Скачать/Жүктеу
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi — ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттік табиғи резерваттар;
4) мемлекеттік зоологиялық парктер;
5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттік қорық аймақтары.
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу
мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
2) мемлекеттік зоологиялық парктер;
3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргізеді.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану – ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бойынша – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бойынша – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.