Ырғыз-Торғай резерваты — Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан мелекеттік резерват. “Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құрудағы негізгі мақсат — киік санын көбейту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жылы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде 45 мың киік бар.
Резерват территориясы географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген. Олар “Атан басы” және “Алакөл” жүйелері. “Атан басы” жүйесі тоғыз жолдың торабында орналасқан. Оңтүстігі Қызылорда, шығысы Қарағанды, солтүстігі Қостанай облыстарымен шектеседі.
Читать полностью »