Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері


Скачать/Жүктеу

Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада – жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.

КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды реттеудің өз жүйесін құрды.

Қылмыстық-атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.

Сонымен, қылмыстық-атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны – олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару – қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары – мақсатқа жетудегі жаза алдында тұрған құқықтық бағдарлама қызметі: сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу, сотталғандарды да, басқаларды да жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.

Қылмыстық-атқару заңдары – бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық-атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.

Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодеске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялар туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.

Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуді талап ететін  құқықтық актілер ереже, нұсқау түрінде т.с.с. болжаулар. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстық-атқару заңының міндеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында белгілегендей, заңның бұл саласы қылмыстық жазаны орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ол тек қана жасалған қылмыстың сазайын тартуымен бірге, сотталғандарды  таза еңбек етуге баулу, заңды бұлжытпай орындауға, қоғамдық тәртіпті сыйлай білуге, түзелуге, қайта тәрбиелеуге бағытталып, соныммен қатар сотталғандардың, тағы басқалардың жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы