География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Батыс Қазақстан облысы

«Ана тілі» газеті бұған дейін «Ұлы дала атаулары» айдары бойынша «жер жаннаты» атанған Жетісу өңірі, яғни Алматы облысы және кербез сұлу Көкшетауымен көз тартқан Ақмола облысы аумағындағы жер-су атауларымен таныстырған болатын. Ендігі кезек сұлу Жайығымен жалпақ жұртты тәнті еткен Батыс Қазақстан облысына келді. Ендеше, осы өңірдің жер-су атауларын зерттеп жүрген филология ғылымдарының кандидаты Ұлдай Ержанованың «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі» (Орал: «Полиграф-Сервис» баспасы, 2001) атты еңбегіне сүйене отырып, жер-су атауларымен танысуды басталық.
1932 жылдың 20 ақпанында құрылған Батыс Қазақстан облысы 14 әкімшілік-аумақтық бөліктен тұрды. Кейіннен, яғни 1997 жылдың 1 маусымда ҚР Президенті Жарлығына сәйкес облыстың әкімшілік-аумақтық құрамы өзгеріп, облыс құрамында 12 аудан болды. Облыс орталығы – Орал қаласы.
Батыс Қазақстаннан бір кездері Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болатын. Қаланың қазіргі атауы 1775 жылдан бері қолданылып келеді, Патша үкіметі Е.Пугачев бастаған көтерілісті қатыгездікпен басқаннан кейін, шаруа көтерілісі кезіндегі көріністерді халық жадынан жойып жіберу үшін ІІ Екатеринаның әмірімен Яик өзенінің атауы Орал болып өзгертіліп, ал Яицк қалашығы Орал атауына ие болды.

Читать полностью »

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы
Айболат айдын. Бұл – аудандағы көл атауы. Атау осы көлді жайлаған адамның есіміне байланысты қойылған. Айдын – аудандағы көл атауы. Айдын сөзі жалпытүркілік сипатқа ие. Белгілі түркітанушы А.М.Щербак «айдын» сөзінің этимологиясына төмендегідей анықтама береді: Айдын – айлы түн. Ай сәулесінің түнде су бетіне түсіп, шағылысқан жарығы су бетін жарқыратып, түбінде жатқан ай суретінің көрінісін беретіні осы топонимнің пайда болуына негіз болған.

Читать полностью »

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Айбаршағыл. Бұл – аудандағы ойпат пен елді мекен атауы. Шағыл термині Батыс Қазақстан топонимдері құрамында жиі кездеседі. Бұл географиялық термин Қазақстанның кең-байтақ өлкесінде түрлі мағынада айтылады.
Аққозы – аудандағы көл және елді мекен. Атау Қобыланды батырдың қол бастаған батырларының бірі, Алаша тайпасының барамық руынан шыққан Аққозы батырдың құрметіне қойылған. Барамық руының бір бөлімінің ұраны да Аққозы батырдың атымен аталады. Қобыландының баласы Бөкенбай қалмақтардан көлді тартып алып, оны батырға сыйлаған екен. Осы көл Аққозы деп аталған. Аққозы туралы деректер бізге Қоржын ақын арқылы жетті. «Қобыланды батыр» жырының Қоржын жырлаған нұсқасында беріледі:
Қияқтан шыққан бес батыр,
Қарақозы, Аққозы –
Қатардан асқан қос батыр.
Жырда кездесетін Аққозы, Қоскөл, Аққұм, Шыңғырлау топонимдері облыс аумағында әлі күнге өзгермей сақталған. Аққозы кеңшарының бір бөлімшесі «Қоржын» деп аталады. Осы жердегі үлкен төбені халық «Аққозы батырдың бейіті» деп көрсетеді.

Читать полностью »

Сарыарқа тауы

Орталық Қазақстан атырабы гипсометриялыктұрғыдан Солтүстік Қазақстан, Торғай, Бетпақдала және Балқашмаңы жазықтарынан бөлектеніп, ерекше өлкеге жатады. Жалпы ауданы 1 млн. км2-ге жуық атыраптың мұндай бөлектенуі оның геологиялык дамуының тарихымен және геологиялык кұрылымымен байланысты. Кристалды жыныстар беттерінің өз түзілу элементтерін барлық тұстарда анық көрсете, ашыла жатуының салдарынан орыс тілді әдебиетте Қазақтың катпарлы атырабы, Орталық Қазақстандық қалқан, Орталық Қазақстан платформасы, Қазақ үстірті деген терминдер пайда болды.

Читать полностью »

Железин ауданы

Железин ауданы 1938 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Железинка а., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 188 километр. Аудан аумағы 7,7 мың шаршы километр құрайды. Аудан Павлодар облысының солтүстігінде орналасқан. 2009 жылдың басына аудан халық саны 19,7 мың адам құрады.

Читать полностью »

Шертетін ғасырлардан ғасырға сыр

Қазақ ұлтының ұясы атанған Ұлытаудың атақ-даңқы алысқа кеткені рас. Бабаларымыз берекелі бірлік, бәтуалы тірліктің қамымен ұлт тауының етегіне ертелі-кеш келіп, бас қосып, елдіктің ертеңінің жағдайын ақылдасқаны, болашағын белгілегені де тарихтан белгілі. Содан да болар – Ұлытау үш жүздің басын қосқан тау – депр айтылып келе жатқаны. Әр тасына тарихтың таңбасын түсіріп, ғасырлар ізін қойнына бүккен таудың өткеннен шертер сыры да аз емес. Заңғар шыңдар мен ақ қайыңды тоғайы, бал бұлағы, сайраған құстарының сазды әуендері кімді болса да өзіне баурап, табиғатының тамашасымен таң қалдырады. Тау басында «Алтын орданың» соңғы хандары Едіге мен Тоқтамыстың қатар жатуы, Кеңгір бойындағы «Жошы мазары дегенде алыс-алыс елдерге барып туристік сапар мен саяхаттап қайтатын азаматтары … өзіміздегіні бағалай бермейтін қазақы кейпіне кейде еріксіз таң қаласыз. Солай дей тұра туризм кластрін дамыту туралы ел Президентінің арнайы тапсырмасы бары ойға оралып, сол мәселе бойынша Ұлытауда осы бағытта қандай істер қолға алынып жатыр, алда не тындырылмақ деген сауалдар төңірегінде Ұлытау ауданының әкімі елімізге белгілі айтыскер ақын Әнуар Серікбайұлы Омаров мырзамен ой бөлісудің реті келді.

Читать полностью »

Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?

Бұл хикаяны баян етпес бұрын осының бәріне себеп болған, осы мақаланы жазып отырған автордың дүниетанымына елеулі дәрежеде әсер еткен адамды үстіртін болса да таныстырып өткен дұрыс шығар.
… Мен онымен 1977 жылы таныстым. Әскерден келіп ҚазПИ-дің филология факультетіне түсіп, бірінші курсты тәмәмдап, екінші курс¬қа өткен кезім. Ол да әскерден келіп, осы институттың тарих фа¬культетіне түсіпті. Күз еді. Институт факультеттерінің арасында көркем¬өнерпаздар жарысы басталған. Өз факультетімнің атынан бәйгеге түсіп, домбырамен бірнеше күй шертіп, сахнаның сыртына шыққаным¬да бір жігіт келіп қолымды қысып құттықтады. Аты Ерік екен. Ерік Көкеев. Ортадан биіктеу бойы бар. Сымбатты. Қоңырсары шашын сол жаққа қайырып қойған. Қылаң өңді. Көзі… көзі алғашында көк сияқты көрінді (кейін уақыт өте оңып, шағырға айналды). Шы¬лымды асықпай, баппен шегіп, түтінді жез мұртының арасынан қалқытып шығарады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы