Белгілі бір лауазымды болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жағдайлары мен тәртібі


Скачать/Жүктеу

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыруды сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабына сәйкес бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жазаның негізгі түрі ретінде және алты айдан үш жылға дейін жазаның қосымша түрі ретінде тағайындайды.

Бұл жазаны негізгісі ретінде өтеуді, сонымен бірге негізгіге қосымшасы ретінде айыпақы, түзеу жұмыстары және шартты түрде сотталғанның жаза атқаруын ұйымдастыруды сотталғанның тұрған жеріндегі қылмыстық- атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Бас бостандығынан шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегінегізгі жазаға қосымша ретінде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негізгі жазаны атқарушы орган,, ал негізгі жазаны өтеген соң- сотталушының тұрғылықты  жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.(ҚР ҚАК-нің 24 бабы)

Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттік қызметке кірген жағдайларға қылмыстық-атқару инспекциялары әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша қызмет өткеру кезінде сол жазаны атқаруға арналған сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Қылмыстық-атқару инспекциясының, әкімшілігінің, ұйымдардың сот үкімін және басқа да органдардың қаулы қарарларын орындау жөніндегі міндеттері ҚР ҚАК-нің 24,25,26- баптарында белгіленген.

Негізгі жаза ретінде немесе айыпақыға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезінде қосымша жаза түрі ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мерзімі, егер бұл жағдайда қосымша жазаның өтелуі-кейінге қалдырылмаса, сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Бас бостандығынан шектеуге, қамауға, бас бостандығынан немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға қосымша жаза ретінде белгілі бір қызметінен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза қолдану кезінде ол жазаның аталған негізгі түрлерін өтеудің бүкіл уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі оларды өтеу кезінен бастап есептеледі.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар сот үкімінің талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергені және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге міндетті. сотталған келмей қалған жағдайда оған еріксіз келтіру қолданылуы мүмкін.

Соттың белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру туралы үкімнің орындалмауына кінәлі өкімет өкілдері, мемлекет қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкерлері, мемлекет мекемелерінің, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ сот үкімінің талаптарын бұзушы сотталғандар ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы