Скачать/Жүктеу
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған (Кестеде көрсетілген).
Қазақстандағы ұлттық парктер
Атауы |
Құрылған жылы |
Көлемі, га |
Орналасқан жерi |
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
1985 |
68 453 |
Павлодар облысы |
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
1996 |
199 703 |
Алматы облысы |
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
1996 |
161 153 |
Алматы облысы |
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
1996 |
182 076 |
Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облысы |
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
1998 |
112 120 |
Қарағанды облысы |
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2000 |
129 935 |
Ақмола облысы |
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2001 |
643 477 |
Шығыс Қазақстан облысы |
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2004 |
127 050 |
Алматы облысы |
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2006 |
149 053 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2007 |
161 045 |
Алматы облысы |
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2010 |
356 022 |
Алматы облысы |
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі |
2011 |
88 968 |
Ақмола облысы және Қарағанды облысы |