жерде өткеретінін, сотталғанға бастапқы топтастыруды белгілейтін жалғыз орган – ол сот болады.
Сот үкім шығарғанда түзеу мекемесін әлде ұстау режим түрін белгілегенде қате жібере қалса, жоғары тұрған кассация жөнімен немесе бақылау ретінде сотталғандарды ұстау режим түрін, мекемесін өзі белгілей алады.Үкімнің заңды күшіне енген соң және оны орындауды айтқан күнінен бастап 10 күн мерзімінен кеншікпей бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеуге жіберіледі.
Түзеу мекемесіне жіберуді ол адам сотталғанша ІІМ қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің жолдама рұқсатымен ұсталып отырған тергеу қапасының ерлер мен әйелдердің жалпы саны, сотталған заңның баптары, өтпейтін тиісті жазалау мерзімі көрсетіледі. Жолдамада тергеу қапастарының арнайы бөлімі жүргізілген таспаға басылған сотталғандардың жеке басының істері және жолдама тізім – құжат, онда жөнелтілу себептері, сотталғандар қайдан, қайда жөнелтіледі, жеке бас істің нөмірлері, тегі, аты әкесінің аты, туған жылы, сотта қойылған баптары, жаза мерзімі мен түзеу мекемесінің режим түрі жазылады.
Сотталғанның жеке басы ісінде: анкета, дактило – карта, танитын фотографиясы, үкімнің көшірмесі, үкімнің немесе ұйғарымның заңды күшіне енгені туралы анықтамасының көшірмесі, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама, медицина картасы болады.
Түзеу мекемелеріне сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы немесе оның оператив, сондай – ақ режим жұмысы жөніндегі орынбасары төрелік ететін үздіксіз істейтін комиссия жүргізеді. Түзек мекемесіне қабылдауға жатпайтындар:
- үкім заңды күшіне енбегендер;
- түзеу мекемесінің басқа түріне жататындар;
- құжаттағы мәліметтері шындықпен сәйкес келмейтіндер (тегі басқа, туған жылы басқа және т.с.с).
Сотталғандарды қабылдаған кезде оларды тінтеді, жеке заттарын тексереді, одан кейін медициналық тексеруден өткізіледі. Керек болса олар санитарлық тазалаудан өтеді. Осылардан өткеннен соң мерзімі – 2 жетіге дейін карантин үйіне жіберіледі. Қабылдағаннан кейін 3 дана етіп акт жасалады: біріншісі конвой бастығына беріледі, екіншісі – түзеу мекемесіндегі іске тігіледі, үшіншісі – сотталғанды бас бостандығынан айырған мекемесіне жіберіледі. Түзеу мекемесіне жаңадан қабылданғаннның әр қайсысына 24 сағаттың ішінде үкім шығарған сотқа хабарландыру хаттама жіберіледі. Сотталғандардың отбасына, жақын туыстарына, мекемеге келген күннен бастап 10 тәулік ішінде мекеменің мекен – жайы, беруге немесе почтамен жіберуге рұқсат етілген тағамдар мен өте қажетті заттар тізімі, сотталғандармен жолығысудың негізгі ережелері хабарланады.
Жаңадан келген сотталғанмен бірінші күннен бастап әңгіме жүргізіледі, онда оны режим ережелерімен, ішкі тәртіпппен, міндеттері, яғни құқықтарымен, тәртіптік жаза қолдану мен мадақтау шараларының негіздері және тәртібімен таныстырылады.