Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім


Скачать/Жүктеу

Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:

— Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.

Жиылған халық көп дағдарып:

Үш арсыз: үйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.

Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып, — деп шешіпті.

Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

Сонда Әз Жәнібек хан:

—     Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.

—     Келмеген Қарабас шешен қалды, — депті халық.

Әз Жәнібек Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты:

Сонда Қарабас:

Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой!

Оты жоқ жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім.

Елінен ауған ер жетім,

Тыңдаушысыз сөз жетім,

Жоқтаушысыз қыз жетім,

дейді.

Сонда Әз Жәнібек:

—                Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен. «Қарабас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма? — деген екен.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы