Германия


Скачать/Жүктеу

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құ¬рамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.
Германия Федеративті Рес¬пуб¬ликасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демо¬кра¬тиялық одағы. Бұл партияны Фе-де¬ралдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық эконо¬ми¬ка. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демокра¬тия¬лық пар¬тиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыр¬күйекте өткен Бундестаг сай¬лауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демо¬кра¬тиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасыл¬дар”, 47-сін Еркін де¬мо¬кратиялық пар¬тиясы, ал 2 орын¬ды Демо¬кра¬тиялық социализм партиясы алды.
Германия экономикасы дамы¬ған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мә¬ши¬не жасау, электр техникасы, ме¬тал¬лургия, химия және фармацев¬тика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Со¬ны¬мен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гам¬бург пен Бремен, Балтық теңі¬зіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.
Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.
Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтар¬лықтай қаржы және кадр ресурс¬тарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған ба¬сым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Гер¬манияның Орталық Азия ел¬де¬ріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық са¬ла¬лар¬да мүмкіндігіне қарай ынтымақ¬тас¬тық жасау.
Қазақстан мен Германия
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапар¬мен келген еді. Әр сапардың, әр кез¬десудің өзіндік орны бар. Әсіре¬се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На¬зар¬баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер¬мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ¬тас¬тығын әрі қарай дамытуға қа¬тысты мәселелерді талқылады. Со¬ны¬мен қатар, Президент Германия¬ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес¬ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер¬бургте өткен “Үлкен сегіздік” сам¬ми¬тінде Германияның жаңа Фе¬де¬ралдық канцлері Ангела Меркель¬мен кездескен еді. Кездесу қоры¬тын¬дысында Қазақстан Прези¬денті¬не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр-ту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бой¬ын¬ша, бүгінде Қазақстан мен Гер¬ма¬ния арасында түсініспеушілік ту¬дыратын проблемалар жоқ, халық¬аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози¬ция¬лары жақын. Мысалы, Қазақ¬стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма¬ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬аға¬лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франция¬дан кейінгі алтыншы орында тұр¬ған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Гер¬мания біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қа¬зақ¬стан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.
Мемлекеттерді бір-бірімен жа¬қын байланыстыратын мәселелер¬дің тағы бірі – бірлескен кәсіп¬орындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бір¬лес¬кен кәсіпорын тіркелген. Олар¬дың басым бөлігі сауда, ауыл ша¬руа¬шылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия ара¬сында мәдени-гуманитарлық ын¬ты¬мақтастық берік орныққан. Бұл Қа¬зақстан-Германия мәдени ынты¬мақ¬тастық мәселелері жөніндегі үкіме¬таралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.

Қолда бар мәліметтерге қара¬ған¬да, бүгінде Қазақстанда 220 мың¬нан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комис¬сия¬ның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселе¬ле¬рі талқыланып, оларды шешу жол¬дары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия уни¬вер¬ситетінің өкілдіктері ашылды. Со¬ны¬мен бірге, қазіргі кезде “Бола¬шақ” бағдарламасы бойынша Гер¬ма¬нияның жоғары оқу орындарын¬да 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев¬тың Германия Федеративті Республика¬сы¬на бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамы¬тып, жаңа сатыға көте¬ре¬тін болады.
Германия Федеративті Ре¬спуб¬ликасы “үлкен сегіздік” құрамына кі¬реді. Еуропалық Одақта Фран¬циямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы бо¬лып табылады. Ал 1990 жылдың ба¬сынан бастап Германия басшылы¬ғы Қазақ¬станмен, сондай-ақ бұ¬рын¬ғы КСРО-ның өзге де мемле¬кет¬терімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байла¬ныстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақ¬стан¬мен. Өйткені, ГФР елімізді Ор¬та¬лық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.
Жалпы, неміс дипломатия¬сы¬ның біздің еліміз жөніндегі мақ¬са¬ты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика сала¬сын¬да – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.
Қазақстан мен Германия ара¬сындағы ұзақ мерзімді ынтымақ¬тас¬тықтың негізі Президент Нұр¬сұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған ал¬ғаш¬қы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойыл-ған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында те¬рең¬детуге бағытталған маңызды ха¬лықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.
Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қа¬зақ¬стан мен Германияның эконо¬микалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табы¬ла¬ды. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банк¬те¬рі жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезден¬банк, Коммерцбанк, т.б. бар.
ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек эконо¬ми¬ка¬лық қана емес, саяси мүдделер¬дің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қам¬тамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағын¬да еуропалық қауіпсіздік тұтқа-ларын нығайту болашақта Еуропа Ода¬ғы¬ның саясатында негізгі бағыт¬тар-дың бірі болуы мүмкін деп есеп¬тейді. Екіншіден, Германия Орта¬лық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақ¬тары¬нан бөліп тұрған “тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ние¬тін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және эко¬номикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын “үлкен ойын” айла-шарғысының шиелені¬суі¬не алаңдаушылық білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев¬тың Германия Федеративті Рес¬публикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемле¬кет басшысы алдымен “DZ” банкі¬нің ғимаратында Н.На¬зар¬баевтың “Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Ас¬та¬на қаласына арналған фото-көр¬ме¬нің ашылу рәсіміне қатысады. Ел¬басы одан кейін Гер¬мания Феде¬ра¬тивті Республика¬сы¬ның канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қо¬ғам¬дық-саяси және іскер топтары¬ның өкілдерімен кез¬деседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні “Франкфуртер Альгемайне” жал¬пы¬германдық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы