Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп түрлiлiктi бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық түрлерiн топтарга бiрiктiрдi.
Өсiмдiктердi топтарга бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.
Құрылысы, тiршiлiк етуi бiрдей және өздерiнiң арғы тегiне ұқсас өсiмдiктердi бiр түрге жатқызады. Олар жемiс беретiн ұрпақ түзуге қабiлеттi келедi. Мысалы, қара сексеуiлдiң тұқымдарынан дәл сондай қара сексеуiл (саксауыл безлистый – Haloxylon aphyllum) өсiп шығады.
Жер бетiнде шамамен 250 мыңдай гүлдi өсiмдiктердiң түрлерi белгiлi. Сонымен бiрге ботаниктер — ғылымға бұрын белгiсiз болып келген өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалы, ермен жусан мен дәрмене жусан бiр туыстың — жусанның түрлерi. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тiлде бiр өсiмдiктiң өзiн әр түрлi атайды. Соған байланысты ғалымдар өсiмдiктердiң латын тiлiндегi ғылыми аттарын енгiздi. Өсiмдiктердiң латын тiлiндегi аттары дүниежүзi ботаниктерiне түсiнiктi. Мысалы, латын тiлiнде ермен жусанын Artemisia vulgaris, ал дәрмене жусанын Artemisia cina деп атайды.
Жақын туыстар бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен астық тұқымдасын түзедi.
Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бiр класқа жатқызады. Гүлдi өсiмдiктердi қос жарнақтылар(двудольные -Dicotyledoneae) класы және дара жарнақтылар(однодольные — Monocotyledoneae) класы деп екiге бөледi.
Өсiмдiктiң қай класқа жататындығын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бiрқатар өсiмдiктердiң жапырақтарының жүйкеленуi мен формасы, тамыр жүйесiнiң типтерiде негiзгi белгiлерге жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығында екi тұқым жарнағы болса, онда оны қос жарнақтылар класына жатқызады. Мысалы, үрмебұршақтың (фасоль — Phaseolus) ұрығының екi тұқым жарнағы болады; жапырағы торлы жүйкеленедi, тамыр жүйесi — кiндiк тамырлы. Қос жарнақтылар класына жалпақ жапырақты ағаштар мен бұталардың, көкөнiстiк дақылдардың бәрi жатады. Сонымен бiрге бұл класқа көптеген шөптесiн өсiмдiктер де жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығының тұқым жарнағы бiреу болса, онда ол дара жарнақтылар класына жатады.Сонымен бiрге бұл кластың өкiлдерiнiң жапырағы параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы болады. Дара жарнақтылар класына астық тұқымдасының, қияқ өлеңдердiң, лалагүлдiлердiң, т.б. тұкымдастардың өкiлдерi жатады.
Бiрақ өсiмдiктердi олардың тек бiр ғана белгiсiне қарап, қай класқа жататындығын анықтау, көп ретте мүмкiн бола бермейдi. Орманда өсетiн шөптесiн өсiмдiк кәдiмгi қарғакөздiң (вороный глаз обыкновенный – Paris quadrifolia) жапырағы торлы жүйкеленедi, бiрак, ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады (22-сурет). Қарғакөз — дара жарнақты өсiмдiк. Бақажапырақтың (подорожник — Plantago) жапырағы доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы, бiрақ оны қос жарнақтылар класына жатқызады. Себебi ұрығының екi тұқым жарнағы болады.
Бұдан әрi бiз қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарына жататын бiрнеше тұқымдастардың өкiлдерiмен танысамыз. Қос жарнақтылар класынан көкнәрлер орамжапырақтылар, раушангулдiлер, бұршақтар, алқалар, құлқайырлар, алаботалар, асқабақтар және күрделiгүлдiлер тұқымдастарына, ал дара жарнақтылар класынан құртқашаштар, лалагүлдiлер, жуалар, меруертгүлдiлер және астық тұқымдастарына тоқталамыз.
Гүлдiң формуласы мен диаграммасы
Жабық тұқымды өсiмдiктердiң тұқымдарын қарастырғанда олардың гүлдерiнiң құрлыстарына ерекше мән берiледi. Сендер 6 сыныптан гүлдiң құрылысымен және формуласымен таныссыңдар. Бiрақ жабық тұқымдылардың әртүрлi тұқымдастарының, гүлдерiнiң құрылысы әрқилы болады. Сондықтанда тұқымдастарды өткенде олардың гүлдерiне талдау жасап, формуласын жазып, диаграммасын сызып отыру қажет. Гүлдiң формуласын жазғанда оның алдында мынадай белгiлер немесе таңбалар қойылуы қажет: - симметриясыз гүл; % немесе бұрыс гүл; * немесе + дұрыс гүл ; @ — спираль тәрiздi орналасу; ♀ — дара жынысты аналық гүл; ♂ — дара жынысты аталық гүл; 0 — қос жынысты гүл. Гүлдiң бөлiктерiн мынадай шартты таңбалармен белгiлейдi: тостағаншасын Т, күлтесiн К, аталығын А, аналығын — Ж әрiптерiмен. Гүлдiң әрбiр мүшелерiнiн санын цифрлармен белгiлейдi. Мысалы 5 мүшелi тостағаншаны – Т5, бiрiккен 5 мүшелi күлтенi — К(5), аталықтары 12 ден көп болса шексiздiк белгiсiмен - А , екi бiрiккен аналықты Ж(2) таңбаларымен және цифрлармен белгiлейдi. Гүлдiң формуласын жазғанда жатынның гүл табанына орналасуын сызықшамен (-) белгiлейдi. Сызықша аналықтың санын көрсететiн цифрдың үстiне (астынғы жатын), астына (үстiнгi жатын), ортаңғы деңгейiне (ортаңғы жатын) қойылады.
Гүлдiң құрылысы жөнiнде толық мағұлмат диаграммадан алынады. Диаграмма гүлдiң осiне перпендикуляр жазықтықта орналасқан проекциясын бередi. Сонымен бiрге диаграмма гүлдiң бөлiктерiн, олардың мүшелерiнiң санын, орналасу ерекшелiктерiн көрсетедi. Ыңғайлы бөлу үшiн диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бiрдей тәсiлi қолданылады. Гүл шоғының өсiн жоғары, ал жабындық жапырақшаны төменгi жағынан орналастырды. Тостағанша жапырақшаларды қырлы жақшамен, күлте жапырақшаларды дөңгелек жақшалармен, аталық пен аналық өздерiнiң көлденең қиындысымен бейнеленiп көрсетiледi. Гүлдiң жекелеген мүшелерi бiрiккен болса, онда олардың арасын доға сызықпен қосады.