Скачать/Жүктеу
Өлім жазасы – заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы. Сонымен мұндай істер жөніндегі соттың қатесі үкім орындалып болғаннан кейін түзетілуі мүмкін емес. Сондықтан, адамның дұрыс сотталғандығының өте ұқыпты тексеру процедурасы көзделген және өлім жазасын басқа жазамен сот тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлі де кешірім жасау арқылы ауыстыру мүмкіндіктері көзделген. Өлім жазасына сотталған, шығарылған үкімге шағым, арыз беруге құқығы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың дұрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Бас Прокуратура тексереді. Олар өлім жазасының дұрыс қолданылғаны туралы өздерінің қорытындысын береді немесе үкімге қарсылық білдіреді. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Қазақстан Республикасның Президентіне кешірім жасау туралы өтініш жібереді.Егер ол кешірім сұраудан бас тартса, ол жөнінде тиісті акт жасалып, үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және басқа керекті құжаттарды қосып, сотталғанның кешірім сұрау мәселесін қарау үшін Президент Апаратына жіберіледі.
Заң көмегін алуға және адвокатпен оңаша кездесуге құқылы. Кешірім жасау туралы барлық арыздар қанағаттандырылмай, үкім күшінде қалдырылғаны туралы хабарлама түскенен соң жаза бір жыл өткеннен кейін ғана орындалады. Өлім жазасына сотталған адам күшейтілген күзет пен және бір кісілік камерада ұсталуы тиіс. Соталғандар сейілденуге камера сайын бөлек-бөлек, басқа сотталғандардан аулақ оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексеріледі. Әлсін, әлсін ұқыпты тінтіледі. Сотталғандарды камерадан шығарудың туысқандары мен діни қызметкерлерімен кездестірудің арнайы ережесі болады. Ол сенімді күзет пен және қызмет істеп жүргендермен кездесуші адамдар мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өлім жазасына сотталғанға керекті тұрсымтық жағдай жасалады, тиісті төсек-орын беріледі, 3 рет тамақтандырылады. Керек жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін өлім жазасына сотталғандарға арнайы үлгідегі киім кигізіледі. Өлім жазасына соталғандар еңбекке тартылмайды. Өлім жазасы жария етілмей ату жолымен орындалады. Бірнеше адамға өлім жазасы орындалатын болса, онда әрбіреуіне жеке-жеке және басқалардың қатысуынсыз орындалады. Өлім жазасын орындау кезінде прокурор өлім жазасы атқарылатын мекеменің өкілі және дәрігер болады. Сотталғанның өлімін дәрігер куәландырады, ол жөнінде хаттама жасалып, көрсетілген адамдар қол қояды.
Жазаны атқарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотқа, сотталғандардың жақын туысының біреуіне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлауға міндеті. Өліктің жерленген жері туралы туыстарына жерленген мерзімнен 2 жыл өткен соң хабарланады.