КЕССОН ЖӘНЕ БИІКТІК АУРУЛАРЫ


Скачать/Жүктеу

КЕССОН ЖӘНЕ БИІКТІК АУРУЛАРЫҚалыпты атмосфералық қысым 1013 гПА(760 мм.сын.бағ.) құрайды. Ағзадағы сұйықтық пен газдағы қысымға сәйкес келуіне байланысты қалыпты жағдайларда адам қоршаған ортаның қысымын сезбейді.

Кессондық (декомпрессиондық) ауру.  Жоғарғы қысымды камераларда емдеулер мен операциялар кезінде, кессонды жұмыстағы, су асты жүзулері кезінде, су асты үйлеріне түсу кезіндегі өндірістік орындардағы  адамдар жоғары газ қысымының  әсеріне душар  болады.

Декомпрессиялық (кессон ауруы) ауру декомпрессия процесі кезінде немесе одан кейін (жұмысшылардың кессоннан шығуы кезінде), сонымен қатар одан кейінгі біраз уақыттан кейін пайда болуы мүмкін. Аурудың пайда болуы баяу декомпрессияның жетіспеушілігі кезіндегі ағзаның сұйық ортасының инертті газдармен (азот, гелий және т.б.) қанығуы жүрмейді олар жоғары қысымның әсерінен көп мөлшерде еріп кеткен, ол тіндер мен сұйықтық орталарындағы бос газ көпіршіктерінің түзілуіне әкеледі және талмасу процестерінің , аэроэмболияның бұзылуына әкеледі.

Кессон ауруының клиникада жедел және сүлелі түрлерін ажыратады.  Ауырлық ағымына байланысты жедел кессондық аурудың жеңіл, орташа және ауыр түрлерін ажыратады. Ауыр жағдайларында клиникалық көріністері декомпрессия кезінде немесе одан кейінгі алғашқы минуттарда, ал жеңіл түрлерінде алғашқы симптомдары әдетте кешірек 2-4 сағаттан кейін немесе 12-24 сағаттан кейін және оданда кеш пайда болады.  Егер жеңіл түрінде теріде қышу («кессонды қышыма»), теріде бөртпе, бұлшық еттік және буындық аурулар, жалпы дегбірсіздік, пулбс пен тыныстың жиілеуі, ал декомпрессионды аурудың ауыр түрінде  бұлшық еттерде, буындарда, сүйектерде ауырсыну, кеудедегі ауырсыну, аяқ қолдардың салдануы, тыныс пент қан айналымның бұзылыстары, естен тану байқалынады. Қан айналымның жақсы жүруіне байланысты, бас миының зақымдануы сирек кездеседі. ОНЖ пайда болатын өзгерістер қан айналыммен тыныс қызметтерінің бұзылыстарына байланысты. Аурудың орташа ауырлық дәрежесі ішкі құлақтың, асқазан ішек жолдарының, көру ағзасының  зақымдануымен жүреді, бұл кезде ең алдымен Менбер синдромы дамиды.

Декомпрессиялық зақымданудың жеңіл түрінің клиникалық көріністерінсіз қайталануы  сүлелі зақымданулардың түзілуіне әкеледі. Сүлелі кессонды аурудың екі түрін ажыратады:

1. біріншілік сүлелі түрі — баяу дамиды, симптоматикасы аз, диагностикасы  өте қиын, деформирлеуші остеоартроз дамиды.

2. екіншілік сүлелі түрі – жедел кессонды аурулардың нәтижесінде пайда болған патологиялық ығысулардың комплекстері, Меньер синдромы  мен аэропатиялық миелозом түрінде көрінеді.

Сүлелі түрінде газды эмболдар басы сүйекте орналасып, нәтижесінде деформирлеуші остеоартрозға әкеледі (негізінен жамбас сан және иық буындарының).

Емі: патологиялық процестің дамуын анықтайтын, қайтадан көтерілген қысым нәтижесіндегі қанықпаған тіндердегі индеферентті газдар мен газ көпіршіктерін шегеру мақсатында, емдік рекомпрессияны жүргізу кессондық ауруларының барлық түрлеріндегі негізгі емдеу әдісі болып табылады. Рекомпрессияны неғұрлым ерте бастаса, оның нәтижесі де тезірек болады және клиникасы мен емнің болжамы қолайлы болады.

Рекомпрессияны арнайы «емдік шлюзде жүргізеді» , ол екі жартыға бөлінген горизанталды орналасқан цилиндрден тұрады. Кіреберіс және негізгі камера. Рекомпрессия кезінде «емдік шлюзде» қысымды бірден жоғарлатадыда баяу шлюзден шығарып отырады.

Рекомпрессия тәртібін анықтау үшін тереңдікпен тәртіпті, және тыныс қоспасының құрамын, тереңдікте болу ұзақтығын, декомпрессияның тәртібін, алғашқы симптомдардың пайда болуы мен уақытын, олардың клиникалық сипатын білу керек. Рекомпрессия кезінде міндетті түрде дәрігер рекомпрессияның нәтижесін және мүмкін болатын асқынуларын алдын алу үшін бақылау керек.

Емдік декомпрессия басталғанға дейін міндетті түрде оттегімен үздіксіз ингаляция жүргізу керек. Наркотикалық емес аналгетиктерді айқын ауырсыну синдромы кезінде қолданады. Орташа және ауыр түрлерінде гепаринді қолданады. Жүрек тамыр жүйесінің және тыныстың стимуляторларын көрсеткіштер бойынша қолданады.

«Емдік шлюзден шыққаннан кейін науқасқа ыстық құрғаө ауалық немесе су ванналарымен белсенді физиоем(соллюкс-лампасы, кварц, диатермия және т.б.) жүргізіледі.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Кессонды аурулардың жеңіл түрлерімен ауырып, денсаулыққа тұрақты өзгерістер әкелмесе, науқас ары қарай өз кәсібі бойынша жұмысын жалғастыра береді. Бұл кезде 10 күн мөлшерінде ауруханалық парақ беріледі.

         Айқын және тұрақты өзгерістер жұмыс қабілетінің жоғалуына әкеледі. Науқастар еңбек ету қабілетінің жоғалту деңгейін анықтау шін жжәне реабилитациялық сипаттағы шараларды жүргізу үшін МӘСК жіберіледі.

Кессон ауруының нәтижелеріне  қарап жұмыс қабілетінің сараптамасын  жүргізуде аурудың этиологиясы мен диагнозын қоюда ерекше қиындық туындайды.  Жиі осындай жағдайларда анықталынатын жүрек тамыр жүйесінің және сүйек буын жүйесінің ауруларын жасқа байланысты аурулармен және жалпы симптомдармен салыстыру керек. Аурудың себебін анықтау арқылы кессонды аурулар және оның басқада зақымдануларына қарап жұмыс қабілетінің жағдайын  шешеміз.

Алдын алу.  Барлық  жағдайларда жоғары қысыммен жұмыс істеу өте қиын, қауіпті, және ол нервті-психикалық, физикалық күштілікті қажет етеді. Ол ең алдымен водолаздарға жатады. Осыған байланысты водолаздардың жұмыстарындағы қолайсыз жағдайлар туралы жарнамаланған. Кессондағы рұқсат берілетін қысым шектелінген: ол 4 ати аспау керек,  яғни 40 м тереңдіктегі судан аспайды. Кессондағы жұмыс істеу уақыты және шлюздан шығу қатаң түрде қаралады. Кессондағы жұмыс күні екіге бөлінеді арасында 8-10 сағаттық үзіліспен, осы кезде науқастар кессоннан тыс жерде болу керек. Камерадағы жұмыс ұзақтығы 1 сағат 30 минуттан аспау керек.

Су асты сүңгу жұмыстары кезінде бнлгілі бір тереңдікте тоқталынатын баспалдақты декомпрессия қолданылады. Тоқтау уақыты водолаздың грунтта болу ұзақтығына және тереңдікке түсу уақытына байланысты.

Кессонды аурулардың профилактикасы үшін жұмыс істейтін камераға берілетін ауаның сапасы мен мөлшерінің маңызы зор. Қауіпсіздік шараларының ережелеріне кессондағы ауаның мөлшері 25 м3/с аспау керек, оның құрамындағы оттегі 20 %, көмір қышқыл газы 0,1 % және зиянды әсерлері бар РБК аспау керек. Жұмысшыларды жылы ылғалды өткізбейтін  киімдер мен аяқ киімдермен қамтамасыз етудің алдын алу шараларында маңызы зор.

Жоғары қысымды жұмыс істейтін адамдардың барлығы жұмысқа қабылданар алдында  міндетті түрде медициналық тексерілуден өтеді.

Барлық кезкелген тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің, тыныс жүйесінің, психикалық аурулар, құлақ және вестибулярлы аппараттардың  аурулары, көз, асқазан ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, жүйке жүйесінің және т.б аурулар жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіші  болып табылады.

Терапевт, невропатолог, отолоринголог және офтальмологтың қатысуларымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулар жүргізіледі.

         Биіктік (тау) ауруы. Биікке көтерілген кезде дамыған күрделі патологиялық процесті тау немес биіктік ауруы деп атайды. Оның қалыптасуы негізінен оттегінің жетіспеушілігімен байланысты. әсер етулеріне байланысты гипоксияға бейімделмеген бірнеше адамдар тобын бөлуге болады. 0,5 км дейінгі теңіз деңгейі  индифферентті зона, одан әрі 2 км дейін – бұлшық еттердің қалыптасуының төмендеу зонасы. 2-5 км аралығында тау ауруы дамиды: 2,5 км дейін  қараңғыға бейімделудің бұзылуы және қабілеттену реакциясы пайда болады, 4-5 км жеткенде аурудың жедел түрі дамуы мүмкін. 5-7 км жеткенде интелектуалды және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі және жоғалуы пайда болады. 7 км жоғары естен тануға дейін жетеді және уақыты минутпен өлшенеді, 11-12 км жоғары секундпен өлшенеді.бұл мәліметтер әртрүрлі деңгейдегі биіктікке көтерілген кездегі мүмкін болатын нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді.

         Тамырлар зонасындағы(синокаротоидты және аорталды) рефлексогенді хеморецепторлардың тітіркенулері өз кезегінде   ағзаның қан мен тіндерінің оттегімен қанығуын төмендетеді, оттегінің жетіспеушілігі биіктік ауруының пайда болуындағы негізгі орынды алады. Хеморецепторлардағы импулстардың күшеюі көптеген рефлекторлы адаптирленген реакциялардың  пайда болуына әкеледі. Осы кезде гипервентиляцияның нәтижесінде гипокапния дамиды, ол биіктік ауруының патогенезінде маңызды орынды алады, сонымен қатар ол тыныс және қан айналымының реттелуінің бұзылуларының себептері болуы мүмкін. Қанның көмір қышқылымен бірігуі қышқылды сілтілі жағдайдың алкалоз жаққа қарай ығысуын тудырады және ағзада қышқылданбаған өнімдердің жиналуына әсер етеді. Кейіннен артериялды қанда оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан ОНЖ және басқа ағзалардың, сонымен қатар барлық зат алмасу түрлерінің қызметтері өзгереді.

Сонымен қатар биіктік ауруында оттегінің жетіспеушілігімен қатар аурудың айқындылығы мен ауырлығы  көптеген ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Таудың биіктігінде жоғары күн радиациясы деңгейінің, ауа ионизациясының, ауа ылғалдылығы мен температураның күрт өзгеруі, сонымен қатар тамақтанудың белгілі бір ерекшеліктерінің әсері бар. әртүрлі региондардағы биіктік ауруларының көріністері мен ағымдары дәл осыған байланысты негізделген. Ағзаның жағдайы әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі жағдайларының маңызы зор. Адамдардың гипоксияға қабілеттенуінің жеке ерекшеліктері және жасына байланысты ерекшеліктерінің маңызы зор. Бала кезінде ұйқышылдық, ал жасөспірім кезінде эйфория бақыланады. Шамадан тыс физикалық және эмоционалды күш түсу, суық өту биіктік ауруларының дамуы мен және оның көріністерінің пайда болуына әкеледі. Өкпе және жүрек тамыр жүйесінің аурулары тез және айқын зақымданулардың дамуына әкеледі.

Бұзылыстардың бірінші белгісі болып, ОНЖ зақымданулары жатады: жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, көріу қызметінің бұзылыстары, қозғалыс координациясының бұзылыстары, назар мен есте сақтаудың бұзылыстары бас айналу болады. Жүрек айну және құсу пайда болуы мүмкін. Мұрынннан қан кетуі мүмкін. Осы көрінстердің бәрі тыныстың тереңдеуі мен жиілеіумен, жүректің жиырылуының жиілеуі мен жүрек қызметінің күшеюімен жүреді, ол ауадағы оттегінің жетіспеушіліггінің көрінісі болып табылады.

Биіктікке жаяу тез жоғары көтерілгенде, машинамен көтерілген кезде, транспорттың басқа түрлерінде, көбінесе арқан жолдары кезінде аурудың көрінісі неғұрлым айқын болады. Жиі баяу көтерілген кездері аурудың симптомдары 2-ші, 3-ші күндері  айқынырақ көрінеді. Кейінірек биіктікке әсіресе оттегінің жетіспеушілігіне бейімділік пайда болғандықтан оның көріністері  шамалы болады. Бейімдену кезеңінің ұзақтығы биіктік деңгейі мен оның өсуіне байланысты. Толық бейімдену үшін кем  дегенде 1-2 ай қажет. Қалыпты атмосфералық қысымға қарағанда, толық адаптация кезіндегі 3-4 км деңгейдегі биіктікте жұмыс істеу біршама қиынырақ.

Биіктік жағдайында жұмыс істейтін адамдарды таңдау кезінде міндетті түрде ауадағы оттегін көтере алу сынамасын жүргізеді. Кез келген орталық жүйке жүйесінің және жүрек тамыр жүйесінің бұзылыстары, гипофизарлық- эндокриндық бұзылыстар, сезу ағзалары мен  асқорту бездерінің ақаулары бар адамдар биіктікке көтеруге жол берілмейді.

Еңбек ету сараптамасының сұрақтары кессондық аурулар кезіндегідей болады.

Алдын алу. Биіктікке арналған инструкцияларды сақтаумен, ақырындап оттегінің жетіспеушілігіне жаттығулар жасап, биіктік ауруы дұрыс кәсіптік таңдаулармен жүргізіледі. 8 км және оданда жоғары көтерілген кезде оттегімен тыныс алдырады.

         Негізгі емдеу әдісіне оттегімен немесе оның ауамен қоспасымен тыныс алдыру жатады. 1-3 км биктікте өмір сүретін адамдар ұзақ жасаумен және әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қарсы тұрады. Осы мәліметтер тау ауруының алдын алуларындағы гипоксияның жаттығулары ғана болып қоймай, сонымен қатар жалпы резистенттілікті көтереді.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Биіктік ауруын тудыратын маңызды негізге жатады:

1. Тыныс алған кезде ауада О2 шамадан тыс болуы

2. Тыныс алған кезде ауада О2 жетіспеушілігі

3. Тыныс алған ауада NО шамадан тыс көп болуы

4. Тыныс алған ауада СО жетіспеушілігі

5. Сәулелі радиацияның деңгейі

 

2. Биіктік ауруының алғашқы белгісі қайсысы:

1. Бронхообструкциялық синдром

2. Неврологиялық синдром

3. Абдоминалды синдром

4. Буын синдромы

5. Кардиалгиялық синдром

 

3. Биіктік ауруының дамитын шекарасы:

1. теңіз деңгейінен 0,5-1 км

2. теңіз деңгейінен 2-5 км

3. теңіз деңгейінен 5 км-ге дейін

4. теңіз деңгейінен 1-2 км

5. Барлығы дұрыс

 

  1. Биіктік ауруының негізгі түрлеріне барі жатады, тек:
  2. Буындық
  3. Вестибулярлы
  4. Неврологиялық
  5. Өкпелік
  6. Жыныс жолдық

 

5. Кессон ауруының негізгі емдік әдісі:

1. ГБО өткізу

2. емдік  декомпрессия өткізу

3. емдік бронхоскопия жасау
4. емдік рекомпрессия өткізу

5. ЛОР-мүшелерінің оперативтік емі

 

  1. Қалыпты атмосфералық қысым құрайды:

1. 400 мм.сын.бағ.

2. 760 мм.сын.бағ.

3. 120 мм.сын.бағ.

4.200 мм.сын.бағ.

  1. 50 мм.сын.бағ.

 

7. Кессон ауруын тудыратын жағдайлар:

1. атмосфералық қысымның жоғарлауы

2. атмосфералық қысымның төмендеуі

3. қалыпты атмосфералық қысым

4. ыстық соғу

5. суық тию

 

8.Биіктік ауруының нәтижелі емдеу әдістеріне жатады:

  1. О2 тыныс алу
  2. Тыныс анальгетиктерін енгізу
  3. Жүрек гликозидтерін енгізу
  4. Транквилизаторларды енгізу
  5. Барлығы дұрыс

 

9. Кессон ауруы қайсысында пайда болады:

1. компрессия кезінде

2. декомпрессия кезінде

3. декомпрессиядан 15-20 минут кейін

4. декомпрессиядан 1 сағаттан кейін

5. декомпрессиядан бір тәуіліктен кейін

 

10. Биіктік ауруының біріншілік созылмалы түріне жатпайды:

  1. Полиостеоартроз
  2. Аэропатиялық миелоз
  3. Миокардиодистрофия
  4. Жүйке жүйесінің зақымдануы
  5. Меньер синдромы

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы