
Скачать/Жүктеу

Шиырбай бір байдікіне қонса, мал соймай, жай-жапсарын айтпай алдына ескі ет әкеліпті. Сонда Шиырбай:
Мынау жас ет десем сұр екен ғой,
Шық бермес Шығайбайдың бірі екен ғой.
Әлді деп Қарынбайды естуші едім,
Қарынбай әлі тірі жүр екен ғой, —
депті.
* * *
Көшербай деген байдың қояншық науқасы бар екен. Ауырып жаны қысылғанда ақсары бас құдайы айтып, тәуір болған соң айтқанын соймайды екен. Соған Шиырбайдың айтқаны:
Ауырсаң құдекеңе тоқты айтасың,
Жазылып кетсе «тоқты жоқты» айтасың.
Құдайды бір алдамай бірнеше алдап,
Бір күні Көшекеңді шоңқайтарсың.

Скачать/Жүктеу
