Аудиттің мәні, мақсаты және түрлері


Скачать/Жүктеу

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

1.   Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2.   Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6.  Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,  серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.

Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады [3].

Аудиторлық іс эономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.

Әкімшілік  құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру мен бақылау түсініктеріне  қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет [4].

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамадас бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен үдерістірінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептеудің озық әдістерін анықтау;

- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және экономикалық- математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және  өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің  әдістемелік негізіне қызмет етеді [7].

Нарықтық экономикада жағдайында тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді [8].

Аудит термині латынның « audio» — « тындап тұр» деген сөзінен шыққан.

  1.  Кейбір мемлекеттердегі аудиттің даму жолдарының тарихы

Мемлекет

Мерзімі

Түсіндірме

1

2

3

 

Қытай

Біздің заманымызға дейін 700 ж. Тарихи деректерге  сүйенсек, Қытайда әлемдегі ең алғашқы аудиторлық жүйе құрылған. Бұл мемлекетте «Бас аудитор» мәнсабы бекітілді.
 

1982 ж.

Жаңа конституция жарияланды. Бұл конституция негізінде мемлекеттің аудиторлық әкімшілігі құрылды.
 

Ұлыбритания

XVI-XIX ғасырлар Аудиттің дамуына экономикалық түрлендірілген және де кәсіпорын басқарушылары (акционерлер, меншік иелері, инвесторлар) көзқарастарының өзгеруі әсер етті.
1844 ж. Акционерлік қоғам туралы заңның қабылдауына байланысты кәсіпорын басшылары жыл сайын акционерлердің алдында аудитордың тәуелсіз есебі арқылы есеп беруге міндетті болды.
1862 ж. Барлық акционерлік қоғамдар міндетті түрде аудиттелуге тиіс болады.
1879 ж. Жыл сайынғы міндетті аудит тексеруін өткізуге енді барлық коммерциялық банктер де жұмылдырылды.
Франция 1867 ж. Аудит қызметі туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша 2 түрлі тәуелсіз қаржылық бақылау жүргізіледі. Олар бухгалтер-эксперттер және шоттар бойынша комиссиялар. Олардың айырмашылығы – біріншілер шақырылады, ал екіншілер тағайындалады. Комиссиялардың қызметі үкімет тарапынан бақыланады. Ал бухгалтер-эксперттер сырттан шақырылып, олар шот жоспарын, бухгалтерлік есепті, ішкі бақылауды жүргізуге көмектеседі және басқа да қызметтер көрсетеді.
Германия 1870 ж. Акционерлік қоғам туралы заңға толықтырулар енгізілді. Олар бақылайтын кеңестерге акционерлік қоғамдардың тапқан таза табыстарының болуы туралы есеп беруге, қаржы құжаттарын тексеріп, оны акционерлік қоғамның жалпы жиналысына талқыға салуға міндетті болды.
1931 ж. Ішкі ревизордың жүргізген тексерулерінің нәтижесінде көпетеген акционерлік қоғамдар банкротқа ұшырағаннан кейін, Германия ішкі аудит туралы заңдарына өзгерістер енгізді. Бұл заң бойынша енді аудитті сыртқы аудиторлар жүргізетін болды. Енді аудит жүргізу барлық ірі акционерлік қоғамдарға міндетті болды.
АҚШ 1996 ж. Заң түрінде аудитор қызметі реттелді. Бұл заң бойынша Нью-Йорктегі университетте емтихан тапсырған және аудитор қызметімен айналысуға лицензиясы бар әрбір бухгалтер аудитор бола алады.
1932 ж. Бағалы қағаздардың дұрыстығы туралы акт қабылданды. Бұл акт бойынша енді акциялар мен облигациялар шығаратын жеке меншік компанияларға аудит жүргізілетін болды.
1948 ж. Америкалық бухгалтерлер институты жалпы аудит стандарттарын бекітті.
Халықаралық статус Штаб пәтері Нью-Йоркта (АҚШ) 1977 ж. Халықаралық бухгалтерлер федерациясы құрылып (IFAC), аудиторлық тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет жұмыс істеді. Бұл комитет Халықаралық аудит стандарттарын әзірлеумен айналысатын болды.
1995 ж. Халықаралық бухгалтерлер ассоцияция (IAPC) құрылды. Осының негізінде Халықаралық аудиторлық комитет жұмыс (IFAC) істейді. Бұл комитет аудитттің халықаралық стандарттарын дайындайды.
Қазақстан  Республикасы 1993 жылы 18 қазанда Республикадағы аудиторлық қызметті реттеу негізінде «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заң қабылданды.
  1998 жылы  20 қазанда Аудиторлық қызметтің тәуелсіздігін дәлелдейтін «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды.
  2000 жылы  наурызда Аудиторлардың республикалық конференциясында аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттарын ұлттық қызмет ретінде қолдану көзделді.

АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикасы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірибесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтер  мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалардың, оның ішіне үлкен төрттік те кіреді, өз ассортименттерінде кәсіби аудиторлық қызмет көрсетудің және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден астам атауы бар.

Аудиторлық еңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде үлкен төрттік қызметі ауқымының кеңейгеніне және күшеюіне наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтардың пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін  шоғырландыру, оларды одан ары біріктіру нмесе бөлу нәтижесінде аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы  оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкесінше аудит пен қаржылық есептілік аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

1) аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі — бағдарлы және тәуекелге негізделген;

2)  құқықтық негізде: міндетті,бастамашылық;

3) қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандыру, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы