География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Қорықтар аймағы

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері — шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры   сиреп,   құрып   кетуге   айналған   жан-жануарлар   мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.

Читать полностью »

Ерекше қорғалатын аумақтар ұғымы, түсінігі

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Читать полностью »

Германия

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ¬рамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.

Читать полностью »

Топырақ

Мазмұны
1 Топырақтану
1.1 Сазды топырақ
1.2 Құмайт топырақ
1.3 Шым тезекті топырақ
1.4 Топырақта тіршілік ететін организмдер
2 Пайдаланған әдебиет
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ — литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Читать полностью »

Аргентина Республикасы

Архентина, Аргентина, Аргентина Республикасы — Оңтүстік Американы орналасқан мемлекет.
Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км2. Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауына (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар.

Читать полностью »

Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж.

1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемлекет» идеясына қолдау көрсетті.

Читать полностью »

Ұлыбритания

Ұлыбритания — парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы