География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер

Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Мысалы, дамыған елдер типологиясы құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Экономикасының құрылымы мен оның халық-аралық географиялық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесімен және әлемдік өндірістегі бұл елдер үлесінің қомақты болып келуімен сипатталады.

Читать полностью »

Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы

Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (қосымшадағы, 1-кестені қарацдар). Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердід жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым.

Читать полностью »

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мөселелер аса күрделі тарихи-қоғамдық процесс болып табылады. Бұл процестер — саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық, т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Осындай жағдайда көптеген жылдар, кейде ғасырлар бойы, кейбір елдер мен халықтардың еміріндегі күрделі мәселелер қордаланып, шешілмей қалады. Солардың ішінде аумақтық және шекаралық келіспеушілік те аз емес .

Читать полностью »

Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары

Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол ав-тономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.

Читать полностью »

Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу

Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.

Читать полностью »

Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері

Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық,  және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны «дәуір айнасы» деп бекер айтпаймыз.

Читать полностью »

Пәкістан

Кіріспе
Қазіргі таңда әр мемлекеттің өткен тарихының зерттелуі, зерделенуі – болашағы үшін таптырмас құндылыққа айналып отыр. Себебі өткенге қарап, болашақты жоспарлауға, дамудың әр сатысында оңтайлы жолдарды таңдауға болады. Әлем бір орында еш уақытта тұрған емес. Сәйкесінше, әр елдің де өз тарихы, өз әлемі болып, және ол үнемі айналыс үстінде жүріп жатады.
Бүгінгі таңдалынып отырған тақырып – Пәкістан Ислам Республикасының тарихы. Аталмыш ел тарихы талай құндылықтарға бай. Және де оның тарихы туралы мәселенің зерттелуі өзекті мәнге ие. Пәкістанның құрылғанына дейінгі ежелгі тарихы, моғолдар заманы үрдісінің қалыптасуы, одан кейінгі Британ отарына айналған, тәуелсіздік алған жылдардағы жағдайы осы жұмыста сараланып жазылған. Тақырыптың өзектілігі – осы уақытқа дейін толық зерттелмеген және қарастырылмаған мәселелер мен қызықты фактілерді табу, толыққанды мағлұмат алу. Аталмыш тақырып осы уақытқа дейін талай ғалымдардың өзекті тақырыбына айналып келген. Қарастырған ғалымдардың ішінде В.И.Сотниковты атап кетуге болады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы