
Скачать/Жүктеу

Жоғарыда тек бір локустың көптік аллельдігі нәтижесінде түзілетін изоферменттер қарастырылды. Ондай аллельдер бастапқы геннің мутациясы нәтижесінде түзіледі, яғни дивергентті эволюция жолымен. Ал көптеген локуспен түзілетін изоферменттер болса – олар да дивергенция нәтижесінде түзіледі, бірақ олардың түзілуі тағы екі сатыны қажет етеді. Оны келесідей жазуға болады:
- бастапқы геннің мутациясы, көптеген аллельдердің түзілуі;
- гендік локустың екі еселенуі;
- аллельдердің сегрегациясы (бөлшектенуі).
Бұл процесс осындай ретпен жүре ма, әлде 2-ші 1-ден бұрын бола ма белгісіз. Сұрыпталу теориясының жақтаушылары алдымен 1-ші кезең жүреді дейді. Одан әрі гетерозиготалықтың басымдығына сәйкес түрдегі аллельдердің популяцияда таралады. Содан кейін 2-ші, 3-ші сатысы жүреді, оның нәтижесінде түрдің әр дарабасы аман қалуы үшін пайдалы қасиет — әртүрлі аллельдермен кодталатын белоктардың екеуін де синтездеу қабілетіне ие болады /1,2/.
Көптік локуспен кодталатын изоферменттердің эволюциясының 4-ші сатысы — әр локустың экспрессиялануының тәуелсіз механизмі қалыптасуы. Бұл бір ұлпада бір локус, екінші бір ұлпада басқа локус активті болып келетін көп клеткалы организмдерге тән. Оның нәтижесінде изоферменттердің ұлпалық спецификалығы пайда болады.

Скачать/Жүктеу
