Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады: Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылдады. Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады.
Читать полностью»

23.02.2012
aslan
Рубрика: 

Шаңды бронхит (ШБ) — құрылымды өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.
Қалыпты атмосфералық қысым 1013 гПА(760 мм.сын.бағ.) құрайды. Ағзадағы сұйықтық пен газдағы қысымға сәйкес келуіне байланысты қалыпты жағдайларда адам қоршаған ортаның қысымын сезбейді.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.