Бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі міндеті
адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпен
айналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету
жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәні жоғарыда біз айтқан адами асыл қасиеттерге
жетелейтін, олардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та,
жұмбақ та нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние. Ал, осы
мүмкіншілікті тиімді пайдалану – «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін әрбір ұстазға
жүктелген аяулы аманат.
«Дүниенің бар байлығы – баланың бір
тамшы көз жасына татымайды»
Мақсаты:
Қазақстанның Бірінші Ханымы, «өБбек» балалар қайырымдылық қорының
Президенті Сара Алпықсызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани
құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани – адамгершілік
білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың
арманы — өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,
«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған
ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары
арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы
адам атаулыға деген бау ырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу.
Читать полностью »