ТӨЛЕ би мен ТҮЛКІ бала


Скачать/Жүктеу

Үйсін Төле би кіші жүз Алшын Әйтеке биге қонаққа келіпті. Әйтеке жақсы қарсы алмапты, жатқан орнынан да тұрмапты. Төле өкпелеп қайтып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:

— Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді, — депті Әйтеке.

—                 Рұқсат етсеңіз, барайын, — дейді Түлкі деген бала.

Бала салт атқа мініп, алдынан орағытып шығып, сәлем беріпті де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.

Бір кезде Төле:

—                 Ай, балам, жол болсын! — дейді.

—                 Әли болсын, — дейді бала. — Рұқсат етсеңіз, бір сұрағым бар еді. — Үш жүз кім?

—                 Қазақтың үш баласы, үшеуі ағайынды.

—                 Ағайынды кісі өкпелессе, немен тарқайды?

—                 Ағайын өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып көрумен-ақ тарқайды.

—                 Ерлі-зайыпты кісі өкпелессе немен тарқайды?

—                 Олар күндіз өсекпен араздасады, түнде төсекпен татуласады.

—                 Ағасы інісіне өкітелесе ше?

—                 «Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бос болады, — деген екен Төле

—                 Төрелігіңізге құлдық, ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып қонақ болып, қайтуыңызды сұрай келдім, — дейді Түлкі бала.

—                 Бетің қайтпаған бала екенсің, бір ашуымды байладым, — деп, Төле би кейін бұрылған екен сонда.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы