Алтын жүрек Анамыз


Скачать/Жүктеу

Бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі міндеті
адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен
айналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету
жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәні жоғарыда біз айтқан адами асыл қасиеттерге
жетелейтін, олардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та,
жұмбақ та нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние. Ал, осы
мүмкіншілікті тиімді пайдалану – «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір ұстазға
жүктелген аяулы аманат.
«Дүниенің бар байлығы – баланың бір
тамшы көз жасына татымайды»
Мақсаты:
Қазақстанның Бірінші Ханымы, «өБбек» балалар қайырымдылық қорының
Президенті Сара Алпықсызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани
құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани – адамгершілік
білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың
арманы — өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,
«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған
ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары
арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы
адам атаулыға деген бау ырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу.
Барысы:
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Мен сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын. Шаттық
шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере
отырып, көршілеріңізбен амандасып, тілек айтуларыңызды сұраймын…
Тілектеріңізге көп рахмет. Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық.
Мұғалім:
- Балалар, алтын үжректі, үлкен жүректі деген сөздер қандай мағынада
айтылады?
- Алтын жүректі, үлкен жүректі адамдар деп кімдерді айтамыз?
- Айналаңыздағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап
бағалайсыздар ма? Қалай?
- Адамдар сізге «Рахмет» айта ма? Ал, өзіңіз ше?
Әңгімелесу әдістемелік тәсілі арқылы оқушылардың жана тақырып бойынша не
білетіндерін анықтап аламын.
Мұғалім: Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін
«Алтын жүрек Анамыз» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл
сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының
Президенті Сара Алпықсызы Назарбаеваның сан -салалы қайырымдылық қызметімен
қатар 70 жасқа толу мерейтойына арналады.
Оқушы:
Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
«Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп,
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп.»
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне панамыз,
Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке.
(Т.Молдағалиев)
Оқушы:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатсын болып нан.
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз-түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
(Т.Молдағалиев)
Оқушы:
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару, гүл ату – Жер-Ананың төл ісі.
Жылағанды жұбату – ел-анадан қалған іс.
(Т.Молдағалиев)
Оқушы:
С.А.Назарбаева 1941 жғыыл 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар
ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған.
Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Жұбайы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 3 қыз
балалары бар: Дариға – саясат ғылымының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы
білімді қолдау қорын басқарады; Әлия – бизнеспен айналысады, «Элитстрой»қ ұрылыс
компаниясын басқарады.
Оқушы:
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымды лық қорының негізін қалаушы. «Бөбек»
қайырымдылық қорының Президенті С.Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін
қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін
қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне
мұрындық болды. Соның арқасында жетімдік тақсыретін тартқан бүлдіршіндер
отбасылық ортада өсіп, тәрбиеленіп жатыр. Кәмелеттік жасқа толған соң мемлекет
олардың жұмысқа орналасуына, оқуларын жалғастыруына жағдай жасайды. Жоғары оқу
орындарына түскен жастарға «Бөбек» қоры шәкіртақы тағайындап, көмек көрсетеді.
Оқушы:
«Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге ұйтқы болды.
Еліміз аумғаында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын
ұйымдастыруға бір кісідей атсалысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын
аударып, 1999 жылы «SOS Киндердорф» халқыаралық қорының Алтын медалімен, 2002
жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы: С.Назарбаева үБкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи
атындағы және «Юнита» халықаралақ сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы
Заң қабылданды.
Оқушы:
Бірінші ханым сондай-ақ, Порфирий Ивановтың салқын сумен сауықтыру жүйесін
халық арасында кеңінен насихаттаушылардың бірі ретінде де белгілі.
Оқушы:
2006 жылы мамыр айында скеМуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет
атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының
шешімімен жетім балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені үшін
«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті С.А.Назарбаева «Алтын үжрек»
халықаралық сыйлығының лауреаты болды.
Оқушы:
С.Алпысқызы жалпы имани – рухани адамзатқт ы құндылықтарды
қалыптастырудың, қайта өрлеу жобасының авторы болып табылады. Ол «Өзін-өзі тану»
деп аталады. «Өзін -өзі танудың» философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс
Айтматов атындағы Алтын медальге ие болған еді.
Оқушы:
2010 жылы С.А.Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы, Қазақстанның жас
ұрпағына рухани-тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық жұлдызы» сыйлығы
табыс етілді. Аталмыш марапат білімә неж ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық
салалар бойынша берілетін болса, гуманитарлық бағытта тұңғыш рет бұл награданы Сара
Алпысқызы иеленіп отыр.

Оқушы:
Риза боп үлкендер де, тіпті сәби нәресте,
Балалардың емханасын ашқандығы әлі есте.
«Киндердорф» медалі мен ЮНИСЕФ-тің сыйлығы,
Алтын жүрек Анамыздың мәртебесі емес пе?!
(С.Тыныбаев)
Оқушы:
Өзі аялап, мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.
(С.Тыныбаев)
Оқушы:
Жанарларда нұр ойнап, сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп, құштарланды өмірге.
Әрбір ізі гүл – дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге!
(С.Тыныбаев)
Оқушы:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын мерейтой, Алтын Жүрек Анамыз!
(С.Тыныбаев)
Оқушы: Қиялменен кейде бір аспанға ұшқың келмей ме,
Әлі бала болсам да, таң қаламын мен кейде.
Сара апамыз бір өзі даңқын елден асырып,
«Бөбек» қорын көтерді халықаралық деңгейге.
(С.Тыныбаев)
Оқушы:
Құрметті Сара Алпысқызы! Сіздің қайырымдылық, мейірімділік, ақылдылық адами
қасиетіңіздің арқасында қызметіңіздің лайықты бағасын алып марапатталуыңыз
біздер үшін үлкен қуа ныш, үлкен мәртебе. Сізді жақсы көреміз, рахмет айта
отырып бас иіп құрметтейміз.
Оқу ақпараты:
С. Алпықсызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін -өзі
тануына, өзін -өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі
болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетіне
байланысты болатынын мұғалім түсіндіреді.
«Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін
сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін -өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында
таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс -әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы
мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүрекке
жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін.»
(С. Алпысқызы)
Мәтінмен жұмыс
С.Алпысқызының «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып,
оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады. Төменде
келтірілген сұрақтарға жауап беріп өзара пікір алмасады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін
құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін.
Актриса болуды армандадым өздіам нің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл
таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын
«Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас,
актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым
ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыратуға
болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру
қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен.»
(С. Алпысқызы)
1.Осындай ойлар мазалаған кездерің болды ма?
2. Өзіңе деген сенімділік, өзіңді таба білу дегенді қалай түсінесіндер?
Өзіммен-өзім (әуенді қолдану)
- Балалар, ыңғайланып отырып алындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір өзен жағасына
келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай
ағады. Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың
бізге айтары бар сияқты. Біз өзенге жақындап, ек і қолымызбен бір уыс су
іліп алдық. Су бізге қарап, жылт -жылт етеді. Біз ақлаанымыздағы су
тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызға аялай ұстап тұрмыз. Ал енді
осы сезімімізмен бұрынға қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық. Сендер
алақандарыңа аялай алған осы суды қалай пайдаланар едіңдер?
Балалар жауабы:
- Мен таза болсын деп бетімді жуар едім.
- Мен ас ішерде қолымды жуар едім.
- Мен торғайларға су берер едім.
- Мен оны бөлмедегі гүлге құяр едім. — Мен бұл суды тап-таза судай болайын деп ішер едім.
Шығармашылық жұмыс
Үй тапсырмасы ретінде оқушылар Сара Алпысқызына арнаған тілектерін,
құттықтауларын, суреттерін слайдтар арқылы дайындап белсенділіктерін көрсетеді.
Шығармашылық жұмысты көңілмен шабыттанып орындаған оқушылар еңбектері
марапатталады.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына
айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз.
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі
барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға
жалғайды деп сенемін. Ата-Анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды
сыйлай біл.Ө тірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген
құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, Ата-Анаңа, ең жақын адамдарға
деген бауырмалдық, сүйіс пеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен
сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.»
Жүректен – жүрекке
Балаларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып, Ж.Тұрбековтың сөзіне жазылған
Ә.Еспаевтың «Бақытты балалық шақ» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.

Қолданылған әдебиеттер:
1.С.А.Назарбаева «Өмір әдебі»
2. «Өзін -өзі тану» пәнін оқытатын мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау, Алматы,
2004 ж.
3. «Айқын» газеті, №152, 20 тамыз, 2010 ж.
4. «Өзіндік таным» педагогикалық, танымдық журнал, №3, 2006ж.
5. «Мөлдір бұлақ», №4, 2006ж.
6. Ғаламтор материалы, http://kk.wikipedia.org


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы