Скачать/Жүктеу
Халықаралық конвенция кейбір дәрежедегі сотталғандарға қөлім жазасын қолданбау туралы нормалар ұсынды, мұның 18 жасқөа толмағандарға қатысы бар. Оңтүстік Кореяда, Суданда 16 жас, АҚШ-тың 15 штатында 12-17 жас, Куба мен Болгарияда 20 жас, Гватемала мен Манғолияда 60 жасқа толғандарға өлім жаазасы қолданылмайды. Барлық елдерде аяғы ауыр әйелдерді азаптауға болмайды, ал, кейбір елдерде босанғаннан кейін жаза тартырады. Кәмелетке толмаған жасында қылмыс істегендерге өлім жазасын қолданбау негізді сияқты. Жасы келген адамдарға өлім жазасын қолданбауы адамгершілік жағынан түсіндіруге болады. Әйелдер ерлерге қарағанда ауыр қылмысты едеуір сирек жасайды. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабында «әркімнің өмір сүруге құқығы бар екендігі бекітілген және оғын қоса өлім жазасын ерекше ауыр қылымыс жасаған үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім сұрау туралы арыздану құқығы берілген» делінген.
Кейбір жағдайларда өлім жазасының заңда болғандығын қылмыс тоқтату рөлін атқарады, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ мерзімге сотталғандардың қылмыс жасағанында, тапсырмалы өлтірмелерде, тағы басқа жағдайларда еске алмауға болмайды. Қазақстанда өлім жазасын қолдануға мараторий орнатылған, уақытша бұл жазаны қолдануға тиым салынған.
Дүние жүзінде көптеген елдерде өлім жазасы қолданылады, оның 35 елдерде алып тастаған. Олар: Австрия, Германия, Австралия, Дания, Калумбия, Швеция, Франция. Тағы 18 ел соғыс уақытында және төтенше жағдайларда ғана сақтаған, олар: Аргентина, Бразилия, Испания, Италия, Канада, Мексика. Шығыстың кейбір елдерінде өлім жазасын неке бұзулар, зорлағандар, гомосексуалистер, мұсылман еместер мен мұсылман әйелдер арасындағы жыныстық қатынасы үшін белгіленеді.
БҰҰ-ына өлім жазасын қолдану туралы мәліметтерді 60-70 мемлкеттер береді. 1969-1973 жылдары мәлімет бергендердің 40 пайызы 1974-1978 – 60 пайыз, 19-79 1983 – 71 пайыз оны қолданған. Бұл жазанеы қолданушылар, негізінен адамның жеке басына қарсы істелген қылмыстар есебінен өсіп келеді. «Халықаралық рақымшылық» ұйымның мәліметінше 1980-1987 жж. әр жыл сайын өлім жазасына 1160-3209 адамға үкім шығарылғанымен, шынында 743-тен 3278 адамға дейін жазаланған.