Өндірісте қорғасын және оның қосындыларын кейбір құймаларды (типографиялық, баббитті, латунь), аккумуляторлар, химимялық аппараттар, иондаушы сәулелерден қорғайтын заттар, хрусталь өндірістерінде, бояу түрінде (қорғасынды ағартулар) және т.б. Қорғасынды уланулар ең бастысы өндірістік жағдайларда болады. Кейде тұрмыстық жағдайларда ішінен қорғасынмен қапталған, ұзақ уақыт бойы керамикалық ыдыста сақталған тамақ өнімдерін қолданған жағдайларда уланулар болады.
Қорғасын және оның органикалық емес қосындылары агрегаттық жағдайымен қатынас сипатына байланысты, тыныс жолдары немесе асқазан ішек жолдары және тері жабындылары арқылы енеді. Өндіріс орындарында бұл заттар адам ағзасына шаң, аэрозол және бу түрінде енеді. Қорғасын және оның туындылары асқазан және ішек жолдарына тұрмыстық уланулар кезінде, сирек жеке бас гигиенасын сақтамайтын — өндірісте: қорғасынмен байланыста болғаннан кейін ауызды шайқау, қолды жуу, цех орындарында тамақ ішудің салдарынан түседі.
Читать полностью »