Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Адам туберкулезінің серологиялық балауында моноклоналды антиденелерді колдана отырып ИФТ және ИФР әдістерін кою

Осы зерттеудің максаты адамдар қан сарысуындағы туберкулезге қарсы антиденелерді анықтау үшін ИФТ «жанама» және «бәсекелі» қойылымдарын ИФР-ын жүргізу шарттары мен техникасын жетілдіру болып табылады. Осыған байланысгы біз Мусоbacterium tuberculosis-тың ақуызды антигеніне антиденені табу үшін ИФТ-дың сезімталдығына физико-химиялык факторлардың (температура, иондык күш және реакциялык ортаның рН маңызы, өзара байланысу ұзактығы, концентрациялық катынасы) әсерін зерттедік.

Туберкулез микобактерияларына телімді антиденелерді ИФТ «жанама» қойылымымен анықтау сызбасы негізгі 5 кезеңнен тұрады:

1 – ші кезеңде -антиген катты фазага адсорбцияланады.

2 – ші кезеңде — зерттеуге алынған материал кұрамындағы антиденелер катты фазаға адсорбцияланған антигенмен спецификалық байланысады да «антиген+антидене» иммунды кешенін кұрайды.

Читать полностью »

Mycobacterium tuberculosis ультрадыбысты дезинтеграты мен липополисахаридті антигенінің моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалар штамдарын алу

BALB/c тышқандарын иммундеудің бірінші күні құрсақ ішіне әрбір антигенді 100 мкг мөлшерде, Фрейндтің толымсыз адъювантымен (Gibco, США) тең мөлшерде араластырылып енгізілді. Иммундеудің 7,11, 12, 13 – ші күндері тышқандарға pH 7,2 – 7,4 болатын буферленген физиологиялық ерітіндіде араластыру арқылы 100 мкг антигенді енгіздік. Cоңғы иммундеуден үш күн өткен соң тышқандардың қан сарысуындағы телімді антиденелердің титрлері қатты фазалы иммунды ферментті талдау тәсілімен анықталды.

Читать полностью »

Туберкулез антигенін алу және олардың сипаттамасы

Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium bovis, Mycobacterium avium бактериалды массасынан ЛПС – ді O. Westphal бойынша сулы – фенолды әдіспен бөліп алынды. M. tuberculosis, M. bovis және M. avium дақылдарынан ЛПС шығуы сәйкесінше 2,2 – 3,5 мг құрады. Ал, M. bovis пен  M. avium бактерияларында ЛПС ерітінділері сәйкесінше 97,1 және 96,6% көмірсуды құрап, қалғандары араласқан ақуыздарға 2,9 мг және 3,4 мг – ға сәйкес болды. M. tuberculosis ЛПС – де ақуыздың шығу мөлшері 2,5 мг құрады.

Ультрадыбысты дезинтеграция (УДД) әдісімен алынған ақуызды антигеннің көрсеткіші келтірілген M. tuberculosis, M. bovis және M. Avium дақылдарынан ылғалды бактериалдық массаның шығуы 13 – 28 г аралығын құрады. Ақуызды антигеннің шығуы 1,4, 1,25, 0,65% шамасын көрсетті. Ақуыздың мөлшері Бредфорд әдісі бойынша анықталды, ақуыз мөлшері M. tuberculosis пен M. bovis – те M. avium – нан 2 есе жоғары.

Читать полностью »

Изоферменттерді гистохимиялық бояу

Изоферменттерді гельде электрофорез арқылы бөлгеннен кейін оларды гистохимиялық әдістермен айқындайды. Қазіргі кезде изоферменттерді бояудың көптеген әдістері бар. Олардың барлығының негізі: ферменттердің субстратпен байланысу нәтижесінде түзілген қосылыс бояғышпен ерімейтін комплекс түзіледі, ол гельде бойалған жолақтар түрінде көрінеді. Ол өз кезегінде изоферменттердің гельдегі орналасуын анықтауға мүмкіндік береді:

Читать полностью »

Изоферменттер мен оларды реттегіш гендердің номенклатурасы

Изоферменттердің номенклатурасы Халықаралық биохимиялық номенклатура комиссиясында (IUPAC-IUB Commission on biochemical nomenclature) құрастырылып, бекітілді /10/. Бұл номенклатура бойынша бір түрдің дарабастарынан бөлініп алынған, бірдей субстраттық активтілікке ие барлық белоктар «ферменттердің көптік молекулалық формалары» деп аталады. Ал «изофермент»  немесе «изозим» терминдерімен ферменттердің тек генетикалық детерминацияланған көптік формаларын ғана айтады.

Көбіне изоферменттер мен олардың реттеуші гендерін ферменттердің көп қолданылатын атауының қысқартулары түрінді белгілейді: кодтайтын локустың бірінші әріпін үлкен, қалғандарын кіші әріптермен белгілейді. Мысалы алкогольдегидрогеназаға: ADH – Adh белгілеуі ал малатдегидрогеназаға MDH — Mdh  белгілеуі қолданылады. Кейде ферменттердің жүйелік атуы бойынша да қысқартылу қолданылады, мысалы MOR L-малат НАД-оксидоредуктаза,  MOD L-малат: НАДФ-оксидоредуктаза. Егер фермент екі немесе одан да көп локустармен кодталатын болса, онда локустарды нөмірлейді, мысалы Mdh-1, Mdh-2 /1,10/.

Читать полностью »

Изоферменттер генетикалық маркер ретінде

Соңғы кездері селекцияның негізгі құралдарының бірі болып табылатын генетикалық маркерлер организмнің тұқым қуалаушылық конституциясын бағалауда аса маңызды роль атқарады. Генетикалық маркерлер деп геномдағы локализациясы белгілі генді айтады. Ол генді анықтай отырып басқа гендерді де анықтауға болады /2/. Алайда зерттеушілер ген-маркердің өзімен емес, оның айқын байқалатын сандық белгі ретінде көрінетін фенотиптік көрінісімен жұмыс жасайды. Бұндай белгі сәйкес генді  және сонымен тіркескен басқа да гендерді анықтау факторы ретінде пайдаланыла алады.

Белокты бөліп алу мен идентификациялаудың (Электрофорез, изоэлектрофокустау, иммуноэлектрофорез т.б) қазіргі замандық әдістері молекулалардың әр түрлігі жайлы нақты мәліметтер алуа мүмкіндік береді. Ол арқылы генотиптердің әр түрлігі жайлы да мәліметтер алуға болады, себебі теориялық жағынан алғанда кез келген полипептид өзін кодтайтын геннің маркері ретінде қызмет атқара алады /3/.

Читать полностью »

Көп локуспен кодталатын изоферменттердің эволюциясы

Жоғарыда тек бір локустың көптік аллельдігі нәтижесінде түзілетін изоферменттер қарастырылды. Ондай аллельдер бастапқы геннің мутациясы нәтижесінде түзіледі, яғни дивергентті эволюция жолымен. Ал көптеген локуспен түзілетін изоферменттер болса – олар да дивергенция нәтижесінде түзіледі, бірақ олардың түзілуі тағы екі сатыны қажет етеді. Оны келесідей жазуға болады:

  1. бастапқы геннің мутациясы, көптеген аллельдердің түзілуі;
  2. гендік локустың екі еселенуі;
  3. аллельдердің сегрегациясы (бөлшектенуі).

    Читать полностью »

64 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы