ШАҢДЫ БРОНХИТТЕР


Скачать/Жүктеу

Шаңды бронхит (ШБ) — құрылымды өзгерістер мен перибронхиалды қабынулардың дамуымен ірі дисперсті шаңдардың әсерінен пайда болатын  баяу үдемелі эндобронхит. Кейбір шаңдар пневмокониозға қарағанда жиі сүлелі бронхиттің дамуын тудырады. Бұлар құрамында аз мөлшерде кварцтары бар дөрекі дисперсті шаңдар (цемент, өсімдік, ағаш). Сүлелі эндобронхитті ең алдымен бронх ағаштарында орналасқан шаңдар тудырады. ШБ дамуында құрамындағы SiO2 қарағанда шаңның мөлшерінің маңызы зор.

Шаңды бронхитті дамуына сыртқы факторларда әсер етеді – темек шегу, қоршаған ортаның ластануы. әртүрлі өндірістік шаңдардың  әсерінен шаңды бронхит дамуы мүмкін: көмір, мақта, ұн, дән, цемент, абразивті. ШБ дамитын негізгі мамандықтарға жатады: шахтерлар, цемент зауытының жұмысшылары, тігінші фабрикаларының, мақтаны тазартатын зауыттар, құрлысшы жұмысшылары және т.б.

ШБ жоғарғы шаңды жағдайларда ұзақ жыл бойы жұмыс істеген адамдарда дамиды. Көбінесе орта немесе егде жастағы ер адамдар ауырады.

Патогенез: Шаңды  бронхиттер патогенезі бойынша көп жағдайларда сүлелі бронхиттің обструктивті түріне жатады. Ұзақ шаңның әсерінен бронх ағашында пайда болған өзгерістер аурудың ерте кезеңінде обструкцияға әкеледі.

         Шаңмен жұмысты жалғастыра берген жағдайларда ауру өрши түседі. Бұндай жағдайларда шаңды бронхиттің мүгедектік түрінің айқын клиникасы дамиды. Дискриния мен дискинезия бронх ағашындағы қабынулық өзгерістердің дамуына әсер етеді, ол обструкцияны үдете түседі. Обструктивті өзгерістердің өршуі, бролнхоспазмдардың пайда болуы, өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігіне әкеледі.

Аурдың бастапқы кезеңдерінде  тыныс қызметтерінің бұзылыстарының дамуы, жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістерді тудырады, ол шаңды бронхит кезінде ерте және кіші, үлкен қанайналымдарда ерте басталады. Аурудың басында жүректің соққылық және минуттық көлемі ұлғаяды, ал айқын өкпе эмфиземасы мен тыныс жетіспеушілігі бар науқастарда ол шамалы түрде төмендейді.

Өкпедегі  процестердің  өршуі кіші қан айналым шеңберінде гипертензияның дамуы мен өкпелік жүректің қалыптасуына әкеледі. Миокардтың жиырылу қызметінің жағдайына және тыныс бұзылыстарының ерекшеліктеріне бюайланысты, өкпелік жүректері бар науқастардағы гемодинамикалық көрсеткіштер біршама өзгерістермен сипатталады.

Инфлюенц таяқшалары мен пневмококтардың шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда бронхтарында қабыну процестерін тудыруда маңызы зор. Клиникасында айқын демікпелік синдромдары бар науқастарда осы микробтардың ағзаға сенсибилизациясы серологиялық әдістермен дәлелденген.

Шаңды бронхиттердің дамуы мен өршулерінде ағзаның жеке еркшеліктерінің маңызы зор. Шаңды бронхиттердің бастапқы кезеңдерінде ағзаның жалпы резистенттілігі төмендейді. Аурудың өршуінің дамуы кезіндегі клеткалық және гуморалды иммунитет сүлелі аурулармен бірге иммунологиялық жетіспеушіліктің екінші типі бойынша жүреді. Бронх ағашындағы қабыну процесінің сипаты мен белсенділігіне байланысты иммунологиялық тәуелділік анықталған.

Шаңды бронхиттердің клиникалық диагностикасы анамнезіне, науқастың шағымдарына, клиникалық зерттеулер мен қосымша зерттеу әдістеріне негізделген. Шаңды бронхиттерді сүлелі бронхиттерден ажырататын себептердің ерекшеліктеріне клиникалық симптомдардың  баяу дамуы және аурудың нақты морфогенезін көрсетуі жатады. Шаңды бронхит құрғақ немесе аз мөлшердегі қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелмен басталады. Бұл симптомдарға науқас аурудың басында көңіл аудармайды. Кейде науқастар ауруларын жедел басталды деп есептейді(кенеттен температурасының жоғарлауы, жөтелдің күшеюі). әдетте бұндай жағдайларда жедел бронхит немесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел катары диагнозын қояды. Сәйкес емді жүргізгеннен жедел көріністер басылады, бірақ жөтел кейде аздаған ентігу қалады.

Егер анамнезін мұқият жинайтын болсақ, науқастарда жедел аурулардың дамуына дейін науқастарды жөтел мазалағанын анықтауға болады. Жөтел аурудың бастапқы кезеңдерін снамаған кезде сиреку құрғақ болады, әдетте қақырықтың бөлінуі болады, басында шырышты, жабысқақ, соңыра брохтардың зақымдалған жағдайларында іріңнің нәтижесінде сарғыш немесе жасыл түсті болады. Өте сирек жағдайларда шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда қақырықтың  болмауы бронхтарда қақырықтың жабысқақ және қою, сонымен қатар шырыштың шығуын қиындататын бронх ағашының дистониясы мен деформациясымен түсіндіріледі. Шаңды бронхиттерге тән ерекше белгілердің біріне тәуліктік қақырық мөлшнрінің аз мөлшерде болуы жатады (20-30 мл тәулігіне). Сирек жағдайларды көп мөлшнрде қақырықтың бөлінуі байқалынады.

Шаңды бронхит кезіндегі маңызды клиникалық симптомдарға — өкпенің жетіспеушілігінің дамуымен өкпенің басқада сүлелі ауруларын көрсететін ентігудің пайда болуы жатады.

Шаңды бронхит кезінде обструктивті синдром басым болған жағдайларда анықталынатын, тыныстың қиындау сезімімен жүретін, ұстама тәрізді ентігулерге шаңды бронхитпен ауыратын науқастың анамнезіне ерекше көңіл аудару керек.

Шаңды бронхиттің айқын түрі бар науқастар үшін жалпы дегбірсіздік, тез шаршағыштық, әлсіздік  шағымдары тән. Жиі сүлелі шаңды бронхиті бар науқастар кеудесіндегі ауырсынуларға, кеудесіндегі ауырлық және басылу сезімдеріне шағымданады.

Сүлелі бронхиті бар науқастарды қарап тексерген жағдайларда бронхалық синдромдардың барлығын дәлелдейтін, өкпе эмфиземасы, өкпелік жетіспеушілік белгілеріне еркше көңіл аударамыз.

Өкпе аускультациясы кезінде, тынысқа тән өзгерістер анықталынады, сонымен қатар құрғақ кейде ылғалды сырылдар пайда болады.  Шаңның себебінен пайда болған сүлелі бронхит кезінде құрғақ сырылдар жайылмалы сипатта болады, және  аурудың айқын түрінде өкпенің барлық аймақтарында естіледі.

Шаңды бронхитті анықтау кезінде функционалды,рентгенологиялық, эндоскопиялық және басқа тексеру әдістерінің маңызы зор.

Рентгенологиялық әдіс пневмоканиоздардан басқа, қандайда бір шаңды бронхит кезіндегі өзгерістерді анықтамайды. Осы аурлар кезіндегі рентгенологгиялық әдістердің негізгі мақсаты өкпе ауруларын жоққа шығарып, мүмкін болатын асқынуларды алдын алу: перибронхиалды пневмосклероз, өкпе эмфиземасы, перифокалды пневманиялық өзгерістенр.

Соңғы жалдары жүргізілген зерттеулерде профессионалды емес себепті эндоскопиялық тән сипаты анықталында, ол шаңды бронхиттің обьективті эндоскопиялық критерилеріне жатады. Оларға жатады: шырышты қабаттың жоғарғы жиіліктегі атрофиялық өзгерістері, бронх бездерінің ерте және айқын атрофиясы, «жалған гиперемия»  түріндегі кеңірдекпен бронхтардың шырышты қабаттарындағы тамырлар суретінң өзгерістері, кеңірдек және бронхтардың  мембранозды  қабырғаларындағы  жиі дистония (50%), бронх ағаштарының әртүрлі аймақтарындағы деформациялар, қабынуға тән белгілердің болмауы, әсіресе аурудың бастапқы кезеңдерінде, бронх ағашының зақымдануының екі жақты және төменгі сипатта болуы мүмкін.

Шаңды бронхиттері бар науқастарда  шырышты қабаттарының асты шаңмен толып қалуы мүмкін «татуировка», бірақ осы эндоскопиялық белгі көбінесе пневмокониоздар кезінде кездесуі мүмкін.

Шаңды бронхит кезіндегі клиникалық диагнозды қалыптастыру кезінде, тыныс қызметінің жағдайын комплексті бағалаудың маңызы зор. әртүрлі функционалды зерттеу әдістерінің ішінде өкпенің өмірлік сиымдылығын (ӨӨС), алғашқы секундтағы форсирленген тыныс көлемі (Тиффно индексі), өкпенің максималды вентиляциясы (ӨМВ), тынысты шығару кезіндегі пневмотахометрия. Алынған көрсеткіштерді тексерілушінің жасын, жынысын, бойын ескере отырып қалыпты жағдайдағы мен салыстыра  отырып бағалайды.

Спирографиялық көрсеткіштердің барлық комплексі бойынша сапалық бұзылыстар сипаты жүргізіледі. Вентиляцияның бұзылуының үш түрін ажыратады: обструкривті, рестриктивті және аралас.

Обструктивті түрінде, бронхтардың өтімділігі бұзылады, форсирленген тыныс көрсеткіштері төмендейді, ӨӨС төмендеу деңгейі басым болады, ал ОФ ның  ӨӨС пайыздық қатынасы төмендейді, осы арқылы бронх обструкциясының  айқындылығы сипатталады.

Рестриктивті түрінде ӨӨС төмендеуі басым болады. Салыстырмалы жылдамдық көрсеткіштері қалыпты немесе қалыптыдан біраз жоғары болады. өкпе эмфиземасының айқындылық деңгейін анықтау үшін, өкпенің қалдық көлемін анықтау қолданылады (ӨҚК). Аралас түрінде өкпенің ӨӨС және абсолютті  жылдамдық көрсеткіштері төмендейді, нәтижесінде салыстырмалы көрсеткіштер абсолютті көрсеткіштерге қарағанда аз мөлшерде өзгереді.

Өкпе эмфиземасының айқындылық деңгейін анықтау үшін өкпенің қалдық көлемін зерттеуді қолданады.

Шаңды бронхит кезінде өкпенің вентиляциялық қабілетінің өзгерістерін тудыратын механизмді анықтау үшін, науқастарды клиникалық тексерулер кезінде бірқатар әдістердің комплексі қолданылады, оларға оксигемометрия (қанның оттегімен қанығу деңгейін анықтау), капнография (альвеолярлы ауадағы көмір қышқылының парциялды қысымын анықтау), пневмотахография(бронхтардың қарсылық деңгейін анықтау және өкпе тінінің эластикалық қасиетін анықтау), электромиография (тыныс бұлшық еттерінің биоэлектрлік белсенділігін анықтау, қанның қышқылды негізгі жағдайын анықтау) жатады.

Сүлелі шаңды бронхиттері бар науқастарды тексеру кезінде жүрек тамыр жүйесін тексерудің де маңызы зор.

Шаңды бронхиттерді анықтау кезінде қабыну процестерінің белсенділік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін(қан сары суындағы белоктың қатынасы, фибриоген, гаптоглобин және т.б қатынасы), сонымен қатар қышқылды сілтілі фосфотазаны анықтаумен қан клеткаларын цитохимиялық тексерулердің биохимиялық көрсеткіштеріде қолданылады. Антибиотиктерге сезімталдығын және микрофлоралар құрамын анықтаумен науқастардың қақырықтарын бактериологиялық зерттеулерінің маңызы зор.

Жоғарыда аталған әдістер арқылы  шаңды бронхиттің айқындылық деңгейін анықтауға, процестің фазасын, басым клиникалық синдромға сипаттама беруге, функционалды бұзылыстардың деңгейі мен сипатын анықтауға, салыстырмалы ажырату және емдеу сұрақтарын дұрыс шешуге болады.

Клиникалық белгілердің айқындылығы мен функционалды өзгерістерге байланысты шаңды бронхиттердің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:  бірінші – жеңіл дәрежедегі шаңды бронхит, екінші – орташа ауырлық дәрежесіндегі, үшінші – ауыр ағымындағы шаңды бронхит.

Шаңды бронхиттің латентті кезінде ұзақ уақыттық жөтелег шағымданады, эндоскопия кезінде көрінетін бронх ағашындағы өзгерістермен сипатталады. Осы кездегі эндоскопиялық тексерулерде бронхтарды белсенді қабыну белгілері болмаған кездердегі  шамалы атрофиялық өзгерістерде тамырлар суретінің күшеюі анықталынады.

Ауыру ағымында үш кезеңді ажыратады:

         1 кезең – бронхтардың қарапайым шаңды катары, тітіркену бронхиті немесе аз айқындылықтағы тұрақсыз бронхит. Шағымдары: аз мөлшерде шырышты немесе шырышты-іріңді қақырығы бар кезеңді түрде күшейетін  құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, аз мөлшердегі күш түскен кездердегі ентігу. Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Аурудың өршуі жылына 1-2 рет қайталанады.

         Аускультативті: қатқыл тыныс, тұрақсыз құрғақ сырылдар. Перкуторлы – төменгі бөліктеріндегі қораптық, айқын өкпелік дыбыс. Сыртқы тыныс қызметтерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың басында айтарлықтай өзгерістер болмайды және жұмыс қабілеті сақталынады.

         2 кезең шамалы айқындықтағы бронхитте бронхоспазм көріністері мен бронх ағашына инфекциялар қосылады. Жөтел ұстама түріндегі сипатта күшейе түседі, кеуде қуысында ауырсыну және ентігу үдей түседі.

Қарағанда: диффузды сипаттағы эмфизема күшейеді. Фиброз және бронхэктаз түріндегі сүлелі процестердің дамуымен баналды инфекция қосылады. Перкуторлы қораптық дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, жайылмалы, құрғақ, ысқырықты сырылдар. Сыртқы тынысты тексеру кезінде бронх өтімділігінің бұзылу белгілері, ТЖ І-ІІ дәрежесі.

Рентгендегі өзгерістері: өкпе суретінің деформациясы мен өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы, диффузды перибронхиалды пневмосклероз. Бронэктазға күдіктенген кезде бронхографияны жүргізеді. Бронхит өкпелік жүрекпен асқынған кезде өкпе артериясының конусы білеуленеді.

         3 кезең  сүлелі бронхиттің ауыр түрі асқынулармен. Науқастарда обструкциялық көріністермен жұқпалы қабынбалы процесс белгілері, айқын өкпе эмфиземасы, бронхтық пневмосклероздың қалыптасуы анықталынады. ағымында жиі асқынулар және тұрақсыз ремиссиялар болады.ең бастысы тұрақты және өршімелі өкпелік жүректің жетіспеушілігімен сипатталады.

         Шаңды бронхит диагнозын қоюға мүмкіндік беретін негізгі критерилерге, келесі белгілер жатады: 1) жоғарғы деңгейдегі шаң жағдайында кем дегенде 5-10 жыл жұмыс істеу; 2) аурудың клиникасы – бастапқы кезеңінің ұзақ латентімен біріншілік сүлелі ағым; ерте және жиі демікпелік синдромның қосылуы, диффузды обструктивті өкпе эмфиземасы; қабынбалы өзгерістердің аз байқалуы, эндоскопиялық симптомдардың ерекшеліктері.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Шаңды бронхиттері бар науқастардағы еңбек ету қабілеті процестің кезеңіне, аурудың ағымына, өкпе және жүрек жетіспеушілігінің айқындылық деңгейіне, сонымен қатар аурудуың мамандығына, оның квалификациясына, біліміне, жасына, еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық сипатына байланысты. Еңбек ету қабілетін тұрақты төмендету кезінде клиникалық диагнозымен қатар   аурудың жасын, квалификациясын, еңбек жағдайын ескере отырып аурудың болжамының маңызы зор.

         Шаңды бронхиттің бірінші кезеңіндегі еңбек ету қабілетін анықтау кезіндегі науқастың жағдайы тыныс қызметінің бұзылыстарына әкелмейді, сондықтан жұмысшылар динамикалық  бақылау және профилактикалық ем алып,  жұмыстарын жалғастыра береді. Аурудың өршу кездерінде басқа жұмысқа ауыстырылады. Демікпелік синдромның пайда болуы, өкпенің жетіспеушіліктерінің дамуы процестің өршуі кезіндегі жиі асқынуларға жатады. Демікпелік синдромның дамуы жұмысты жалғастыруға   болмайтын тура қарсы көрсеткіш болып табылады.

Кейбір жағдайларда жоғары маманданған стажы үлкен адамдарға, әсіресе егер «пенсияның алдындағы» кезеңде болса науқастарды шаңдануы аз цехтарға  дәрігердің бақылауымен және емдік сауықтыру шараларын жүргізе отырып, жұмысын жалғастыра беруге рұқсат етіледі.

Ал жастарға келетін болсақ, оларды жеке жұмыстарға орналастыру керек және еңбек ету қабілетін жоғалтуына байланысты қайта квалификациядан өтеді немесе жаңа мамандық алған кезде 3 топтың мүгедектігін береді.

Өкпелік жетіспеушіліктің 1-2 және 2 деңгейі, демікпелік синдром, жиі асқынулардың болуы(жылына 2-3 рет және оданда көп)орташа ауырлық бронхит кезіндегі кәсіптік мүгедектікті анықтаудың 3 тобының критерилеріне жатады. Бұл науқастар жеңіл жұмыстар ғана атқара алады.

Шаңды бронхитпен ауыратын науқастарда еңбек ету қабілетінің сұрақтарын  шешу  кезінде науқастың барлық ауруларын ескеру керек. Қосымша аурулардың болуы жиі сарапшылардың қорытындысын өзгертіп отырады. Айқын морфологиялық өзгерістері  және ауыр функционалдық бұзылыстары бар, бронхиттің ауыр ағымында науқастарға кәсіптік аурулардың себептеріне байланысты  2 топтың немесе 1 топтың  мүгедектігін береді.

Емі: шаңды бронхит ауруының емі аурудың ерте кезеңдерінен басталу керек. Бұндай жағдайларда  амбулаторлы түрде профилактикалық ем немесе санаторлық-профилакторияларда жүргізіледі. Профилактикалық емнің негізінде адаптогендерді, витаминдер комплексімен физиотерапиялық процедураларды тағайындай отырып  ағзаның жалпы төзімділігін жоғарлату керек. Бронх ағашының шырышты қабатының жағдайын жақсарту үшін сілтілі ертіндімен  жылына екі рет 10-15 күндік курспен  ингаляциялар тағайындалады.

         Тыныс қызметтерінің бастапқы бұзылыстарын қалыптастыру мақсатында кеуде клеткасына массаж және тыныс алу жаттығуларын аурудың ерте кезеңдерінде емдеу комплекстеріне енгізу керек. Жоғарғы тыныс жолдарындағы іріңді ошақтарды санациялау және жедел респираторлы ауруларды жеткілікті емдеу профилактикалық шаралардың арасында маңызды орынды алады.

Клиникалық синдромдар мен процестің  фазалары шаңды бронхит кезінде жүргізілетін комплексті емдерді анықтайды. Комплексті емдеу шараларына бронхтардың дренаждық қызметін және бронхтардың өтімділігін қалыптастыратын, бронхоспазмды қайтаратын, бронх инфекцияларымен күрес, газды бұзылыстарының коррекциясы, миокард қызметін жақсарту жатады.

Шаңды бронхиті бар науқастарда бронхтардың дренажды қызметтерінің бұзылыстары салдарынан жабысқақ қою қақырықтың шығуы қиындағандықтан, қақырықтың бөлінуін жеңілдететін заттарды қолданудың маңызы зор. әсер теу механизмдеріне байланысты осы препараттар келесі топтарға бөлінеді (Миррахимов М.М., 1981, және т.б): протеолитикалық ферменттер мен ацетилцистеин жататын, муколитикалық заттар;мукорегуляторлы заттар (бромгексин, бисольван). Қақырықты түсіретін препараттарды ұзақ уақыт қолдануларға қарағанда, жылытылған натрий хлорының изотоникалық ертіндісімен  эндобронхиалды санация жасау арқылы бронхтардың өтімділігн қалыптастыру әдістерінде ең нәтижелі болып келеді. Көрсеткіштері бойынша муколитикалық заттарды эндобронхиалды түрде енгізуге болады. Клиникасында бронхоспастикалық синдром болған кезінде бронхолитикалық препараттарды қолданады. Осы топтардың ішінде бета-адренорецепторлардың стимуляторлары  қолданылады, оларға новодрин, эуспирин, астмопен жатады. Беротек, тетрабуталин (бриканил), сальбутамол (вентолин) нәтижелі. Бронхоспазмды қайтару үшін холинолитиктерді: платифиллин, белладоннаны, пурин туындыларын: теофиллин, эуфиллинді қолданады. Бронхоспазм кезінде аллергиялық реакцияның маңыздылығын ескере отырып, шаңды бронхитте брохолитикалық препараттармен қатар десенсибилизациялық препараттарды (димедрол, супрастин, диазолин, тавегил) тағайындайды.

Шаңды бронхиттермен науқастанған адамдарда антибактериялды екм жүргізудің маңызы зор. Осы емнің нәтижелігі препараттың дұрыс таңдалуларына байланысты. Инфекцияның өршу кезінде кең спектрлі антибактериялды препараттарды тағайындаған дұрыс. Сульфаниламидтерді тағайындаумен антибиотикалық ем нәтижелі болып табылады.  Ал ең нәтижелі емдерге нитрафуран қатарындағы препараттарды (фурагин, фурациллин) тағайындаумен және сульфаниламид ертінділерімен эндобронхиалды санация жүргізудің маңызы зор.

Шаңды бронхит кезіндегі емдеу комплексіне физиотерапиялық әдістер және емдік тыныс жаттығулары енгізіледі. Тыныс жетіспеушілігі және гипоксиямен жүретін шаңды бронхит кезінде оксигенотерапия қолданылады. Оттегімен ингаляцияны арнайы палаткаларда танау катетрларымен маскалармен жүргізуге болады. Соңғы жылдар гипербариялық оксигенацияның нәтижесі жоғары болып саналады. Қан айналымының жетіспеушіліг мен өкпелік жүректің дамуы кардиалды және зәр айдағыш заттарды тағайындауды талап етеді.

Шаңды бронхиттің дамуын динамикада бақылаған кезде, оның өршуінің негізгі себептеріне аурудың толық жеткілікті емделмеулері жатыр. Шаңды бронхит диагнозы қойылған науқастар, бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеуін жалғастарған жағдайларда, белсенді емнен кейін еңбекке жарамсыздық парағын қоса беру керек, ол аурудың өршуін алдын алу үшін керек.

Дер кезінде белсенді түрде  және жеткілікті емді жүргізу арқылы аурудың мүгедектік түрінің дамуын алдын алуға болады.

Шаңды бронхитпен ауыратын науқастарға көрсетілетін емдік шаралардың біріне науқастарды диспансерлік топқа алып, жылына екі рет денсаулығының жағдайын тексеріп отыру керек (көктем және күз мезгілдерінде).

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Шаңды бронхит кезінде шаңды бөлшектердің тыныс жолдарының терең бөліктеріне енуіне әсер етеді:

1. бөлшектердің көлемі

2. гигроскопиялық

3. ылғалдылық ты сіңіру көлемінің ұлғаю қабілетінің жоғарлауы

4. массасы

5. аталғандардың барі

 

  1. Шаңды бронхиттер кезіндегі бронхтардың өтімділігінің бұзылу себебі:
  2. тарылу
  3. ісіну(аллергиялық, вазоматорлы, қабынулы)
  4. дискриния
  5. тыртықты басылу
  6. аталғандардың барі

 

  1. Шаңды бронхиттер патогенезіндегі шешуші ролі:
  2. Бронх ағашының шырышты қабатына шаңның зақымдау әсері
  3. Бронх ағашының тамырлық бұзылыстары
  4. Бронхтардың эвакуаторлы-секреторлық қызметінің біріншілік зақымдануы
  5. шаңның токсикалық әсері
  6. аталғандардың барі

 

  1. Сүлелі шаңды бронхиттің ауыр болжамалы асқынуларының біріне жатады:
  2. инфекциялық-аллергиялық бронх демікпесі
  3. сүлелі бронхопневмония
  4. бронхоэктаздар
  5. сүлелі өкпелік жүрек
  6. аталғандардың барі

 

5. Шаңды бронхиттің ІІ-дәрежесіне тән рентгенологиялық тексеру мәліметтері:

1. өкпе суретінің т/б айқын емес өзгерістер, кейде бронхоэктатикалық өзгерістер, бастапқы өкпе эмфиземасы

2. өзгерістер анықталмайды

3. айқын пневмосклероз, кейде бронхоэктаздармен, айқын өкпе эмфиземасы

4. диффузды пневмосклероз фонында көптеген ұсақ түйіндер, өкпе эмфиземасы

5. айқын эмфизема ошақтарымен ірі фиброзды алаңдар

 

6. Машина құрастыру зауытының медико-санитарлық бөлімінің дәрігерінің кезеңді қарауынан кейін кәсіптік аурулар клиникасына 44 жастағы науқас түсті. 18 жыл бойы құю цехында  шлифовщица болып жұмыс істейді. Жөтелге, баспалдақпен көтерілгенде аздаған ентігуге шағымданады. Жөтел 4-5 жыл мазалайды, бас кезінде құрғақ, кейінгі айларда аз мөлшерде жабысқақ қақырық пайда болды, сол кезден ентігу байқалады.  Басынан кешкен аурулары: пневмония (бала кезінде), дизентерия (12 жыл бұрын). Қараған кезде — қатаң тыныс, жауырын арасында, жауырын ортасында бірен – саран сырылдар, төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыс қорап тәрізді, қалған жерлерінде өзгеріс жоқ. Сыртқы тыныстың функциясы тексерілмеген. Рентгенограммада түбірлері шамалы тығызданған, төменгі бөліктерде өкпе суреті аздап күшейген. Болжам диагнозы қандай:

1. созылмалы обструктивті бронхит

2. созылмалы шаңды бронхит

3. созылмалы қарапайым бронхит

4. созылмалы іріңді — обструктивті бронхит

5. жоғарыда аталғандардың біреуі де келмейді

 

7. Сүлелі шаңды бронхиттің дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. құрлымдық өзгерістердің дамуынсыз кварцты шаңдардың әсерінен дамыған баяу өршімелі эндобронхит

2. перибронхиалды қабыну және құрылымдық өзгерістердің дамуымен ірі дисперсті шаңдар әсерінен дамыған баяу үдемелі эндобронхит

3. иммундық бұзылыстардың дамуымен тез өршімелі эндобронхит

4. басым бронх ағашының зақымдануымен аралас шаңдар әсерінен дамыған сирек кездесетін өкпенің кәсіптік ауруы

5. аталғандардың барі

 

8. Сүлелі шаңды бронхиттердің асқынуларына жатады тек:

1. өкпе эмфиземасы

2. сүлелі өкпелік жүрек

3. бронхэктаздар

4. бронх демікпесі

5. артериялдық гипертония

 

9. Науқас К., 26 жаста, рабочий цемент зауытының жұмысшысы іріңді қақырықпен жөтелге, тершеңдікке, күш түскендегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: жылына 2-3 рет өршитін созылмалы бронхит, шылым шегеді. Объективті: арық. ТАЖ (ЧДД)- 22 минутына. Өкпесінде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар. Cor тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ (ЧСС) — 98 минутына. Болжам диагноз?

1. шаңды бронхит

2. соз. обструктивті бронхит, өршу кезеңі

3. соз. іріңді бронхит, өршу кезеңі

4. кәсіптік бронх демікпесі, бастапқы кезеңі

5. бронхопневмония

 

10. Науқас К., 26 жаста, рабочий цемент зауытының жұмысшысы іріңді қақырықпен жөтелге, тершеңдікке, күш түскендегі ентігуге шағымданады. Анамнезінде: жылына 2-3 рет өршитін созылмалы бронхит, шылым шегеді. Объективті: арық. ТАЖ (ЧДД)- 22 минутына. Өкпесінде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар. Cor тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ (ЧСС) — 98 минутына. Емдеу принциптері.

1. антибиотиктер+бронхолитиктер

2. кортикостероидтар

3. антибиотиктер+аз дозалы гормондар

4. β-адреноблокаторлар

5. симптомомиметиктер


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы