Скачать/Жүктеу
Бухгалтерлік құжат-операциялардың орындалғаның растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Құжаттардың нысандары келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1.Ауыл шаруашылық өніммен шикізат
2.Еңбек және еңбекақы
3.Негізгі құралдармен материялдық емес активтер
4.Материялдар
5.Кем бағалы және тез тозғыш заттар
6.Капиталдық құрылыстағы жұмыс
7.Құрылыс машиналармен механизмдердің жұмысы
8. Кассалық операциялар
9. Сауда операциялары
Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктері бойынша жіктеледі: мақсаты бойынша, құрастырылған орнына байланысты, көрсету тәсілі және операция мазмұнының көлемі бойынша.
Мақсаты бойынша құжаттар үкімдік, атқарушылық, бухгалтерлік және құрамдастырылған б.б.
Үкім құжаттарына – шаруашылық операцияларды жүргізуі туралы бұйрықтар мен өкімдер жатады.
Атқарушылық құжаттар – шаруашылық операциялардың орындалғанын көрсетеді. Бұл құжаттарға – тауарлық материалдық қорларды алу үшін толықтырған түпқұжат (накладной) , кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ордерлері және т.б. жатады.
Бухгалтерлік толтырылған құжаттар – ұйымның бухгалтериясы жасаған әртүрлі анықтамалар – бухгалтериялық есеп шоттар бойынша орындалатын операцияларға негіз болатын ісінің бухгалтерлі толтырған есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, ж/к сақтандару аударымдары, еңбек ақы көлемдері және т.б. бухгалтерия толтырылған құжаттар жатқызылады.
Толтырылатын орнына байланысты құжаттар ішкі және сыртқы б.б.
Ішкі құжаттар д/з белгілі бір кәсіп орында толтырылып оның ішінде жүргізілетін құжаттар б.т.
Сыртқы құжаттарға – кәсіпорынға басқа ұйымдарға келіп түскен немесе ұйымның басқаларға түрлі операциялар бойынша жіберген құжаттарын жатқызамыз.
Операциялық көрініс алу тәсіліне байланысты бухгалтерлік құжаттарды алғашқы (бастапқы) құжаттар және жиынтық (сводные) құжаттар деп бөліп қарастырады.
Алғашқы құжаттардың өзі олардың толтырылатын операцияларының мазмұнына қарай бір рет қолданылатын және жинақталған деп екі түрде бөлінеді.
Бір рет (құжатталатын) қолданылатын құжат арқылы бір ғана операция құжатталады немесе ондай құжат орындалған операцияның соңында ғана толтырылады. Мысалы: тауарды босату үшін толтырылатын накладнойлар.
Жинақталған құжаттарды белгілі бір мерзім аралағанда орындалған бір тектес операциялар жазылады.
Қайталау сұрақтары:
- Бухгалтерлік құжат дегеніміз не?
- Құжаттар қандай ерекшеліктері бойынша ажыратылады?
- Мақсаты бойынша құжаттар қалай бөлінеді?
- Толтырылатын орнына байланысты құжаттар қалай бөлінеді?
- Операцияның көрініс алу тәсіліне байланысты құжаттар қалай бөлінеді?