Скачать/Жүктеу
Үйсінбай шешенді Қамбар төре сөз бастауға басшы қылып қасына ертіп жүріпті. Үйсінбайдың туысқандары оған мастанып, елге зорлық қылып, малдарын ұрлап жей беріпті. Қуғыншыға теңдік бермепті, Үйсінбайдың тілін алмапты. Балалардың ісі төреге мәлім болып, төре Үйсінбайды шақыртыпты.
Үйсінбай екі рет шақырғанға келмей, үшінші рет шақырғанда келіпті. Төре бұған ашуланып:
— Ей, сен шаңырақ көз ұры, шақырғанға келмей тасиын дедің бе? Екі рет шақырдым — келмедің, — деп қалш-қалш етеді. Сонда Үйсінбай:
Мен келмейін дедім бе?
Есік алды ор болды.
Үйдің арты жар болды,
Бай бетке қонды,
Керей шетке қонды,
Етек-жеңім шолақ болды,
Киюге тоным жоқ-ақ болды.
Кір қолыммен сізге келе алмадым, —
депті.
Сонда төре: «Рас айтады-ау, жорғам!» — деп, ашуын басып, қолын алыпты.