Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина

Аса маңызды гормондардың тізімі және қысқаша сипаттамасы

Гипофиз гормондары

Алдыңғы бөлік:

1. Соматотрофты — ақуыз — өсу гормоны

2. Адренокортикотропты – полипептид – бүйрек үсті безінің қабыршықты заттарына әсер етеді

3. Тириотропты гормон — ақуыз — стимулирует выработку тираксин және трийодтеранин өндірілуін ынталандырады

4. Лактогенді – жыныс бездері мен сүт бездеріне әсер етеді

Читать полностью »

Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы

Байырғы дәуірден бастап емдік мақсаттармен жануарлардың әр алуан мүшелерін, талшықтарын және бөлінулері пайдаланылған. Бірақ бұл қолданыс бастапқыда діни-мистикалық сипатта болды.

Тек 19 ғасырда физиология саласындағы тамаша жаңалықтардың ашылуынан, ішкі секреция бездерінің ашылуы мен экспериментальды медицинаның пайда болуынан кейін жануарлар тегіндегі дәрілік заттарды қолданудың жаңа дәуірі басталды.

Гиппократ өзі де денсаулықтың «ағзадағы сөлдердің араласуының дұрыстығына» байланысты екенін көрсеткен. Оның пікірі бойынша бұл сөл қан мен шырыштан, және де қара және сары өттен құрылуы қажет.

Читать полностью »

Топырақтан бөлініп алынған Streptomyces туысы актиномицеттерінің антагонисттік қасиеттерін анықтау әдістері және қажетті материалдар

Адам патологиясында бастапқы орынды инфекциялық аурулар алуына байланысты XX ғасырдың соңы мен XXI ғасыр басында медицинаның негізгі мәселелерінің бірі болып жаңа антибиотиктерді, синтетикалық антибактериалды және вирустарға қарсы препараттарды клиникалық қолданысқа енгізу болып саналады. Табиғи немесе синтетикалық жаңа антибиотикалық құрылымдарды ойлап табу осы уақытқа дейін  жалпы антибиотикотерапия әсеріне нашар берілген микроорганизмдердің түрлері мен туыстарының қатысында эффективті әсер көрсететін  жаңа антибиотиктердегі қажеттілікке ғана байланысты емес немесе әлдеқайда жоғары химиотерапиялық индекске ие препараттардың қажеттілігіне байланысты емес – жаңа препараттар статистикалық мәліметтерге сәйкес жоғары эффективтілігін жоғары жылдамдықпен жоғалтатын ескі антибиотикалық препараттарды алмастыру үшін қажет.

Читать полностью »

Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері

Микроорганизмдердің өзара антагонистік әрекеттесуі микробтардың бір түрінің қандай да бір жолмен басқа микроорганизм түрінің дамуын немесе өсуін тежеумен сипатталады.

Бактериялардың, стрептомицеттердің, зең саңырауқұлақтарының антагонисттік қасиеттеріне зерттеушілер сонау XIX ғасырда мән бере бастады. Алайда, бұл болжамдар бірлеспеген кездейсоқ сипатта болды, бұл құбылыстың сол кезеңде практикалық қолданыста болмауына байланысты   антагонизм жайлы мәліметтер бір жүйеге келтірілмеген. Кейіннен, микробтық антагонизм туралы жекелей фактілерді біріктіруді И.И. Мечников жүзеге асырды. Ол практикада бұл құбылысты қолдану жолдарын қарастырды. Мечниковтың мерзімнен бұрын ішектің іріңді бактерияларының метаболизмі нәтижесінде пайда болатын метаболиттермен организмнің әрдайым  интоксикациялануы салдарынан  қартаюы және іріңді бактериялардың тіршілігін тежеу үшін  ұйытқы құрамындағы сүтқышқылды таяқшаларды қолдану жөніндегі оқулары қазіргі таңдағы микроорганизмдер антагонизмі жөнінде ғылыми негіз салды.

Читать полностью »

Актиномицеттердің құрылымы

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері — 0,5—2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді /3,4/. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады.

Читать полностью »

Актиномицеттерге жалпы сипаттама

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.

Ең кең таралған жері – топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды /2/.

Читать полностью »

Гиподинамия

Жоспар

Кіріспе
1. Гиподинамия туралы түсінік
2. Гиподинамияның пайда болу себептері
3. Қазiргi әлемдегi гиподинамияның  өсуi
4. Қозғалыс төмендеуінің  салдары
5. Гиподинамияның алдын алу шаралары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы