Актиномицеттердің құрылымы


Скачать/Жүктеу

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері — 0,5—2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді /3,4/. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады.

Актиномицеттердің клеткалары негізгі бірнеше бөліктерден құралған. Клетка қабықшамен — 0,01-0,03 мкм көлемі бар қабырғасы болады /3/. Мицелий қабықшаларының бетінде шырышты капсула орналасқан, көбіне ол өте жұқа және тығыз емес жүйе болып келеді.

Актиномицеттердің классификациясы

Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.

Жалпы, Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales – қозғалмалы және Actinomycetales – қозғалмайтын.  Класс 26 туысы бар  6 тұқымдасты біріктіреді /3/.

Тұқымдастары: ACTINOMYCETACEAE, MICROMONOSPORACEAE, STREPTOSPORANGIACEAE,  ACTINOPLANACEAE , DERMATOPHILACEAE, PLANOSPORACEAE.

Streptomyces туысыActinomycetales қатары Streptomycetaceae тұқымдасына жататын топырақ актиномицеттерінің туысы, тұқымдастың ең үлкен туысы (500-ден астам түрі бар). Көптеген антибиотиктердің продуценттері ретінде танымал.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы