Сөздің атасы мен анасы


Скачать/Жүктеу

Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер келіпті. Түстеніп болған соң Қазыбекке:

—                Сізден бір сөз сұрайын деп едім, — депті. — Бір керуен едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық: «Сөздің атасы кім, анасы кім?»

Қазыбек ойланып қалады.

—                Япырай, өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз, — деп саудагер үйден шығып кетеді.

Қазыбек орнынан ұшып тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа мініп қалған екен.

—                Япырай, саудагердің ісі сарт-сұрт деген рас екен ғой! Артыңа қарамай аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы тағы келіп, саудаңнан қаларсьщ, артыңа қарамайтын болып кет. «Сөздің атасы — бірлік, анасы — шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңе айта жүр!» — депті Қазыбек.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы