Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі


Скачать/Жүктеу

Дәріс мақсаты: Ақпарат агенствалары, газет, радио және телевидение туралы түсінік беру. Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Жоспар:

1 Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі

2 Ақпарат агенствалары, газет, радио және телевидение.

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):

Қытайда екі ақпарат агенттігі бар: Синьхуа (Жаңа Қытай) және Қытай ақпарат қызметі. Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігінің штаб пәтері Пекинде орналасқан. Синьхуа агенттігінің негізін құрушы 1931 жылы 7 қарашада Жуйцзинде – орталық кенес аймағының астанасында құрылған «Қызыл Қытай» ақпарат агенттігі болды. Сол жылдары «Қызыл Қытай»  агенттігі қытай кеңес мемлекетінің орталық үкіметінің ресми органы болды. 1937 жылы қаңтар айынан бастап бҗл агенттік Синьхуа деп аталды.

Қытай ақпарат қызметі. Бұл ақпарат агеттігінің басты міндеті шет елде тұратын қытайлықтар (хуацяо), — Сянган, Аомынь, Тайваньда және қытай жерінде тұратын шетел азаматтарына ақпарат тарату болып саналады. Бұл Бейжинде орналасқан жалғыз ақпарат агенттік. Оны кеңес басқарады. Қытай ақпарат қызметі 1952 жылы қҗрылды. Алғашында, Қытай радиостанциясының белгілерін қолданып, бұл ұйым шет елдер үшін бағдарламалар жүргізді, сонымен қатар ақпаратты әуе почтасы арқылы таратты. Кейін ол мақала, фотоақпарат, әртүрлі хабарламалар мен кинофильмдерді тарата бастады. Қытай ақпарат қызметінің Гуандун, Фуцзян, Шанхай, Юньнан, Сянганда бөлімшелері бар. Провинция орталықтан басқарылатын қалалар  мен автономды аудандарда оның тілшілері жұмыс істейді. Қытай ақпарат құралдары күн сайын 10 мың қытай иероглифтері көлемінде ақпарат бюллетендерін таратады. Ол Пекин мен Сянганда «Қытай ақпарат бюллетендерін шығарады». Қытай тілінде бағдарлама жүргізушілер және Сянган, Аомынь және басқа мемлекеттерде орналасқан 160-тан аса газет журналдар, радиостанция мен телеорталықтар бұл қызметпен қамтамасыз етілген ақпараттарды қолданып, таратады. Қытай ақпарат қызметінің кинобөлімшелері Сянгандағы кинотүсіруші студияларға көмектеседі және шетел киностудияларымен қызметтеседі. Кинобасылымдар шет елдерде кең қолданады.

Қытайда ең алғашқы ресми газет 12 ғасыр бұрын шығып отырған «Дибао» газеті болды. Оның мазмҗнының негізі ресми хабарламалардан тұрады: императорлық бұйрық, мемлекет басшыларын тағайындау мен босату туралы жаңалық және тағы басқа. Қазіргі кездегі газеттер мен журналдар Қытайда тек 19 ғасырда пайда болды. Қытай Халық Республикасының құрылуынан кейін газет саны мен олардың тираждары күрт өсті. 1985 жылы Қытайда 698 орталық және аймақтық газеттер шығарылды. Баспасөз партиялық органдар мен кәпшілік җйым газеттерінен басқа кәсіпшілік баспасөз , таңсәрілік және кешкі газеттер мен апталықтар, мәдени — ағартушылық басылымдар, сондай-ақ тек экономикалық ақпарат басатын газеттер бар. Шаруашылық жауаптылық жҹйесі мен ауылды экономикалық дамытуды екгізумен шаруалардың көп көңіл бөлетін сауда, ғылым мен техника жаңалықтары жағдайы туралы ақпарат беретін газет саны күннен күнге өсіп келеді.

1-ші ұлттық радиостанция Яньан қаласында антижапондық сағыс кезеңінде өз жұмысын бастады. Радиохабарлар жүргізу масштабтары жаңа Қытай құралғаннан кейін күрт өсті. 1985 жылдың аяғында мемлекете 214 радиостанция жұмыс істейді. Қытай радиостанциялары трансляцияны 43 тілде өткізеді. (38 шетел , путунхуа Қытай ұлттық тілінде және 4 қытай тілінің 4 диалектісінде). 1950 жылы хабарлау тек 11 тілде өткізілді. Қытай теледидары 1958 жылы жарыққа шықты. 1985 жылы жалпы алғанда 202 телестанция болды. Қазіргі кезде алыс Яхаса (Тибетте) және Үрімші (Синьцзян – Җйғыр автономды аудан) Қытайда жіберілген спутниктік байланыс көмегімен қытай орталық теледидар бағдарламаларын көре алады. Оның жұмыс атқаратын радиусы Пекиннен мемлекеттің барлық территориясында бағдарламаларда көруге мумкіндік береді. 2568 уездерде және қалаларда аймақтық радиатор іске қосылуда. Теле және радиотасымалдау басты орталықтары Орталық халық радиостанциясы мен Қытай орталық теледидар болып табылады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1 Қытайдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының ролі

2 Ақпарат агенствалары, газет, радио және телевидение.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы