Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік уәкілетті органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.
Читать полностью»

23.02.2012
aslan
Рубрика: 
Біздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай акциялар және артықшылықты акциялар. Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.
Метки:
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздарды айқындаудың әр түрлі тәсілдері бар: бағалы қағаздардың осы ұғымға кіретін тізбелері әр түрлі; бағалы қағаздар көрсететін экономи¬калық қатынастардың мазмұнына қойылатын тәсілдер әр түрлі.
Жоғары орган — акционерлерінің жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда — осы акционер)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 88-бабына сәйкес акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының актілерімен айқындалады. Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың айлық есептік көрсеткіш болады.