Скачать/Жүктеу
Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium bovis, Mycobacterium avium бактериалды массасынан ЛПС – ді O. Westphal бойынша сулы – фенолды әдіспен бөліп алынды. M. tuberculosis, M. bovis және M. avium дақылдарынан ЛПС шығуы сәйкесінше 2,2 – 3,5 мг құрады. Ал, M. bovis пен M. avium бактерияларында ЛПС ерітінділері сәйкесінше 97,1 және 96,6% көмірсуды құрап, қалғандары араласқан ақуыздарға 2,9 мг және 3,4 мг – ға сәйкес болды. M. tuberculosis ЛПС – де ақуыздың шығу мөлшері 2,5 мг құрады.
Ультрадыбысты дезинтеграция (УДД) әдісімен алынған ақуызды антигеннің көрсеткіші келтірілген M. tuberculosis, M. bovis және M. Avium дақылдарынан ылғалды бактериалдық массаның шығуы 13 – 28 г аралығын құрады. Ақуызды антигеннің шығуы 1,4, 1,25, 0,65% шамасын көрсетті. Ақуыздың мөлшері Бредфорд әдісі бойынша анықталды, ақуыз мөлшері M. tuberculosis пен M. bovis – те M. avium – нан 2 есе жоғары.
Полиакриламидті гелде натрий додецилсульфатының қатысуымен жүргізілген электрофорез әдісімен M. Tuberculosis УДД ақуызды құрамын зерттеу нәтижесінде M. tuberculosis УДД құрамында 130, 116, 94, 7, 70, 66, 45, 20,8 кДа ақуызды фракциялар бар екендігін көрсетті.
Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңінде туберкулезге шалдыққан адамның қан сарысуының иммунодиффузия реакциясымен тексеру барысында ЛПС антигенінің белсенділігі 1:8, ал УДД антигенінің 1:32 анықталды.
Жұмысты орындау барысында M. Tuberculosis липополисахаридтері мен ультрадыбысты дезинтеграттың препаративті мөлшері алынды. Қанның сарысуынан туберкулезге қарсы антиденені табу үшін микобактерияларды антигендері ИФТ қолдану барысында олардың өзара айырмашылықтары анықталды, бұл препараттың антигендігі мен олар планшеттің қатты фазасында бекітілу дәрежесімен түсіндіріледі [5].